Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаменті - Кардиоцентр | #10450

Жалоба / отзыв
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаменті
Кардиоцентр

Құрметті, денсаулық сақтау министрі! Сізге бұл шағымды жазу үшін көп ойландым. Дегенмен, басқаларға сабақ болсын деген ниетпен, Қызылорда облысының және де Қазалы қаласының мед персоналдарының үстінен шағым айтамын. Себебі, менің 2013 жылғы 4-ші балама туылғаннан порок сердце диагнозы берілді. Қызылорда облыстық балалар ауруханасында 2 рет ем алдық. Үшінші рет барғанымызда бізге: "Жағдайларың жақсарды! Бала жүрегіндегі тесік бітеліп қалды. Қорқынышты ештеңе жоқ "- деп, "қуантып" шығарып салды. Сонымен бізді учеттан да шығарып үлгеріпті. Біз де ол жаңалыққа қуанбасақ, ренжімедік. Биылғы жылдың шілде айында Ақтөбе қаласына барғанда, өзіміз үшін тексеріле салайық деген ниетпен барлық тексеруден өттік. Нәтижесінде: "Сіздің балаңыздың жүрегінің тесігі бітелмеген, тез арада ота жасауымыз қажет деді. Негізі мұндай ота бала 1 жасқа толғанша жасалу керек екен." Сонымен, ота сәтті өтті. Сол баламды уайымдаймын деп, өзім де "киста головы" деген аурумен науқастанып қалдым. Менің бұл жерде шырылдап айтпағым: Егер мен Ақтөбе қаласына ойламаған жерде барып, ойламаған жерден баламды тексеруден өткізбегенімде не болары белгісіз!!! Менің сіздерден сұрарым, әділ шешімін тауып, осы мәселені біржақты етсеңіздер. Мен де қарап қалмаспын! Алдын-ала рақмет!

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс