» » Жұлдыз Клышева - Мадина Султангалиева

Жалоба / отзыв
Жұлдыз Клышева
Мадина Султангалиева

ЖШС Бек Эйр әуекомпаниясының директоры
Жумасултан тегі Дина Нурланқызы
ханымға
 
Арыз

Мен, Құлыш тегі Жұлдыз Арыстанбекқызы «BEK AIR» әуе кемесінің тұрақты ұшқыны, 2017 жылдың, наурыз айының, 17-ші жұлдызында, нөмері Z9-2026 рейсі, Ақтау-Алматы бағытымен ұшып, жайсыз жағдайға тап болдым. Бұл жағдайға себеп, Ақтау қаласындағы BEK AIR ұжымының жұмыскері "Мадина Султангалиева" -деп, өзін таныстырған азаматша болатын.
         Бірінші жағдай: Дөрекілік танытқан азаматша, салмағы 32 келе кұраған, кілем жүгімді өзіммен бірге алып өтуіме рұқсат бермей, балағаттады. Айтарым, салмағы 32 келе құраған жүгім, 3 адам санының салмағы болатын, оның бірі нəресте болса, ал бірі зейнеткер 67 жасатағы анам. Мадинаның тиісіп бастаған саудасы, жүктің салмағы 9 келеге артық 16 000 мың теңге төлеуімді талап еткен. Ең сорақысы жолаушыларға деген көз-қарасы, жермен жексен болғандықтан, шыдамым жетпей, бұл мәселені шешуге білім-ұғымы бар, жолаушылармен тіл табыса білетін маман шақырыға ұсыныс жасап едім, "мында мен главный"-деп, милиция шақырған болатын. Бұндай қылығына анам да шыдамай, қан қысымы көтеріліп, әуежай басшылығымен медбике шақырылып жедел жәрдем көрсетілген. Мадина бұл жағдаймен шектелмей "мен қан қысымы көтерілген жолаушыны жібермеймін" -деп лауазымына лайықсыз әңгімелердің түрін айтқан. Осы жағдайға куə әуежай басшылығы Мадинаға қатысты арыз жазуға ұсыныс берді, уақыттың мүлде жоқтығынан дер кезінде арыз журналға жазылған жоқ. Дегенмен, әуежай басшысы Мадинаның қылығына байланысты, өз атынан, анамнан кешірімін сұрап, келесіде бұндай жағдай болмауына сендірген еді. Өкінішке орай Мадинамен мамыр айының, 5-ші жұлдызында қайта қауыштық.
         Бұл екінші жағдай: "Билетте сəбиімен бірге болуың қажет, ал сенің сəбиің жоқ, мен өткізе алмаймын"-деп 1 сағат 15 минут ұстап өткізбей, тік аяқтан тұрғызып қойды. "Енді бұның себебі неде, кеше ғана Алматы-Ақтау бағытымен кедергісіз ұшып келдім ғой, "- деген сұрағыма, "Алматыда жолаушылар коп, ондағылар бұндай бақылау жасамайды"- деп жауап берді, "енді мәселені қалай шешеміз"-деген сұрағыма, "билетті қайдан алдың, сонда хабарласасың"-деп, жұлқына түсті. Қысқасы "aviata.kz" қызмеркері Мадина Ералиевамен де жақтасып,   сөзге келді. Ақыр аяғы бұл мәселені шешу қолынан келмегендіктен, "теперь я из-за вас должна переделать весь отчет"-деп, сүзіп алғаны, тағы бар. Ал мен сол күйі өзгеріссіз сəбилі-ана ретінде өткенмін, бірақ өкініштісі онлайн регистрация жасап, 3-ші қатардан орын белгілегенімді, 22-ші қатардағы орынға, менің еркімсіз өзгертіпті. "Неге бұлай жасадың? "- деген сұрағыма. "Бұл орын балалы аналардын орыны"- деген. Ал ұшақтың ішіне кіре салысымен 3-ші қатардағы орында 4 ер адаммен 1 әйел адамның, барлығы да баласыз отырғанын көріп, жолаушылар қызметкері Рустам Ибрагимов мырзаға ауызша арыздандым. Рустам мырза Мадинаның онлайн белгіленген орындарды өзгертуіне құқығы жоқтығын айтқан. Айта кететінім Ибрагимов Рустаммен Ералиева Мадина да бұндай жағдайда арызданғанымды жөн санап, қолдау көрсетіндерін айтқан. Ал Мадина 1:15 уақыт аралығында басқа да жолаушыларға қатысты екі рет милиция шақырып, ол жолаушылармен де керісіп улгерген болатын.

Сұрағым:
1. Не себептен өзім онлайн регистрация жасаған 3-ші қатардағы орынды 22-ші қатарға ауыстырды?
2.Мадина неге сонша жолаушыны, өзімен кəсіптес авиата қызметкерлерін ауре-сарсаңға салып, ақырында түк өзгеріссіз өткізді? Сонда қызметін асыра қолданып (превышение полномочий) бекерден-бекер жолаушыларды балағаттағаны ма? мақсаты не болғаны Мадинаның? (Мадинаның өз түсініктемесінен мүмкін болса)
3. Не себептен 3 адам санына (билетке) 32 келе салмақты өткізбеді? Сонда 1 билетке неше келе болғаны?

Ұсынысым:
Болашақта, Мадина Султангалиеваны жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі өте төмен екенін ескеріп, дәрежесін асыратын оқу-орындарына оқыту, адамдармен қарым-қатынас жасамайтын, тек қана құжаттармен жұмыс жасайтын бөлімшеге аудару. Не болмаса жұмыстан босатылуын қарастыруыңызды сұраймын, өйткені, "Бір құмалақ-бір қарын майды шірітеде" демекші, Султангалиева Мадина BEK AIR ұжымына нұқсан келтіретіні анық!

Жұлдыз.


Обидчик: Жұлдыз Клышева

Страна: Казахстан   Область: Мангистауская область   Город: Актау   Индекс: 130000
Адрес: 30 мкр, 166 дом, 21 квартира
Телефон: 77775255787

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: