Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: Жамбыл облысы Тараз қаласы ақыл-есі кем балалар интернат үйі - Жамбыл облысы Тараз қаласы ақыл-есі кем балалар интернат үйінің бір топ тәрбиешілері мен күтушілердің жан айқайы | #9705

Жалоба / отзыв
Жамбыл облысы Тараз қаласы "ақыл-есі кем балалар интернат үйі"
Жамбыл облысы Тараз қаласы «ақыл-есі кем балалар интернат үйінің» бір топ тәрбиешілері мен күтушілердің жан айқайы

Біздің арыз беріп отырған себебіміз, ақыл-есі кем балалар үйіндегі өрескел кемшіліктерді жанымызға қатты батқандықтан баяндағалы отырмыз. Бұл ұйымда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ деп естиміз, бірақ бұл ұйымда нағыз жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық осы ұйымда. Бұл ұйымда «балық басынан шіриді» демекші басшымыз Қожамқұлова Индира Ермекбайқызы ешқандай бала күтушілерге, тәрбиешілерге еш жұмыс істеуге мұрша бермейді. Кімнің таныс-тамыры мықты және өз қалтасына пара салғандарға жұмыс бар, ал қарапайым біз сияқтыларға жұмыс істеткізбейді. Әр сәрсенбі сайын өзіміздің еңбек шартымызға сәйкес емес түнгі кезекшіліктен кейін топты жинастыруға және жиналысқа мәжбүрлі түрде алып қалады. Біз түнімен ұйыктамаймыз, өйткені қатты науқас балалар әр сағат сайын, минут сайын талма аурулары ұстап тұрады. Біз соларды түнімен ұйықтамай қарап шығамыз. Науқас балалар ауырып, ауруханаға түскен жағдайда да бала күтушілер, тәрбиешілер ауруханаға түннен шығып, күндізгі кезекшілікке, күндізгі кезекшіліктен шығып, түнгі кезекшілікке мәжбүрлі түрде жібереді. Бұл ұйымда бала күтушінің ешқандай құқығы жүрмейді. Басшымыздың қалтасы қалың, қарны тоқ, ұйқысы тыныш болған соң, бала күтушілермен санаспайды, құқығымызды аяқ асты таптайды. Өйткені оның ойы бала күтушілер оқымаған, надан ретінде қалыптасқан, бізді адам ретінде санамайды. Оны жиналыс сайын ашық түрде өзімізге айтып отырады.
Басшымыз Қожамқұлова И.Е. жылына бір келетін сыйақының өзін қалтасынан төлейтіндей бізге түгелдей бермейді. Өйткені сыйақының күні жақындаған сайын бізге болмайтын нәрседен түсініктеме жаздырып, болмаса жала жауып, қатты сөгіс бергізіп, сыйақыны алып тастайды. Өкіметтен берілген сыйақы қайда кетіп жатыр? Өз қалталарына түсіп жатыр. Мүгедек балаларға берілген көмекті киімдерді, ойыншықтарды балалардан көрмейміз. Құрбан айтта құрбандыққа шалынған малдарды үш күн айтта 30-40 қой еттерін көрмейміз. Үш күннен соң ет жоқ деп, етсіз тамақ беріледі. Қысы-жазы ауру балалардың жейтін тамағы тұздалған, ашыған қырыққабат. Оны қуырып та, сорпа қылып та береді, балалар оны сүйсініп те іше алмайды. Сол кезде өкіметтен бөлінген еттер, азық-түліктер қайда кетеді? Кешке қарай әкімшілік тарапынан барлығы бөлісіп алады, астыларында бір-бір машина. Мысалы, басшымыздың өзі осы қызметке келгеніне енді бес жыл толды, келгеніне екі-үш жыл толмай астына 40 мың долларға KIA автокөлігін, төрт бөлмелі орталықтан баспана алды. Бұл ақшаның барлығын қайдан тапты деп ойлайсыздар? Біз баспана, машина алмақ түгілі өмір бойы жұмыс істесек те қолымыз жетпейді. Басшымыз ұйымды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Басшымыз өз орнын асыра пайдаланып, этика мен эстетиканы ұстамай дөрекі сөйлеп, қорқытады. Бұнысы дұрыс па?!
Осы ұжымда директордың немере інісі жұмысқа алынды. Немере інісі өзінің жұмыс уақытысында күнделікті спиртной ішіп келеді де, науқас балаларды ұрып-соғып, қолын сындырады. Ал оған ешқандай жаза қолданбайды. Не жиналысқа салынбайды, не жұмыстан шығарылмайды. Ал осының орнында қарапайым бала күтуші болса, ешқандай шара қолданбастан, статьямен шығарып та жібереді. Сонда бұл жерде әділдік қайда? Осы ұйымдағы басшының орынбасары Бейбазарова Қарлығаш Жалғасқызы «Ана мен баланы қорғау» орталығында өз қызметін асыра пайдаланғандықтан қызметкерлерге жұмыс үстеуге күн бермегендіктен сол орталықтан статьямен кеткен адам бізге басшының орынбасары болып жұмысқа орналасты. Орналасқан күннен бастап, бізге жұмыс істеуге тыныштық бермеді. Науқас балалар аяқ астынан құлап қалса да, денелері сәл көгерсе де бізді кінәләп, мәжбүрлі түрде өз қалауымен түсініктеме жаздырып алады. Осы түсініктемені екінші рет жазатын болсақ, бізді еріксіз жұмыстан шығарады. Егер қалтасын қалындатып, пара салсақ сол адам жұмыс орнында қалады. Бұл жерде де әділдік жоқ! Біз өз еркімізбен жұмыстан кетпесек немесе қателік болмаса, бізді артымызға адам салып, жала жауып, статьямен жұмыстан шығарамын деп қорқытады. Ал өзі статьямен шығып отырып, ақшаның күшімен бізге басшының орынбасары болып отыр. Бұл жерде заң бар ма? Заң болса неге бұны тексеріп, қадағаламасқа?
Осы ұйымның бас дәрігері Құдайбергенова Кенжекүл Оразбайқызы, науқас балаларға құдайдың жіберген ауруы аздай, аурудың үстінен ауру қосып, нақты диагноз қоя алмайды. Соның кесірінен бірнеше бала қайтыс болды. Мысалға алатын болсақ, соны бір айғағы Қасымбекова Жазира. Бұл қыз осыдан бір жыл бұрын жүгіріп, ойнап жүрген қыз болатын, аяқ астынан күндіз-түні жылап, қатты мазасызданғаннан кейін өзі диагноз қоя алмағандықтан, қалалық ауруханаға алып барып, тексертіп, диагнозы лейкоз (ақ қан) деп тапты. Осы уақытқа дейін лейкоз екенін білмеген. Бұл науқас ерекше күтімге алынып, қарау керек еді. Осы бас дәрігердің салғырттығынан диагнозын дұрыс қоя алмағанның салдарынан осы науқас қайтыс болды. Бұдан да басқа өрескел оқиғалар болып жатады. Мысалы, Жакипов Абылай жүгіріп, ойнап, қашып, шауып жүрген бала болатын. Дұрыс диагноз қойылмағандықтан, дұрыс екпелер егілмегендіктен дәрілер уақытылы берілмегендіктен, мешел, сал ауруына шалдығып, өздігінен жүре алмайды, не жөндеп тамақ іше алмайтын жағдайға жетті. Осы ұйымда науқастардың арасында туберкулездің ашық түрі жүріп жатыр. Оны елеп жатқан басшылар жоқ. Осы туберкулез ауруымен ауырған балаларды сендер қатты желдетіп, ауырттыңдар деп бізден көреді, жала жабады. Бас дәрігердің барлық ауруға қоятын диагнозы – желдету. Басқа диагноз қоя алмайды. Осы туберкулез ауруына байланысты біз өз денсаулығымызға қатты алаңдаймыз. Осының бір дәлелі ретінде Колябек Балауса деген тәрбиеленуші қыз осы ауруға шалдықты. Оны бізге айтпай, астыртын түрде емдеп жатыр. Ал біз қызметкерлер туберкулез ауруына шалдықса, біздің денсаулығымызға кім жауап береді. Осы ұйымдағы науқас балаларға өкіметтен бөлінген дәрі-дәрмектер, дәрумендер, памперстер дұрыс берілмейді. Мысалы, памперстің өзін әр балаға күніне үшеуден берілуі керек, берілген памперс екі ауыстырғанға жетеді. Ол ауру бала болғандықтан, бұтына сиіп, үлкен дәретін жіберіп қояды. Біз памперс ауыстыратын кезде, памперс жеткізе алмай, қатты қиналамыз. Көктем, күз айларында балалардың аурулары қатты қозады. Ол кезде балаларды ұстау мүмкін емес. Балаларға бөлінетін дәрінің өзін санап береді. Соның салдарынан қатты қозғанда қасындағы тыныш отырған балаларға шабуыл жасайды, басын ұрып, жаруы, болмаса денесін көгертуі мүмкін. Дәрінің жеткіліксіз берілуі жағдайына байланысты балаларды игере алмай қаламыз. Сол үшін бала күтушілер кінәлі болады. Дәріні уақытысымен түгел берілсе, бұндай жағдай болмас еді. Осындай жағдайларға байланысты бала күтушілері мен тәрбиешілер жазықсыздан жазықсыз жұмыстан қуылып жатыр. Бұл жерде де әділдік жоқ!
Әр жиналыс сайын бізде жұмыста қысқарту болады деп, қорқытады және жұмыстан шығарады да, ізін суытпай кеткен адамның орнына 150-200 мың пара арқылы адамдарды жұмысқа алады. Бұл да сыбайлас жемқорлық емес пе? Жұмыстан шыққан адамдар қайда барып күн көреді?
Осы ұжымның бас есепшісі Оспанова Гүлзада 20 жылдай жұмыс істеп отыр. Өзіне көмекші есепші қылып айтса айтқанына көнетін Жазира сияқты адамдарды алады. Жалақымызды екеуі қосылып, дұрыс есептемей, ай сайын жалақымызды жеп отыр. Жылына бірнеше тексерістер әр саладан келіп, бас есепшіні тексереді. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ, себебі бас есепшіміз келген тексерістерді қалтасын қалыңдатып, ақшаға сатып алады. Бас есепшінің көмекшісі Жазира туар-туғанша сол орнында декреттік демалысқа кетпей, тууға сол жұмыс орнынан кетті. Орнына адам алмай, жұмысын әлі де үйінде жалғастырып отыр. Жұмысшылардың айлығын үйінде есептейді. Декреттік демалысқа кетпей өкіметтен бөлінген ақшаны және есепші ретінде үйінде айлық алып отыр. Бұған заң жоқ па?!
Бас есепшімізд де, көмекшісінде де екі-екіден астарында машина. Басшыларға ақша қайдан келіп жатыр?! Қарапайым жұмысшылардың қалтасын қағып, еңбегімізді қанап отыр. Бұл жерде де әділдік қайда?! Біз аты-жөнімізді жазуға қорқамыз, өйткені басшымыз өз өзіне сенімді адам, құдайдан қорықпайтын адам! Ол қарапайым халықты қайтсін, өзінің қалтасы қалың, қарны тоқ болған соң. Біздің осы арызымызды тыңдар құлақ болса, тексеріссіз қалмас деп ойлаймыз.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс