Жалобы и отзывы » Образование » Жалоба / отзыв: Домолданова Алма - ҰБТ жайлы | #6048

Жалоба / отзыв
Домолданова Алма
ҰБТ жайлы

Сәлеметсізбе, Аслан Бакенович! (Бұл хат сізге жете ме, жетпей ме белгісіз, бірақ жазуды жөн көрдім). 2015 жылы 2 маусым күні менің қызым Сағымбекова Айнұр ҰБТ тапсырды, нәтижесінде 109 балл алды. Менің қызым "Алтын Белгі" иегері болатын, оған ағылшын пәнінен 2 балл жетпей қалды. Келесі 3 маусым күні апелляционды комиссияға бардық, тест белгілеу кезінде болмашы қателіктер жіберген, соны қызым дәлелдеп өз ойын жеткізді, бірақ комиссия қызымның сөзіне "мән бермеді", содан еш нәтиже шықпады. Менің қызым Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының №16 қазақ мектебінің түлегі, осы қаладағы жалғыз қазақ мектебі 12 жылдық бағдарламамен оқытылған. Жыл бойы байқау тестері 12 жылдық бойынша 2 ақ рет өтілді. Таңдау пәні ағылшын тілі болатын, менің қызым зерек бала, жарыстардан, олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болған. 2 жыл бойы “OXFORD TEAM” тілдер орталығында тәлім алды. Ағылшын тілінен жоба қорғап, өте жоғарғы бағаға ие болды. Мектепке 12 жылдық оқу бағдарламасын енгізілген кезде, бізге (ата-аналарға) жеңілдіктер болады деп «жылдар бойы» сендіріп келді, бірақ бұл «сөз» жүзінде ғана қалды. Бұл балалар эксперимент сыныбының алғашқы «қарлығаштары». Сонда бұл қалай болды? Менің сұрайын дегенім, биылғы енгізілген өзгертулер бойынша, егер бала жыл бойы 5-ке оқып келіп, ҰБТ-дан 4 алып қалды, енді қызыма "Алтын Белгі" беріле ме? Сізден асыға жауап күтемін, алдын-ала ризашылығымды білдіремін. электронды почта - [email protected]

Дата публикации:

Обидчик: Домолданова Алма

Страна: Казахстан

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс