Жалобы и отзывы » Образование » Жалоба / отзыв: Министерство образования и науки РК - Құрметті, Аслан Бекенұлы мырза | #6836

Жалоба / отзыв
Министерство образования и науки РК
Құрметті, Аслан Бекенұлы мырза

Құрметті, Аслан Бекенұлы мырза
Осы уақытқа дейін шағым хат жазып көрмеп едім, кішкентай немере қызымды қорғайын деп, жазып отырмын.
Жазғы 3 ай демалыстан соң, балалар сүйікті мектебіне баруға, ұстаздарымен, сыныптас достарымен кездесуге асығатыны белгілі ғой.
Осындай қуанышты, сағынышты сезімде жүрген, Астана қаласының №52 мектебінің 5 «а» сыныбына көшкен немере қызым Амангелді Мединаның 1-4 сыныпта оқытқан Қаншайым апайы 1-қыркүйек күні "Алғашқы қоңырау мерекесін әнмен ашып беруін өтініп, хабарласты". Қызым Медина бұрын да мерекелерде ән айтып, би билеп, мектепте өтетін шаралардан қалмайтын. Осы жолы да 30, 31 тамыз күндері қалмай мектепке дайындыққа барып отырды.
1-ші қыркүйек күні таңертең, қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап мен: Алғашқы қоңырауда ән айтамын, -деп мектебіне барды. Анасы үстіне бірінші қыркүйек болғандықтан, басына ақ бантигін байлап, ақ жағасы бар, түсі қара көк, осы мектептің талабына сай форма көйлегін кигізіп әп-әдемі етіп, мектебіне үйден шығарып салды.
Мектебіне қуанып келген 10 жасар немере қызымды №52 мектеп директоры Ұ.Байтасова ханым сұқ маусағын шошайтып: әй, қыз, кел бері деп, қасына шақырып алып, бүкіл жиналып түрған халықтың көзінше (оның ішінде, ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар, музыканы қосушылар т.б. ) бар баланың көйлегінің иығынан қатты тартып қалып, қабырғаға қарай итеріп кеп жібереді. Сосын ол аздай, жетіп барып, иығынан, білегінен жұлқылап, сілкілеп тартып, тартып, ұрып жібергендей күйге түсіп, нұқып: сен неге ақ көйлек киіп келмедің, мынауың не, мына менің мектебімде ешкім де қара көйлек кимейді, бар кет үйіңе, көзіме көрінбей деп, баланы қуып жібереді. Мектеп басшысы, ұстаздың ұстазы, педагогтың айтып тұрған сөзі, ешкімді көзіне ілмей, ешкіммен ықпай, "менің мектебім" деп, кеудесін соғып, жұдырықтай қызға көрсеткен әлім жетілігін қараңыз.
Баланы үйден шығарда, бүгін сен мектебіңе ән айтуға бара жатырсың ғой, ұялы телефоныңды үйге қалдырарсың дегенбіз. Содан, қыз баланың директордан көрген көрешігін байқаған бір мұғалім ағай баланы аяп, телефонын беріпті. Сол телефоннан анасына звондап, сөйлеуге шамасы жоқ, қорс-қорс жылап, мені алып кетіңіздерші, -дейді. Зәресі ұшқан анасы, жұмысынан шыға алмай, баланың әкесінің баруына тура келеді.
Әкесі келіп, қорс-қорс жылап тұрған қызын көреді де, болған мән-жайды естіп, мектеп директорының кабинетіне кіреді. Апай, мынауыңыз не, баланың быт-шытын шығарғыныңыз, үйден әп-әдемі киіндіріп, мектепке әкеп салдық, ән айтамын деп қуанып келген балаға қол көтеруіңіз ұят емес пе, педагогқа жат қылық қой. Берген тәрбие, өнегеңіз осы ма? -десе, баланы кабинеттен шығара тұрыңызшы, жеке сөйлесейік, -депті Байтасова ханым. Сіз сөйлесуге де тұрмайтын адамыз, ұятыңыз жоқ. Сіздей басшы тұрғанда баламды осы мектепке қалдыра алмаспын деп, көзі-басы іскен, жылаған басы ауырған немере қызымды әкесі үйге алып келді. Басқа балалар мектептерінен қуанып келсе, біздің қызымыздың жағдайы осындай болды.
Негізінен, немере қызым 6 жыл болды бронхоастмамен ауырады, дәрігерлік есепте тұрады, жүрегінің де ауырып қалатыны бар. Үйге келген соң, астмасы ұстап, дем ала алмай, ауырып та қалды. Анасының медициналық көмек көрсетуіне тура келді.
Мен де 18 жасымнан бастап, ұстаздық етіп білім, саналы тәрбие беріп, университетте студенттерге дәріс берген ұстаз едім. Өзге ұлт өкілдері арасында да зейнеткер қатарындамын. Ұлттық тіліміздің дамуына өз үлесімді қосып келдім. Бірақ, Ұ.Байтасовадай оқуышсына жылуы жоқ, адамгершіліктен жұрдай, мектеп ұжымына басшы болып отырған сөзі дөрекі, менменшілік, кеудемсоқ, екі жүзді басшының керегі не? Басшы осындай өнеге көрсетсе, басқа мұғалімдерге не кінә? Оларды түсінуге де болады.
Оқушыға "кет үйіңе" дейтіндей, ол кім? Балаларды солай қуса, ол кімді оқытады әлде шын мәнінде №52 мектеп Ұ.Байтасова ханымның жеке меншігіндегі мектеп пе?
Осындай дөрекілікке жол бермей, тиісті шара қолданып, Ұ.Байтасова ханым баланың жазықсыз көз жасының жауабын тартады, -деген үмітпен, ашынғандықтан, өзіңізге шағым хат жолдап отырған-зейнеткер қатарындағы ұстаз-Қайыржанова Сағат Махметқызы.
Шағым хатым жауапсыз қалмайды деп үміттенем, ұялы телефон нөмерім: 8-702-467-47-08.

Дата публикации:

Обидчик: Министерство образования и науки РК

Страна: Казахстан   Область: Астана   Город: Астана
Телефон: 87024674708

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс