Жалобы и отзывы » Образование » Жалоба / отзыв: Министерство образования и науки РК - 3 айлық курсқа байланысты | #7038

Жалоба / отзыв
Министерство образования и науки РК
3 айлық курсқа байланысты

Сәлеметсіздер ме? Мен Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылында Өжек Жаңабаев атындағы орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі болып ждұмыс істеймін. 2014 жылы 3 айлық курстың І деңгейін оқып бітіргенмін. Бірінші емтиханнан өте алмай келесі екінші потокпен 18 мамыр 2015 жылы емтиханнан өтіп қолыма сертификат алдым. Енді биыл 2015-2016 оқу жылына бухгалтерияға сертификатымды өткізейін деп апарсам биылғы оқу жылына деңгейлік курстың ақшасы төленбейді деді. Облыстан осындай бұйрық келген соны басшылыққа алып отырмыз деп қайтарды. Сонда біз не үшін үш ай бойы бала-шағамызды тастап осы курсты оқыдық? Емшектегі баламды тастап үш ай бойы жүрдім ғой. Кішкене болсада 40 мың теңге жалақымызға ақша қосылсын дедік қой. 2017 жылғы ЕКСПО-ға байланысты ақшаны үнемдеп жатырмыз дейді. Сонда біреулер мемлекеттен бөлінген бәленбай миллион ақшаны жеп кетеді де жазаланбайды, ал үнемдеуді өзі де аз алатын мұғалімдердің қалтасына түсіп үнемдей ме сонда? Біз кімге шағымданамыз. Осы сұрақты маған шешіп берулеріңізді сұраймын.
Шағымданушы Серік Эльмира Серікқызы 872777-22320, 87051451334

Дата публикации:

Обидчик: Министерство образования и науки РК

Страна: Казахстан   Область: Алматы   Город: Алматы

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс