Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Поликлиника № 4 г. Алматы, Бостандыкский район - Дәрі дәрмек, емделу шипа жайына жіберу мәселесі | #11801

Жалоба / отзыв
Поликлиника № 4 г. Алматы, Бостандыкский район
Дәрі дәрмек, емделу шипа жайына жіберу мәселесі

Мен Галиева Назикул Алматы қаласы, Бостандық ауданына қарасты қалалық № 4 емханада тіркеудеміз. Балам Құрбанбаев Арлан Бакытович бала кезінен мүгедек. Осы уақытқа дейін балалар емханасына тіркеуде тұрып, ем-дом, керекті дәрі-дәрмектерді уақытында алып тұрдық. Қазіргі таңда балам 15 жасқа толып, үлкендер емханасына ауыстырылды. Бұған дейін де кейбір келеңсізіздікке тапап болғанбыз, жылдың аяғында дәрі дәрмектер болмай қалады, осыны дұрыстап есептеп бюджетке неге дұрыстап енгізбейді?
Мәселенің бәрі осы ауысқаннан басталды. Үлкендер емханасына ауысқаннан кейін бізді "Жүйке" аурулар дәрігері Муканова Карлыгаш Шанигметовна бізді тіркеуге алудан бас тартып отыр. Бөлім басшысы мен бас дәрігердің орынбасары айтса да, бұған дейін қай жерде тіркеуде болды сол жердегі дәрігер қалтасынан қаражат шығарып дәрі дәрмегін берсін деп басшылардың есігін тарс жауып шығып кетті, бұл кісі басшылардың алдында осындай оғаш мінезін көрсетсе, басшылар жоқ жерде науқастармен қалай сөйлесетінін сезіп отырған шығарсыздар деп ойлаймын. Науқас адамдармен сөйлесуді мүлде білмейді, өте дөрекі сөйлейді. Мен баламды туғанда "Алла тағаладан" ауру бала сұраған жоқпын, балам дәрісін уақытында қабылдау керек, қазіргі таңда дәрісі жоқ, баламның ұстамасы жиі-жиі ұстайды, егер менің балама бірдеңе болса осы дәрігер жауапкершілікті өз мойнына ала ма? Біз сияқты ата аналардың жан айқайын кім тыңдайды, бұл дәрілер дәрігердің рұқсат қағазынсыз еш жерде берілмейді, сонда мен ауру баламмен не істеуім керек? Егер ертең ұстамасы ұстап балам өліп кетсе кім жауапты? Осы мәселеге байланысты менің мүддемді қорғап, осы дәрігерге қатысты қатаң шара қолдануыңызды сұраймын. Егер келген науқастарды дұрыс қабылдауға жүйкесі көтермесе, емхана басшысы зейнет жасындағы дәрігерлерді не үшін ұстайды, орнын жас мамандарға босатсын. Біз бұрын жылына 2-рет ауруханаға жатып емделетінбіз, қазіргі таңда ол да жоқ, демалу шипа жайына да жібермейді. Осы мәселерлерді оңтайлы шешеді деп сіздерге мұң-зарымды шағып отырмын. Айта берсең мәселе көп...

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс