» » Министерство здравоохранения РК - БЛАГОДАРНОСТЬ

Жалоба / отзыв
Министерство здравоохранения РК
БЛАГОДАРНОСТЬ

Ақ халатты жандарға мың алғыс
Адам мен ажалдың арасындағы адамға ең бірінші Алла көмегін берсе, Алладан кейінгі адам жанының арашасы ақ халатты жандар екендігі бәрімізге белгілі. Пендешілікке салып сол жандардың біліктіліктерін, білімдерін сөз қылып, асқындырған ауруымызға да, жазатайым жағдайға да, оқыс оқиғаға да сол жандарды кінәлап жатамыз. Алайда сол жандардың арқасында ауруымыздан айығып, шүберекке түйген жанымызды сол жандардың арқасында аман алып қалып жататынымызды біз паш етіп айта бермейміз.
Мен, Наурызбаева Рауза Рахымқызы, Сәтпаев қаласының тұрғынымын, зейнеткермін. Жасымыз ұлғайған сайын денсаулығымыздың сыр беруі жиілеп, аурухананың маңайына да барғыштап кетіп жүрміз. Осы сәуір айында Жезқазған қаласындағы көп қабатты аурухананың неврология бөлімінде жатып шығып, жауырын астында пайда болған безді алдыру керек деген қорытындымен, портал күтуге үйіме шықтым. Ота жасауға порталды күтіп жүргенде, аяқ астынан ішім түйіліп, құлап жедел жәрдеммен түнгі сағат 23.30-да Сәтпаев қалалық аурухананың хирургия бөліміне түстім. Кезекшілікте жүрген хирург-дәрігер Рахматуллаев Фаррух Фуркатович УДЗ құрылғысыз-ақ бірден «іштен грыжа, шұғыл түрде ота жасау керек, дайындаңдар» деп медициналық қызметкерлеріне бұйрық беріп, өзі шығып кетті. Айналдырған жарты сағаттың ішінде не болып, не қойғанын біле алмай, медбикелердің айтқанын істей бердім. Сыртқа шығып кеткен дәрігер үйіне барып грыжаға салынатын тор (сетка) алып келген екен. 2 сағатқа созылған ота бірінші Алла, екінші сол кісінің арқасында сәтті аяқталып, реанимациядан келесі күні палатаға ауыстырылдым.
Менің мұндағы айтпағым, бар жоғы 32 жаста бола тұра, білікті маман екен екенін көрсете білген Фаррух Фурхатұлы біліктілігімен қатар, адамгершілігі, пациентіне деген жанашырлығы, өз ісіне деген адалдығымен мені тәнті етті. Үлкен кісінің отадан кейінгі жағдайы белгілі. Өз аналарын күткендей қараған операциялық аға медбике Гүлмира Сапарқызы Мурзабаеваға, хирургия бөлімінің аға медбикесі Айнұр Қойлыбайқызы Уткельбаеваға, медбикелер Раушанға, Әсемге, Гүлжанға, Сәнияға, санитарлық жуып тазалаушылар Әшкен, Шолпан, Гүлзатқа үлкен аналық алғысымды айтамын. Осындай білікті мамандарды шоғырлап отырған аурухана директоры Жомарт Мұзарапұлы Ахановқа да үлкен алғысымды айтамын.
Менің денсаулығыма қол ұштарын тигізіп, шынайы көңілдерімен қараған жандарды мына келіп қалған Кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.
Жанұяларына амандық, саулық, қызметтеріне жетістік пен сәттілік тілеймін.
Құрметті Ержан Шәкірұлы! Атқаратын қызметтеріне адал осындай жандарға олардың кәсіби мерекелері қарсаңында сіздің тарапыңыздан, яғни, басшылары тарапынан бір мадақтау болса екен деген аналық өтінішімді білдіремін.
Рауза Наурызбаева
Сәтпаев қаласы, Ерден көшесі, 153-43. 87773515381



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: