Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Министерство здравоохранения РК - Медициналық қызмет | #5013

Жалоба / отзыв
Министерство здравоохранения РК
Медициналық қызмет

2015 жылдың 31 қаңтары күні әпкем Жеткергенова Гүлмира Қаналықызына асқазаны ауырып жедел жәрдем шақырдық. Өзі жүктіліктің 35-36 аптасында, келген жедел жәрдем дәрігері Сейтжанова аға дәрігеріне телефонмен хабарласып қайда апару керектігін сұрады. Сағат 02:00 дер шамасында ана мен бала орталығына апарды. Ондағы дәрігер Байдаулетов науқастың гинекология жағынан қауіп жоқтығын хирург дәрігер қарау керектігін айтып облыстық медицина орталығына апарыңдар деді. Ондағы хирург дәрігер Қуанышбаев науқасты қарамақ тұрмақ сөйлескен де жоқ, науқасты қалалық ауруханаға апарыңдар деді. Ал жедел жәрдем дәрігері Сейтжанова қайтадан аға дәрігеріне хабарласып не істеу керектігін сұрады. Ол қалалық аурухананың қабылдамайтынын айтып ана мен бала орталығына қайта апару керектігін айтты. Осылай науқасты әр жерге сілтеп жүргенде арада 1 сағат уақыт өтті. Науқас әпкем ауруы жанына батып жүре алмай қалды. Жедел жәрдеммен қайтадан ана мен бала орталығына бардық. Ондағы дәрігер Байдаулетов қолымнан ешнарсе келмейді, мен хирург емеспін бірақ палатаға жатам десеңіз қабылдаймын деді. Дүйсенбі күнге дейін күтесіз сосын хирург шақыртамын деп жауап берді. Сонда науқас күтетін зат емес қой. Ауруы асқынып өміріне не іштегі баласына зиян келсе кім жауап береді. Жедел жәрдем тіпті мұндай жағдайда науқасты қайда апару керектігін де білмей ме деген сұрақ туындайды. Дәрігерлердің қолынан ешнарсе келмеген соң науқас әпкемді қайтадан үйге алып келіп, тыныштандыратын дәрі салдық. Өз аяғымен барып тұрған науқасты қай ауруханаға барса да қарау керек қой. Сонда дәрігер адам жанын арашалаудың орнына науқасқа не болса да бәрібір болып тұр ма деген сұрақ туындайды. Ана мен бала өмірін қорғау деген мәселені қайда қоямыз сонда? Облыстық медицина орталығының хирург дәрігері Қуанышбаев ең болмаса ауруы жанына батқан науқасқа не істеу керектігін де айтпады. Мұндай жағдайда қарапайым халық не істейді сонда, мұны бақылайтын тараптар бар ма? Осы мәселенің оң шешімін тауып жауап берулеріңізді өтінемін. Жеткергенова Эльмира Қаналықызы 87022361222 Қызылорда қаласы

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс