Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Больницы » Жалоба / отзыв: ӨТІНІШ!!! | #4880

Жалоба / отзыв
ӨТІНІШ!!!

Құрметті министр ханым Тамара Қасымқызы. Мен Құлмурат Мақсат Абдіманапұлы, Ақмола облысы "Перинаталдық орталықта" дәрігер анестезиолог-реаниматолог болып қызмет атқарамын. Осыдан бірнеше ай бұрын сіздің сайтыңызға жазған өтінішімнің нәтижесі жоқ болуына байланысты сізге қайтадан өтініш жазуға тура келді. Сізден сұрайтыным менің өтінішім қаралдыма, қаралса нәтижесі не болды? Нәтижесі жоқ болса жас маман біздер ешкімнің қолдауынсыз қала береміз бе? Егер нәтижесі болса Айыртау орталық аудандық аурухана бас дәрігері Молдахметов С.Ғ.-қа қандай ұсыныс бердіңіздер? Мен келісім шарт бұзған жоқпын, мені сотқа беріп еді, сот шешімі шығып, маған бір миллион теңге төлеуді артып отыр, менің миллион теңге төлейтін мүмкіндігім жоқ. Мен сол бір медицина саласында жұмыс жасаудамын, мен өзімнің тұған жерім Қазақстанда өз қызметімді мүлтіксіз атқарудамын, халыққа қызмет көрсетуден бас тартқан емеспін, барлық экстремальді жағдайға дайынмын, оған білімім жеткілікті, практикалық тәжірибемді жоғары деңгейде атқара аламын және басқа шет мемлекетке қашып кеткенім жоқ және де мен үйдің үлкенімін, екі ініммен, екі қарындасымның оқуына көмектесудемін, олар ақылы түрде оқуда, жанұямды құрып үлгергенім жоқпын, әкем мен шешем жұмыссыз, әкем ауған соғысының ардагері, шешем зейнеткер. Маған дейін бірнеше дәрігерлер келісім шарт бойынша келіп жұмыс жасаған, бас дәрігер ол кісілерді сотқа бермекті гөрі ақшаларын қайтаруды талап та етпеген. Неге соншама мөлшерде ақша төлеуім керек? Жақын ұақытта жедел түрде толық шешім қабылдап беруіңізді өтініп сұраймын.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс