Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Мүгедектікке қалай шығады? - Мардымды жауап кімнен аламыз? | #6374

Жалоба / отзыв
Мүгедектікке қалай шығады?
Мардымды жауап кімнен аламыз?

Сәлеметсіздер ме?! Мен Роза Дүйсенбайқызы әкем, Алиакбаров Дүйсенбай Шаймұратұлы 14.10.1956 жылы туылған. Павлодар облысы, Екібастұз қаласына қарасты №2 емханаға қаралады. Қан қысымы үнемі 180-190 болып жүреді, артериалдық гепертоник ретінде кезекте тұр және кардиолог, неврапотологта да тізімде бар. 2013 жылдың қыс айында Павлодар облыстық №2 ауруханасында жүрек тамырларына коронография жасатты, содан бастап оған жеңіл жұмысқа ауысуға тура келді. Коронография жасатқаннан кейін әкем түгел анализдерді тапсырған болатын, сол кезде қан қысымы, қандағы сахар мөлшері жоғары болатын еді. Түгел қағаздарды жинап, мүгедекттік алу үшін №2 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Макарова Бекзада Шәмшидинқызына апарған. Ол ханым болса әкемнің қағаздарын өз кабинетінен ары қарай жібермей тастаған. Жауап: «сіз сүңгуші болуға жарайсыз» деп, қайтарып жіберген. Ізін суытпай тиісті жерге жібергенде баяғыда шығар еді, денсаулығына ауыртпалық түсірмей үйде отырар еді.
Бұдан бөлек омыртқасы ауырады, белінен төмен қарай 4 дискісі. Екі тізесі ауырады, әсіресе сол жағы қатты зақымданған, ұзақ емделді, талай сараптамалар жасады бірақ еш өзгеріс жоқ, есесіне ақсаңдап, 2014 жылдары таяқ ұстап қалды. Емханаға барып кезекті күте алмайды аяғы ауырып, белі шыдамайды.
ағымдағы жылы соңғы рет қанын талдауға жібергенде 3 айдағы қандағы сахар яғни, мамырда – 6, 5. маусымда – 8, шілденің 10 күні тапсырылған сараптамада – 7 болып көрсетілген. Енді осы жөнінде №2 емханадан қалалық МСЭ жолдама беріліп, онда барғанымызда 10 минуттың ішінде әкеме: «барлық жеріңіз белсенді» деген жауап беріле қалды. Оған таң қалуға болмайды 1955 жылы туылған шешем бар ол 3 рет инсульт алып, бүгінде оң жағы яғни, аяқ-қолы тартылып қозғалмай қалды. Сөйлеу, жұту, есту қабілетінен айырылған. Өте нашар жүреді, күні-түні памперста. Сол кісіге мүгедектікке шығаруға комиссия мүшелерін шақырғанда анама 1 жылға береміз деп төбемізден жай түсірген. Айтарға сөз жоқ, сонда мүгедектік қандай адамға берілуі тиіс?! Әрине өмір бойына ондай дақты ешкім маңдайына жаққысы келмейтіні анық, бірақ денсаулығына байланысты алуға мәжбүр. Өйткені жұмыс істеуге, жалпы адам қатарлы өмір сүруге жарамсыз боп қалғасын көмек сұрайды емес пе?! Содан бері міне, 2 жылдан аса уақыт өтті анамның денсаулығы нашарлап барады. Әрине біз өз тарапымыздан бар жағдайды жасап, ем алып жатырмыз. №2 емханаға аузымызды ашып отырған жоқпыз. Олардан тек үкіметтен тиесіліні ғана сұрап жатырмыз. Еш дәрігердің қалтасынан, не болсама өтірік науқас дегелінген қағаз жаз деуден де аулақпыз. Барлығы ақ қағазға қара сиямен жазылған. Соны талап етеміз. Және тағы бір мәселе уақытылы тегін дәрілер берілмейді. Анда-санда қан қысымына байланысты дарі беріледі, оның өзін дәрігердің артынан жүгіріп жүріп аламыз. Ал невралогия жағынан мүлде алып көрген жоқпыз.алайда анамның невралогия жағынан дәрілер көбірек керек, ол кісінің қазіргі күнде түн ұйқысы бұзылған. мүлден ұйықтамайды оған дәріні өзіміз сатып аламыз. Бүгін яғни, 2015 жылдың шілде айының 13 күні барып шешеме дәрі жазғызып алдым, 1 дана. Әкеме енді береміз деп сендірді.
Қазіргі күні әкемнің көп жылдар бойы науқастығы бойынша жүргізіліп келе жатқан амб.карточкасыннан көз жазып калдық, көрдім-білдім адам жоқ, емханадан жоғалып тұр. №2 емхананың терапия бөлімшесінің орынбасарының қолына өз қолымен 2015 жылдың шілде айының 10 күні табыстап кеткен болатынмын. енді мүгетектік алу үшін қағаздар жоғалып отыр, ал әкемнің болса денсаулығы жақсарып кетекен жоқ. қайдан, кімнен көмек сұраймыз?
Жалпы, осы сайтқа жазып отырған себебім жазылған науқастығына байланысты мүгедектік ала – алама әкем, қандай санатта алуға болады? Тез арада жауап берулеріңізді сұраймын.

Дата публикации:

Обидчик: Мүгедектікке қалай шығады?

Страна: Казахстан   Область: Павлодарская область   Город: Экибастуз   Индекс: 141200
Адрес: М. Ауэзова, 157-50
Телефон: 87786334795   Факс: 333426

Категория: Здоровье и медицина / Поликлиники

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс