Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: ТОО Стоматология города Атырау - Халатность | #7874

Жалоба / отзыв
ТОО Стоматология города Атырау
Халатность

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және Әлеуметтік даму Министрі

Калиева Гүлнұр Нуроллаевнадан
21.06.1984 ж.т, ЖСН 840621400027
Атырау қаласы Құлагер көшесі №2 үй
байл.тел: 87025223184

АРЫЗ

Мен осы арызымды Сізге жаза отыра төмендегі жағдайымды баяндаймын.

2015 жылдың 19 тамызында тісім қатты ауырып, мен «Стоматология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Әрі қарай-Стоматология) медициналық көмек алу үшін, яғни жоғарғы екі азу тісімді емдетуге бардым. Мені тіркеу бөліміне тіркегеннен кейін ем алу үшін стоматолог-дәрігер Утепова Набия Халеловнаға жіберді. Содан кейін Утепова Набия Халеловна қабылдап, емдейтін тістерімнің асты солқылдайтындығын айтып, ренгенге түсіруін сұрағанымда, ренгенге түсірудің қажеттілігі жоқ екенін айтып, жоғарғы екі тістеріме бір күнде пломба салды.
Содан кейін пломба салынған тістерім 2015 жылдың 20 қыркүйегінде қатты ауырды. Тістерімнің ауруы шыдатпаған соң 2015 жылдың 21 қыркүйекте стоматологияға барған уақытымда, қазіргі уақытта дәрігер жоқ екендігін айтып, тіркеу бөлімі түсқайта келуімді айтты. 21 қыркүйек сағат 14.00 де келген уақытта дәрігер бос болмаған соң сол «Стамотология» ЖШС-нің терапия бөлімінің меңгерушісі Утешова Баян Ароновнаға бардым. Бұл адамға бүкіл жағдайымды түсіндіріп айтқаннан кейін стоматолог дәрігер Н.Х.Утеповаға баруымды айтқан болатын. Мен екі пломба салған тістерім ауратындығын дәрігер Н.Х.Утеповаға айттым, содан кейін мені төменгі қабатта орналасқан рентген кабинетіне жіберіп, екі тісімді рентгенге түсіріп кел, - деп жіберді. Мен төменге барып, тістерімді рентгенге түсіріп Утепова Н.Х-ға алып келгеннен кейін рентгенді қарап, тісімді жұлу керектігін айтты. Осы кезде мені қандай аурумен ауырып, емдегенін толығымен ешкім түсіндірген жоқ. Мені, Утепова Набия Халеловна хирург кабинетіндегі тіс жұлатын адамға яғни Тлеумуканова Гүлжанар Тулегеновнаға алып келіп, бұл менің адамым тісін жұлып бере қойшы және ақысыз деп, мені сол кабинетке отырғызып кетті. Бірақта мен тісімді жұлдырту үшін ешқайда тіркемеді. Содан кейін Г.Т.Тлеумуканова тістерімді қарап, жұлу үшін жоғарғы 6 тісіме укол салып, дәлізде күте тұр деп, шығарып жіберді. Содан сол дәлізде жарты сағаттан астам уақыт күтіп отырып, қайтадан ауруым шыдатпаған соң кабинетіне кірген уақытымда, мә сені умытып кетіппінго кел отыр деп тісімді жұлып алған уақытында қатты жаныма батып ауырып кетті. Тісті жұлғаннан кейін көп қан кетті және өзі киста көп екен деп, тіс шұқитын құралымен 5-6 рет тісімнен (кистаны) алып шықты. Жұлынған тісімнің асты шіріп кеткендігін өз көзіммен көрдім, бірақта тісімді сұрағанымда өзіме бермеді.Соңғысы менің пломба салынған тісімді жұлып берді және соның салдарынан тістің арғы жағы мұрныма дейін тесіліп қалды. Содан кейін мен уйіме кетіп қалған болатынмын. Екі сағат тамақ ішпеуімді және фурацилин таблеткаларымен ауыз қуысымды шаюды айтты. Уйге келгеннен кейін тісімнің жұлынған орны ауырып шыдатпаған соң дәрі қабылдап жатып қалған болатынмн. Одан кейін 21 күні сағат түнгі 11 лер шамасында тұрып ауызымды шайған уақытымда, ауызымдағы судың барлығы банағы жұлынған тістің астынан яғни мұрнымнан шықты. Тамақ ішкен уақытымда ішкен тамағымның барлығы мұрнымнан шығып жатырды. Келесі күні сағат 9 да жұмыс кабинетіме келгеннен кейін жұлынған тісімнің орны және қасындағы 7 тісім басым қатты ауырған соң мен қайтадан дәрігер Н.Х.Утеповаға келдім. Н.Х.Утепованы жұмыс орнында ұстай алмаған соң терапия бөлімінің меңгерушісі Б.А.Утешоваға келіп жолықтым. Б.А.Утешова мені қабылдап жұлынған тісімнің орнын қарап, маған жеке лорға барып мұрнымды рентгенге және ауызымдағы бүкіл тістеріме рентген түсіріп кел деп жіберді. Мен мұрным мен ауыз қуысымды рентгенге түсіріп дәрігер Н.Х.Утеповаға және Б.А.Утешоваға алып келдім. Осы кезде менің гайморит екенімді айтты. Мен қайтадан кетіп қалдым, жұмысқа келгеннен кейін қайтадан ауырған соң жедел жәрдем бөімшесіне телефон шалып, отырған жұмыс орныма шақырттым, ол адамдар қазіргі уақытта тездетіп ем алған жерге барып қаралуымды айтты. Мен қайтадан Н.Х.Утеповаға келіп сол жерде ауырып тұрғанымды айтып мені ауруханаға жатқызуды өтініп, жыладым. Себебі қатты қорқып кеттім. Осы жерде хирург Оразбай деген адам келіп және Утешова Баян Ароновна келіп, мені облыстық ауруханаға жатуға жолдама хат (направление) жазып берді. Мен өзім аяқтай 2015 жылдың 22 күні түстен кейін жолдама хатты алып, облыстық аурухана лор бөлімшесіне келдім. Мені сол кезде лор дәрігер Н.Жайлыбаев қабылдап, мені гоймарит емес екенімді сонымен қатар порталмен келуімді өтінді. Бірақ мен қатты ауырып тұрғанымды айтып түсіндіріп, хирург дәрігер Оразбаймен (тегі белгісіз) ұялы телефон арқылы сөйлестірдім. Бұл жолдама хатта маған «левостороний одонтогенный гайморит» диагнозы қойылды. Осы жерде маған жолдама хатта ота жасатуды көрсетіңіз деп, жолдама хатты дұрыстап қайталап алып келуді айтты. Мен дәрігерге телефон шалып, жолдама хатты қайтадан ота жасатуға деп жазуды айтып, сол жерде бир жарым сағаттан астам уақытқа дейін күтіп отырдым. Осылайша 2015 жылдың қыркүйек айының 22-де Атырау облыстық лор бөлімшесі ауруханасына сағат 5.00 шамасында жатқызылдым. Осы күні кешке менің мұрынма шағын ота жасалынып (прокол) ем қабылдадым, бұл жерде маған лор-дәрігер маған «левостороний одонтогенный гайморит» диагнозы емес, басқа «НЦД по гипертонии» диагнозы қойылды. Мен осы ауруханада жатқан уақытымда жұлынған тісімнің орны ауырғандығын қоймады және оның үстіне қан қысымымым екінші күні қатты көтеріліп кетті. Мен бұл жөнінде лор дәрігеріме айтқан болатынмын, бірақта менің ауру тарихымда жазылмағандығын білдім. Мен Атырау облыстық ауруханасынан 2015 жылдың 29 қыркүйегінде шықтым, бірақ сонда да басым мен жұлынған тісімнің орны және қасындағы тісімнің солқылдап ауруын қоймады. Осыдан кейін мен ауруханадан шығып, 01.10.2015 жылы Ресей Федерациясына Астрахан облысы Астрахан қаласындағы «ГазПром» клиникасының лор бөлімшесіне барған уақытымда менің тісімді жұлған уақытта мұрныма дейін 08 см тесіліп қалғандығын, тез арада ота жасату керектігін айтып, маған осы қалада орналасқан Александро-Маринская облыстық ауруханасына «Челюстная хирургия» бөліміне жолдама хат жазып берді. Мен осы аталған ауруханаға келген уақытымда бүгін ота жасайтын күндері аяқталғандығын, ота жасату үшін 05.10.2015 жылы келу керектігімді айтты. Осыдан кейін мен 05.10.2015 жылы аталған ауруханаға келіп ота жасаттым, бірақта маған «Нагноившеесяя радикулярная киста в области верхней челюсти слева (23, 24, 25) зубов диагнозы қойылды. Мен осы аталған клиникада 05.10.2015 жылдан 09.10.2015 ж дейін ем қабылдап, дәрігердің бұл қойылған диагнозын оқып, бірақта медицина тілін түсінбегендіктен маған қойылған диагноз осылайша болған ғой деп кетіп қалдым. Астрахан облысынан келгеннен кейін мен бұрынғы ем қабылдаған жеріме еңбекке жарамсыз бетшесін сұрап келген уақытымда маған Н.Х.Утепова ешқандай көңіл бөлмеді, бірақта Б.А.Утешованың қабылдауында болып, жалғыз осы адам жағдайымды сұрап еңбекке жарамсыз бетшесін жазып берді.
Осыдан кейін мен Атырау қалалық прокуратурасына Н.Х.Утепованың маған көрсеткен сапасыз медициналық көмек көрсеткені үшін шағымданған болатынмын.
Атырау қалалық прокуратурасы Атырау қаласындағы шағымды негізінен қарау үшін «Медициналық және фармацевтикалық қызметі бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне» жолдағандығы туралы мекен жайыма жолдама хат жолдады.
Осы арызым бойынша мені «Медициналық және фармацевтикалық қызметі бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінен Б.К.Айташев мырза шақырған болатынмын. Бірақта бұл аталған азамат мені қабылдаған уақытта дәрігерлердің маған дұрыс ем көрсеткендерін айтып, сол адамдарды жақтап сөйлей бастады. Мен бұл Б.К.Айташев мырзаға бүкіл жағдайымды түсіндіріп айтқан болатынмын. Ол адам менің Астрахан облысындағы ем қабылдаған кездегі «Нагноившеесяя радикулярная киста в области верхней челюсти слева (23, 24, 25) зубов диагнозы бойынша Н.Х.Утепованың ем көрсеткен екі тісіме ешқандай қатысы жоқ екендігін айтты. Осы кезде мен өзімнің «Стоматология» ЖШС-нің өзіме қатысты стоматологиялық науқастың медициналық картамның өзгертілгендігін байқап қалдым да осы бойынша Б.К.Айташев мырзаға айтқан болатынмын. Бұл картамда толық маған қойылған диагноз болған жоқ себебі бұл картамның көшірмесін өзіме түсіріп алған болатынмын. Мен көрген медициналық картамда мен естімеген ауру түрлері жазылған. Бұл жаңа медициналық картамның көшірмесін сұраған уақытымда маған бермеді. Ал мен Б.К.Айташев мырза сұраған соң ескі медициналық картамның көшірмесін түсіріп берген болатынмын. Қазіргі уақытта мен менің осы ескі картам бойынша жазып қойғандығы яғни медициналық картамды бұрынғы картама қарап өзгертіп қойды деп ойлаймын. Осы бойынша Атырау қаласының прокуратурасына шағымданған болатынмын. Бірақта бүгінгі күнге дейін жауап алған жоқпын. Осы өзіме қатысты медициналық картамның не себепті өзгертілгендігі туралы білу мақсатында 07.12.2015 жылы «Стоматология» ЖШС-не барған уақытымда бұл жөнінде Б.А.Утешова мүлдем беймәлім екендігін айтты. Осы бойынша Н.Х.Утепованың өзіне барып сұраңыз деп Утепованың кабинетіне баруымды сұрады. Мен бұл адамнан шығып Н.Х.Утепованың кабинетіне келіп сұраған уақытымда маған Н.Х.Утепова айқайлап кабинетінің есігін жауып мені итеріп жіберді. Осы бойынша «Стоматология» ЖШС-нің директоры Б.Мұқанбетовке келген уақытымда, «мен бұл іске ешқандай қатысым жоқ», - деп сұрағыма дұрыс жауап бермеді. Осы ауруханадан шығып, мен Астрахан облысына диагнозым не себепті қате қойылғандығы туралы біліп қайту үшін кетіп қалдым.
08.12.2015 жылы Астрахан облысынан келгеннен кейін жұмыста отырған уақытымда маған Азаттық даңғылы сол «Стоматология» ЖШС-і орналасқан учаскелік полициядан менің үстімнен Н.Х.Утеповадан арыз түскендігін айтып, келіп түсініктеме беруді сұрады. Бұл жерде Н.Х.Утепова болмаған жағдайды жазып, үстімнен арыз түсірген. Жазған арызында сот орындаушы Г.Н.Калиева деп көрсетіпті, бұл жерге мен жұмыс бабы бойынша немесе мен сот орындаушымын қалайда беріңдер деп барған емеспін тек қана маған қатысты неге екі медициналық карта ашылғандығы туралы және ол екеуі бір бірімен неге сәйкес келмейтіндігін сұрау мақсатында бардым. Төрт ай турасында мені осындай жағдаймен жүргізгенімен қоймай яғни мені осындай жағдайға жеткізе тұра не себепті полиция бөліміне арыз түсіргенін Н.Х.Утепованың бұл ісіне түсіне алмадым.
Қазіргі уақытта мен әлі күнге дейін ем қабылдап жатырмын. Себебі Н.Х.Утепованың 6-7 тістеріме қабылданған емінен 6 тісім жұлынды, ал 7 жоғарғы азу тісім ауырғандықтан Атырау қаласында орналасқан «Дарис Вип» клиникасына барып қаралған уақытымда аталған клиниканың дәрігері 7 тістің екі тұқылын өтіп тістің үшінші тұқылына өте алмай яғни бұрынғы ем қабылдаған жерімде салынған пломба клиникалық талаптарға сай емес екендігін сонымен қатар 7 тісімнің үшінші тұқылында инструмент сынып қалуы мүмкін сол себепті өте алимай тұрғандығын айтып түсіндірді.
Стоматология дәрігері Н.Х.Утепова маған сапасыз медициналық комек көрсетті деп есептеймін, себебі оның маған көрсеткен медициналық көмегінен кейін менің тістерім және оның еті іріңдеп кетті.Менің медициналық білімім жоқ, соған байланысты менің тістеріме пломба салғаннан кейін ол тістер қандай себеппен іріңдеп кеткендігі маған белгілі емес. Бірақ маған бір жайт белгілі, ол стоматолог-дәрігер Н.Х.Утепованың маған сапасыз медициналық қызмет көрсеткендігі. Ол өз қызметіне немқұрайлы қарағаны салдарынан менің тістерімнің еті іріңдеп кетті.Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 7-бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, тұтынушылардың қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына құқығы бар.
Менің көрсетілетін қызметтің сапасына құқығым бола тұра маған сапасыз қызмет көрсетілді.
Сапасыз көрсетілген медициналық қызметтің салдарынан менің денсаулығыма үлкен зиян келтіруге әкеп соқтырды.
Егерде мен дер кезінде басқа клиникалардан ем алмағанымда менің тістерімнің еті іріңдеп, ірің басыма шауып, өміріме қауіп төңетін еді.
Бүгінгі күні мен әлі де ауырып жүргенімді түсіндіремін сонымен қатар алдағы уақтта жұлынған тісімнің орны және инструмент қалуы мүмкін деген 7 тісім алдағы өміріме қаншалықты зардабы тиетіні маған белгісіз. Мен алдағы өмірімде осы тістерімнен денсаулығыма келген зияннан қатты қорқамын, себебі қазіргі уақытта 4 жасқа толмаған ұлым бар екендігін қаперіңізге беремін. Осы қазіргі уақыттағы ұлыма дейін дәрігерлердің салғырттығынан үлкен ұлымнан айрылғандығымды айта кетуді жөн көрдім.
Стоматолог-дәрігер Н.Х.Утепова медициналық білім алып, дәрігер болар алдында өз қызметінде адам денсаулығына жоғары құндылық болып табылатындықтан, емделушілердің мүдделерін ғана басшылыққа алуға және адамдардың денсаулығын сақтауға ант берген.
Дегенмен менің денсаулығым жоғары құндылық болып табылмағандықтан маған сапасыз медициналық қызмет көрсетілген.

Жоғарыда айтылғандар негізінде Сізден,

1. «Стоматология» ЖШС-нің стоматолог дәрігері- Утепова Набия Халеловнаға және хирург-дәрігер Тлеумуканова Гүлжанар Тулегеновнаға маған көрсеткен сапасыз медициналық қызмет көрсеткендері үшін шара қолдануыңызды,
2. осы аталған тұлғаларға өздерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарап, маған сапасыз медициналық қызмет көрсеткендігі үшін ӘҚБтК-нің 80-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартып, лицензиясынан және (немесе) маман сертификатынан айыруды,
3. сонымен қатар осы аталған клиниканы яғни өзіме қатысты барлық құжаттарды (науқастың медициналық картасы) тексеруіңізді,
4. және де шығыс №15-08-8012 санды 08.12.2015 жылы жолданған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және Фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті ММ-нің маған берген жауап хаты бойынша келіспеуіме байланысты қайтадан қадағалап тексеру жүргізуіңізді сұраймын.

Арыз иесі: Г.Н.Калиева

Дата публикации:

Обидчик: ТОО Стоматология города Атырау

Страна: Казахстан   Область: Атырауская область   Город: Атырау   Индекс: 060000
Адрес: пр. Азаттык
Телефон: 87122324040

Категория: Здоровье и медицина / Поликлиники

1 комментарий

3 февраля 2016 01:26
Дал осы жагдай менинде басымнан откен , емдетуге бардым Набияга биреуин тисимнин нервасын алып , ертенги куни ке деп , барсам ози жок бир бирине силтеп акырында частныйга барып тынышталдым . Куй жок 2 поликлиника
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс