Алимент
Арыз шағым

Другое

Нұрсұлтан қаласының
Бас прокурор басшысы
Нурдаулетов Гизат Дауренбековичке
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Бұқарбай батыр ауылы
Н.Алмағанбетов 41 тұрғыны
Ә.Өмірзақовадан
E-mail: asel_90.26@mail.ru
Телефон: 87782830789, 87768743177

Арыз-шағым

Мен осы арызым арқылы төмендегі жағдайымды білдіремін. 2018-жылдың шілде айында Қазбеков Нұрсұлтан атты азаматпен некелестім. Бұрынғы күйеуім Қазбеков Нұрсұлтанмен ажырасуыма өтірікті көп айтуы, мінезінің жеңілтектігі, жеңіл жүріске салынуы, отбасның жағдайына немқұрайлы қарауына байланысты некеміз сақталмады. Осының нәтижесінде некеміз күйреп, 2020-жылдың тамыз айының 03-күні некеміз бұзылды. Ортақ некеден 2018-жылы 25-желтоқсан айында туылған Алпысбай Жанайым Нұрсұлтанқызы атты кәмелетке толмаған қызымыз бар. Осыған байланысты іс аудандық сот орындаушы Бағдат Қожамұратовқа тапсырылған болатын. Алайда бұл кісімен жұмыс жасау, мүмкін емес. Алайда телефонмен сөйлесе қалсаңыз, сөзіңізді аяғына дейін тыңдамайды, (давай-давай) деген сөздерді естисіз. Бұл кісінің іс-әрекетіне қарап бұрынғы күйеуіммен тығыз байланыстама деп ойлаймын. Қаншама рет алдына барсамда мардымды жауап бермейді. Телефонына звандасам көтермейді, бұрынғы күйеуіме қатысты алиментке байланысты, қандай шара қолданған жөнінде ешқандай құжат көрсетпей отыр. Осы алиментке байланысты сот орындаушы Б. Қожамұратовтың үстінен, аудандық прокуратура, облыстық прокурорының міндетін атқарушы Т.Әлібаевқа, облыстық Әділет департаменті басшысының И.Ж. Бәкішеваға арызданған болатынмын. Алайда сот орындаушыға қатысты ешқандай шара қолданылмады. Осы жылдың 10-желтоқсан күні аудандық сотқа Т.Қ. Темірбаев мырзаға жолыққан болатынмын. Ол кісі мені жеке кабинетінде қабылдады. Мен Б. Қожамұратовқа байланысты шағымданған болатынмын. Бірақ Т.Қ. Темірбаев сот орындаушысы Б. Қожамұратовқа менің ешқандай қатысым жоқ, оның жұмысы менің құзырыма кірмейді, ешқандай шара қолдана алмаймын деді.
Өз жағдайыма келетін болсам, мектепте 0, 5 – ставкада жұмыс жасаймын, мамандығым педагог-психолог, айлық табысым аз. Өзімнің анам ертерек қайтыс болған, әкем қарт кісі зейнеткер. Өзім ауыл шаруашылық бөлімінен «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй алған болатынмын. Ол үйдің ақшасын әр ай сайын төлеп отырмын. Бұрынғы күйеуім Қазбеков Н қасақана алимент төлеуден бас тартып отыр. Осыған дейін бармаған есігім, қақпаған кабинеттер қалмады. Сот орындаушыға ешқандай шара қолданбады, соны білген сот орындаушы әбден есіріп телефонға жауап беруденде қалды. Сырт келбетіне қарап креслода ұзақ отырып, әбден масыққан.
Бас прокурор мырза мен сізден үлкен көмек сұраймын. Б. Қожамұратовқа байланысты шара көріп, жауапкер Н.Қазбековтен алиментті өндіріп алып беруіңізді өтініп сұраймын.


Обидчик: Алимент
Страна: Казахстан
Область: Кызылординская область
Город: Жалагашк
Индекс: 1202004
Адрес: Н. Алмаганбетов 4/1
Телефон: 87782830789
  <     >  

Читайте также

Министерство юстиции РК, судебный исполнитель
Жалоба

Мвд рк г. Байконур
Долг

Жамбыл обылысы Мойынкум аудандык Пракратурасы
Жамбвл обылысы Мойынкум аудандык Пракратурасы

НУР ОТАН
Алимент

ТОО Стоматология города Атырау
Халатность

Министерство юстиции РК
Заявление о не испонение суд. исполнителя

Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы
Шет аудандық прокурорының заңсыз шығарылған ұсынысына

Министр здравахранение
Шағым

НУР ОТАН
Айзада

Альмаханов Тохтар, Андасбеков Ербол Тохтарович, Көмеков Қуатбек Тлеубекұлы, Ибрагимов Бахтияр Ергашович
Алаяқтық қылмыстық топ