Суд
Справедливость

Люди

Сәлеметсіз бе, мен мына мәселе туралы айтайын дегенмін осы сайтты қарап шығуыңызды сұраймын http://www.zakon.kz/4872618-semeynaya-drama-v-karagande-muzhchina.html

Менің аты-жөнім Жакупова Жания Айкыновна, бұл оқиға менің әкем *Жакупов Айкын Маратовичпен* болған. Бұл жерде менің сізден өтінерім Әділдік. Бұл жаза Әділдікке жатпайды... Бұл жаза әділсіз шешім деп ойлаймыз Бәріміз, отбасы барлығы. Жалпы, Әкем екі рет үйленген бірінші әйелінен 2 қыз Екінші әйелінен 3 қыз, осы оқиға екінші әйелімен болған. Әкемнің 5 баласы барына қарамай оны 8 жылға соттауы сенгісіз әлі де, 5 баланың төртеуі әлі Кәмелет жасқа толмаған, үлкен қызы 19 жаста, кіші қызы 7 жаста енді ғана 1-ші сынып оқиды. Бұл мәселеге түсінікпен қарауыңызды сұраймын. Осы оқиға әрбір сайттарға жүктелген егерде комментарийлерді оқысаңыз көптеген адамдардың қолдаулары бар, оларда бұл жазаның ұзақ мерзім екенің жазған. Біздің Ата-Әжеміз 69 жаста яғни әкеміздің ата-анасы, Ұлым шыққанша көзім тірі болар ма екен деп күнде ойлап көзіне жас алады. Әкемнен басқа олардың тағы ұлы бар Ол жұмыссыз ауылда үйге қарап отыр. Үйдің табыс көзі Әкеміз болған, Біз әпкем екеуміз студентпіз, қалған 3 қыз мектеп оқушысы, заң неге бүған қарамайды? неге бұны санамайды? Әкеміз бұрын сотталмаған, арақ дегендерден алыс, шылым тартпайтын адам, барлығына үлгі тұтарлық адам. Оны танитын адамның бәрі оны кінәсіз бұл қалай болды екен деп ойлайды? Ал заң ше? заң неге оның отбасысын ойламайды? Өтінемін бұл *ІСті* өз қолыңызға алуыңызды, көмегінізді сұраймын. Әкеміз қәзір Өскеменде қатаң режимді түзеу мекемесінде отыр. Жәбір көруші адам Кінә менен Кешірім сұраймын оны соттамаңыз деп те айтты. Ешқандай шағымым жоқ деп қағаз жазып берді, ол өзі Түркістанның адамы, Қушоқы кентіне Командировкамен келген, оның емін төлеп жағдайын жасап отбасымыз оны үйіне аман-есен жібергенбіз. Бірақ сот үкімі неге бұған қарамастан қатал жаза берді? Басқа елдерде көзге шөп салуда шөп салған адамдарды жазалайды Ал бұл елде неге кінәсіз адам жазалануда? 8 жыл бергені дұрыс деп ойлайсыз ба? Сонда әкем не үшін жаза өтеп жатыр егерде ешкім қарсы болмаса, жәбірленушінің шағымы жоқ, шағымынан бөлек ол адам аман сау жүр, Емханада 1 ақ жұма жатып жазылып кетті. Және де ол жәбірленушіні пышақпен жарақаттаған деп жазылып тұр бірақ ол пышақ қайда?? Айғақтары жоқ, пышақты ешкім көрген жоқ. Бұл іс жүргізілгенде әр түрлі жағдайлар болған.

Сізден жауап күтеміз, үмітіміз өзіңізде.


Обидчик: Суд
Страна: Казахстан
  <     >  

Читайте также

Суд № 2 и прокуратура ВКО
Беззаконное правосудие

Все суды г. Актау
Крик о помощи

Прокуратура ВКО и Суд №2 г. Семей
Беззаконье

Судья Арипов Е, Судья Манабаева М
Благодаря продажности, мы остались без жилья

Суд ВКО, Прокуратура, Полиция и т.д
СВОБОДУ НЕВИНОВНЫМ!!! СУД ВКО ГДЕ СПРАВЕДЛИВОСТЬ В ВАШЕМ СУДЕ???

Суд N2 Семея, прокуратура ВКО
Беспредел суда

Суд N2 г. Семей, прокуратура ВКО
Беззаконие прокуратуры и суда

Органы судебной системы
Беззаконное правосудие 2 или БЕСПРЕДЕЛ в ВКО!!!

АНТУРАЖ УСТЬ-КАМЕНОГОРСКОГО ГОРОДСКОГО СУДА
ЦЕЛЬ – РАЗОРИТЬ И ОТОБРАТЬ