Мұғалім
Жауап

Образование

Сәлеметсіздер ме!
Бұл жауапты осы сайтқа жазылған өтінішке жауап ретінде мектеп ұжымы атынан жолдап отырмыз. Біріншіден, ұжымда Акерке атты мұғалім немесе персонал қызмет жасамайды.
Біз Қарлыға Айсабекқызы келгенде «Жаман адам жан-жағын жайпай келеді, жақсы адам жан-жағын байқай келеді» дегендей, жақсы адам келді деп қабылдадық. Сол жақсы адамға жабылған жаланың жауабын беруді жөн көрдік.
Мектеп пән бірлестігінің жетекшілері бір ауыздан бөлінген сағат жүктемесі туралы айтылған негізсіз дәлелдердің өтіріктігін растайды. Барлық мұғалімдер ставкадан аса сағат (20-36) жүктемесімен қамтылған.
Кадр мәселесі туралы қабылданған жас мұғалімдердің сағат жүктемелері де толық. Қазіргі талапқа сай жас мұғалімдердің кәсіби қабілеті бәсекелестік тұрғыда байқаумен қабылданды (шығармашылық топ алқасының аясында). Атап айтқанда, тестілеу, әңгімелесу, диктант, бақылау арқылы. Алынған жұмыстар жинақталған. Мектепке мұғалімдер қабылдануы – заңдылық. Себебі, класс комплектісі былтырғымен салыстырғанда саны едәуір артқан.
ҰБТ туралы рейтингке тікелей жауапты директорға ысырып «Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылады» деген сарынмен директорды кінәлайды. Бұл негізінен тек басшыға ғана емес, сонымен қатар пән мұғалімдерінің кемшілігі екендігін ұмытпаған дұрыс еді. Бұл мәселе педагогикалық кеңесте терең талқыланып, талданып тиісті мұғалімдерге шаралары қолданылды. Қазір ҰБТ-ға дайындық жан-жақты жүргізіліп отыр, оның нәтижелері әкімшілік тарапынан жіті қадағалануда.
Кәсіподақтың қаржы мәселесі туралы:
а) директордың қаржы мәселесіне ешқандай араласы болмағанын растаймыз. Бұл – жала. Өйткені, кәсіподақтың қаржысының жұмсалуы тек кәсіподақ мүшелерімен іске асырылады.
б) кәсіподақ басшысы өз жұмысын тыңғылықты атқарып отыр.
Директордың жеке көлігіне мектеп ауласында жасалынған қастандық та рас. Сондықтан, сақтану шарасын жүргізу заңдылық емес пе?!
Ұстаздардың жыл мерекелерінде бас қосатындығы өз ықтиярымен және ұжымның келісімімен өткізіледі. «Жаман ішкенін айтады, жақсы көргенін айтады» дегендей, көрген жақсысын айтпай, жаман ішкенін айтып төмендегенін айтудың өзі ұят-ақ!
Садуақасова Қ.А. өте тәжірбиелі, адами қасиеті жоғары, білікті басшы. Сондықтан, осы жала – бүкіл ұжымға жағылған жала. Ұжым мүшелері жазған жаланың «иесінің» жазасын бір Алладан күтеді. Себебі, бүркемелі жаланың иесін табуға ұжым мүшелері дәрменсіз. Жалған жаланы иесі бүкіл ұжым атынан жазылды деп, ұжымға кір келтіріп отыр.
Сондықтан, бұл мәселені жала деп түсініп, «ит үрді, керуен көштіге» есептейміз.

№31 педагогикалық мектеп ұжымы


Обидчик: Мұғалім
Страна: Казахстан
  <     >  

Читайте также

Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
Жалоба Акиму

Бауыржанұлы Жандос
Жалоба на врача

Байболов Жанат Сейтқазыұлы
Байболов Жанат Сейтқазыұлы

Министерство образования и науки РК
Мұғалімдер оқушыға тиіседі

НУР ОТАН
Жұмыс

Талғар политехникалық колледжінің басшысы Ж.Т. Кебекбаевтың
Ж.Т. Кебекбаевтың қорлығы

Бегимова Гүлнар Жексембайқызы
Құл болғымыз келмейді

Астана қаласының № 58 мектеп - гимназиясы Бегимова Г.Ж
Жұмыс істеу мүмкін емес!

Министерство образования и науки РК
Мұғалім

Ануар
№39 ООШ