Директор
Администрация школы

Образование

Құрметті әкім мырза!
Біз Шығыс Қазақстан облысы Аягоз ауданы Сарыарқа ауылының орта мектебінде бірнеше жылдан бері жұмыс жасаймыз. Мектебіміздегі болып жатқан оқиғаға қарап қынжыламыз. Айта кететін болсақ: өзіміздің маңдай терімізбен тапқан жалақымыздан ай сайын бір сылтау табып мектеп әкімшілігі ақша жинайды. Мәселен: ауданнан методист келсе, 1000 теңгеден, семинар өткізуге тағы 1000 теңгеден, аттестациялау комиссиясына 10000 мың теңгеден, мектеп ішіндегі ұсақ түйектерге, сонымен қатар мектептің ауласында картошка өсіруге 2000 мың теңгеден (айта берсек мұндай жағдайлар көп) ақша жиналды. Аттестациялау комиссиясына мәселен қыруар ақша жиналды.(35 мұғалімнен)
Жалпы есептегенде 450 мың теңгеден асып кетті. Мұғалімдер кеңесінде бұл жиналған ақша туралы сұраған кезде, мектеп әкімшілігі толығымен дұрыс жауап бере алмады. Мектебіміздің директорыда жұмсалған ақшаның қайда кеткенін, оның қандай жолдармен кеткенін толығымен айта алмады. Мектеп әкімшілігінің есебі біздің көңілімізден шыққан жоқ. Комиссия келген кезде мектеп әкімшілігіндегі мұғалімдер осы жиналған ақшадан 20000 мың теңгеден өздерінің қалталарына алды. Олар неге қонақтың бір ішерін көтеріп ала алмайды. 2011 2013 оқу жылында ҰБТ-ға бара жатқан түлектерге көмекке 30000 мың теңге жиналған. Бұл мәселені қозғаған кезімізде тағы да мектеп директоры Жүнісов Рухат мырза еш жауап қайтармады, өйткені бұл ақшаны өз керегіне жұмсап қойған екен. Мектеп директорымыз бұрынғы тарих пәнінің мұғалімі. Кезінде мектептегі жұмыс жасайтын ер-азаматтар мен, от жағушылармен бірігіп арақ ішіп, қай көшеде, кімнің қорасының артында жатқанын білмеген адам болатын. Мектепке жоғарыда отырған таныс тамырларымен жұмысқа кіріп алқаштардың санын көбейткен ер азаматтар көп. Бұл мұғалімдер келешекте балаларға қандай тәлім – тәрбие бермек. Осы болып жатқан жағдайларды көре тұра қой дейтін басшы жоқ. Өйткені мектеп директорын ауыл әкімі Ахмешов Болаттың көптің ішінен таңдап жүріп тағайындағаны осылардың бел ортасында жүреді. Мектеп директоры өз баласын, туған-туыстарын, көршілерін жұмысқа алып отыр.
Осындай басшысы бар білім ордасынан балаларымыз не болмақ. Қандай тәрбие алып шығады.?
Сізден өтініп сұрайтынымыз осы мәселені шешіп, бір шара қолдануыңызды сұраймыз!
Сарыарқа орта мектептерінің мұғалімдері атынан.


Обидчик: Директор
Страна: Казахстан
Область: Восточно-Казахстанская область
Город: Аягоз
  <     >  

Читайте также

Управление образования г. Алматы школа гимназия №44
Руководство школы директора

РЕМОНТ ШКОЛ
ГИМНАЗИЯ №7 г. ТАРАЗ

Министерство образования и науки РК
Жалоба на директора школы и одного из родителя учеников

Гимназия №5
Остались один на один со "своей" проблеммой

Директор и преподаватель школы № 23 г. Алматы
Национализм в школе

Директор школы №16
О поведении директора

Директор школы 3

Директор школы Карлыгаш болотхановна
Вечные поборы в школах и не хватка учебников

Администрация школы №28
Угрозы отчислением из школы

Назгуль
Не соблюдение кодекса этики и постоянные сборы