Dem
Некорректное и агрессивное поведение сотрудников

Здоровье и медицина / Аптеки

Сәлеметсіздер ме! Менің арыз беру себебім, Кожабекова 23 мекен-жайында орналасқан дәріхана (Dem) қызметкері дөрекі қызмет көрсетті. Анығын айтқанда, 76 жастағы әжемді укол салуға алып барған болатынмын, уколдан кейін өзін әлсіз сезінгендіктен жанында болдым. Апам өзі жалғыз жүре алмайды, жүрегі әлсіз. Бірақ мен 5 минут отырып, сыртқа шығып отырдым, 20-25 минут отырдым, жаураған соң қайтып ішіне кірсем, Апамның системасы бітіп жатқанын апам байқап, мені шықырды. Табалдырықта тұрып, апамның шақырғанын медбикеге айтқаным сол еді, маған шық деді. Маған шықта шық деп сыртқа шығармақшы болды. Мен олардың айтқан сөзіне, «қазақша сөйле, орысша білмеймін» десем, өзім білемін деп орысша сөйлеп сыртқа қуа бастады. Сыртта отыратын скамейкада жоқ, немесе отыратын бөлмеде жоқ, мен шықпаймын дедім. Соған сол жердің қызметкері «Кто у нее там, отключайте систему и больше не приходи в аптеку» деп айғай шығарды. Мен телефонды алып, видеоға түсіре бастадым, олар маған дөрекі түрде айтқан сөздері үшін. Мен қызметкерлерді емес, аптеканы түсіргенмін, бірақ қызметкері келіп мені видеоға түсіре бастағандықтан менің ашуыма тиді. Екеуі екі жақтап мені тоқтатпақшы болды, 1 адамға екеуі жабылды қолымнан ұстап, мен оларға түсірме деп айтқан сөзім үшін. Аптека біріншіден, толық түрде антисанитария, медбикелері қолдарына перчатка кимейді, өте лас, сасық иіс шығады, және аптека 2ші этажда орналасқан, неше түрлі мүмкіндігі шектеулі жандар келеді 2ші этажға көтерілуге мүмкіндігі жоқ. Аптека 1ші этажда болуы қажет, немесе коляскамен мінетін жер болу қажет. Бұл бірінші рет қайталанып жатқан жайт емес, оның алдында жаздың қайнаған ыстық күнінде менің анамды да сыртқа шығарып қуған. Және мамыр айында, мен система қабылдағанымда маған медбике система салғанда, бетіме қызыл дақтар пайда бола бастады, медбикеге айтқан кезімде өзіме ұрысып берген болатын, ештеңе қылмайды деп. Мен жылап тұрып, медбиекеге өтіндім, қарап беріңізші деп сондада келмей, біраздан соң айтқан өтінішімнен кейін алды уколды (чек бар)
Және олар дәрігердің назначениясыз таблетка сатады осыныда ескерсеңіздер. Дәріханада қол жуатын жер, дәретхана мүлдем жұмыс жасамайды. Өздері ғана кіреді, мамыр айында ауырып системадан соң кірейінші деп сұрағанымда, болмайды деп жауап айтты.
1) Тұтынушылардың құқықтарын бұзу және қызмет көрсетуден бас тарту дәріханаға барған кезде мен қызметкерлердің дәлелді себепсіз аптекадан шығуымды талап етіп, маған қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайға тап болдым. Мен сыртта суықта 20 минуттан астам күттім, бұл өз алдына жайсыздық тудырды. Мен жылыну үшін ішке кіремін деп шешкенімде, мен бөлмеде болу құқығынан айырылдым. Бұл бас тарту заңды негізге ие болмады және менің дәріхана қызметтерін алуға құқығы бар тұтынушы ретіндегі құқығымды бұзды. Сондай-ақ, мұндай әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасында көзделген құқықтарымды бұзатындықтан, болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін шаралар қабылдауды талап етемін.
2. Қызметкерлердің дұрыс емес және агрессивті мінез-құлқы Дәріхана қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау барысында мен медициналық және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуде жол берілмейтін дұрыс емес және агрессивті мінез-құлыққа тап болдым. Дәріхана қызметкері, шамамен 50 жастағы әйел маған қатысты өте дөрекі және агрессивті әрекет етті. Мұндай мінез-құлық негізгі кәсіби этиканы бұзады және келушілерге толық құрмет көрсетпейтінін көрсетеді. Менің ойымша, мұндай көзқарас, әсіресе, тұтынушылар жиі көмек пен қолдауды қажет ететін денсаулық сақтау және фармацевтика салаларында қабылданбайды. Осындай мінез-құлыққа жол берген қызметкерлерге қызметтік тексеру жүргізіп, шара қолдануыңызды, сондай-ақ олардың кәсіби және этикалық дайындығын арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыруыңызды сұраймын.
3. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын бұзу және келісімсіз түсіру Оқиға кезінде мен аптеканың ішінде болу құқығымды түсіндірмек болғанымда, қызметкерлердің бірі менің келісімімсіз телефонына түсіре бастады. Бұл менің жеке өмірге және жеке қауіпсіздікке құқығымды тікелей бұзу болып табылады. Мен бейнежазбаға рұқсат бермедім, ал қызметкердің әрекеті мүлдем негізсіз болды. Заңға сәйкес, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, адамдарды олардың келісімінсіз түсіруге тыйым салынады. Осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп, дәріхана қызметкерлеріне тиісті шара қолдануыңызды сұраймын. Жауап болмаса, мен жоғары органдарға хабарласуға мәжбүр боламын. Рақмет!


Обидчик: Dem
Страна: Казахстан
Область: Алматинская область
Город: Алматы
Адрес: Жас Даурен, 557
Телефон: 87474952998
  <  

Читайте также

ДП ВКО
В отношении начальника Шемонаихинского районного отдела полиции

Министерство образования и науки РК
Жалоба на директора школы и одного из родителя учеников

Травмпункт Темиртау
Хамское поведение, нетрезвое состояние

Г.Сулейменова главный врач ГКП на ПХВ ГНЦМСК
Произвол в наркологии, просим помощи

ТОО «Megadent company» PRESTIGE dental clinic
ЖАЛОБА (на некачественно оказанные медицинские услуги, некорректное поведения лечащего врача, невыдача квитанций, а так же несвоевременного не выдача договоров и.т.д)

АО "Kaspi Bank", Михаил Ламтадзе
Жалоба - обращение

Министерство здравоохранения РК
Несвоевременное оказание скорой медицинской помощи, повлекшее смерть пациента

Врач КИМ ТАТЬЯНА ПЕТРОВНА
Агрессивное поведение терапевта

Транс работает в орбите по имени Анэля
Осторожно !

МВД РК
Вымогатель должен уйти!!!