Алтынкөл станциясы кассирі
29.06.2017 жылы Алтынкөл станциясы кассирінің жолаушылармен салғыртқ қатынасы және қызметтік міндетін орындауда салғырттық танытуынан орын алған жағдай

Авто и транспорт / КТЖ

29.06.2017 жылы Алтынкөл станциясынан сағат 15.10 аттанатын Алтынколь-Астана Нұрлы жол 071ЦА поездіне қолымызда билет бола тұрып, 3 минут кешігіп келіп, үлгермей қалдық. Билет интернет арқылы сатылып алынған. Сондықтан билетті қайтару үшін кассаға барғанымызда кассир өтінішімізге құлықсыз жауап берді. Оны қайтаруға өтініш жазу керектігін, бірақ өтініштің жауабы ертең ғана анықталатынын айтты. Кассирдің аты-жөнін білмеймін, себебі оның кеудесінде не бейджігі, не касса алдында аты-жөні жазылған табличка болмады. Мен Қазақстан темір жол анықтама телефондары арқылы мән-жайды анықтағаннан кейін, кассирге қайта барып, билетті қайтару үшін 1 сағат ішінде өтініш жазу керектігін айттым. Біз екі адамға алған билетіміз үшін халық банкінің карточкасы арқылы төлем жасағанымызды, егер өтініш жазсақ, жауабын электронды адрес арқылы немесе анықтама телефондар арқылы білууге болатынын түсіндірдім. Бірақ, кассир бәрібірде біздің мәселемізді шешуде салғырттық танытып, уақыт созып отырып алды. Мен алған бетімнен қайтпайтынымды айтқандықтан, біршама уақыттан кейін ғана өтінішімізді қабылдауға кірісті. Алайда өтінішімізді интернет арқылы тіркеуге әрекеттенгенде оның кетпей қойғанын, уақыттың өтіп кеткенінен болуы мүмкін екендігімен түсіндірді. Біз касса жанында 3 сағатқа жуық уақыт жүрдік. Сол аралықта кассир қызметтік міндетін орындауға салғырттық танытпағанда, мәселені шешуге болар еді деп ойлаймын. Қолымда жазған өтінімнің көшірмесі ғана бар. Кассир: "Оған қол қойылмайды, мен бәрібір интернет арқылы тіркеймін"- деп жауап берді. Осы мәселелде кассирдің салғырттығынан билетке төлеген сомасының ішінара өтелу мүмкіндігінен айырылып отырғандықтан шара қолдануларыңызды сұраймын. Осы өтінішіме билеттердің көшірмесін келтіріп отырмын. Иманбай Гүлбахыт. Тұрғылықты мекен жайым: Қарағанды қаласы Абай ауданы Топар кенті Грибоедова көшесі 32 үй. Байланыс телефондарым: 8-747-383-03-44, 8-721-53-3-04-66, электронды адрес - 127510@mail.ru


Обидчик: Алтынкөл станциясы кассирі
Страна: Казахстан
  <     >  

Читайте также

Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы
Шет аудандық прокурорының заңсыз шығарылған ұсынысына

ТОО Стоматология города Атырау
Халатность

Пашимов М
Жалоба о незаконных действиях главного врача

Бауыржанұлы Жандос
Жалоба на врача

Земельный комитет
О земле

Сот, Прокуратура, Полиция, т.б
ШҚО Оскемен Семей. Арнайы тапсырыс

Министр здравахранение
Шағым

Жамбыл аудандық орталық аурухана
Дәрігерлердің бассыздығы

Министерство юстиции РК, судебный исполнитель
Жалоба