Жалобы и отзывы » Авто и транспорт » Жалоба / отзыв: Алтынкөл станциясы кассирі - 29.06.2017 жылы Алтынкөл станциясы кассирінің жолаушылармен салғыртқ қатынасы және қызметтік міндетін орындауда салғырттық танытуынан орын алған жағдай | #13117

Жалоба / отзыв
Алтынкөл станциясы кассирі
29.06.2017 жылы Алтынкөл станциясы кассирінің жолаушылармен салғыртқ қатынасы және қызметтік міндетін орындауда салғырттық танытуынан орын алған жағдай

29.06.2017 жылы Алтынкөл станциясынан сағат 15.10 аттанатын Алтынколь-Астана Нұрлы жол 071ЦА поездіне қолымызда билет бола тұрып, 3 минут кешігіп келіп, үлгермей қалдық. Билет интернет арқылы сатылып алынған. Сондықтан билетті қайтару үшін кассаға барғанымызда кассир өтінішімізге құлықсыз жауап берді. Оны қайтаруға өтініш жазу керектігін, бірақ өтініштің жауабы ертең ғана анықталатынын айтты. Кассирдің аты-жөнін білмеймін, себебі оның кеудесінде не бейджігі, не касса алдында аты-жөні жазылған табличка болмады. Мен Қазақстан темір жол анықтама телефондары арқылы мән-жайды анықтағаннан кейін, кассирге қайта барып, билетті қайтару үшін 1 сағат ішінде өтініш жазу керектігін айттым. Біз екі адамға алған билетіміз үшін халық банкінің карточкасы арқылы төлем жасағанымызды, егер өтініш жазсақ, жауабын электронды адрес арқылы немесе анықтама телефондар арқылы білууге болатынын түсіндірдім. Бірақ, кассир бәрібірде біздің мәселемізді шешуде салғырттық танытып, уақыт созып отырып алды. Мен алған бетімнен қайтпайтынымды айтқандықтан, біршама уақыттан кейін ғана өтінішімізді қабылдауға кірісті. Алайда өтінішімізді интернет арқылы тіркеуге әрекеттенгенде оның кетпей қойғанын, уақыттың өтіп кеткенінен болуы мүмкін екендігімен түсіндірді. Біз касса жанында 3 сағатқа жуық уақыт жүрдік. Сол аралықта кассир қызметтік міндетін орындауға салғырттық танытпағанда, мәселені шешуге болар еді деп ойлаймын. Қолымда жазған өтінімнің көшірмесі ғана бар. Кассир: "Оған қол қойылмайды, мен бәрібір интернет арқылы тіркеймін"- деп жауап берді. Осы мәселелде кассирдің салғырттығынан билетке төлеген сомасының ішінара өтелу мүмкіндігінен айырылып отырғандықтан шара қолдануларыңызды сұраймын. Осы өтінішіме билеттердің көшірмесін келтіріп отырмын. Иманбай Гүлбахыт. Тұрғылықты мекен жайым: Қарағанды қаласы Абай ауданы Топар кенті Грибоедова көшесі 32 үй. Байланыс телефондарым: 8-747-383-03-44, 8-721-53-3-04-66, электронды адрес - [email protected]

Жалоба-отзыв: Алтынкөл станциясы кассирі - 29.06.2017 жылы Алтынкөл станциясы кассирінің жолаушылармен салғыртқ қатынасы және қызметтік міндетін орындауда салғырттық танытуынан орын алған жағдай.  Фото №1  Жалоба-отзыв: Алтынкөл станциясы кассирі - 29.06.2017 жылы Алтынкөл станциясы кассирінің жолаушылармен салғыртқ қатынасы және қызметтік міндетін орындауда салғырттық танытуынан орын алған жағдай.  Фото №2 
Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс