ДЧС Алматинской области
Незаконные действия начальника ДЧС Алматинской области

Безопасность

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Бектенов Олжас Абайұлына

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Б.Асыловқа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Төрағасы А.Жұмағалиға

Құрметті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Олжас Абайұлы!

Біз, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ұжымы, қазіргі басқарып отырған Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Тойчубеков Аскар Тасболатовичтің заңсыз сыбайлас жемқорлық жүйесін құрып отырғанын және өзінің лауазымын асыра пайдаланып заңсыз іс-әрекеттер жасап отырғаны туралы 11.10.2023 жылы Қазақстанның электронды арыздар мен шағымдар кітабына (Книга жалоб и отзывов Казахстана ZHALOBIKZ.COM) Арызымызды салғанбыз.
Алайда, бүгінгі кунге дейін 11.10.2023 жылғы Арызда көрсетілген адресаттар- жоғары тұрған басшылық тарапынан ешқандай тексеру іс-әрекеттері болған жоқ.
Тойчубеков А.Т. біздің жазған Арызымыздың астынан комментарияға, жазылған Арыз ешқандай дәлелсіз деп, бір сөзбен көрсеткен. Дәлелсіз болса неге әрбір көрсетілген заңсыз іс-әрекеттерге дәлелдерін жазбайды?
АО ТЖД бастығы полковник Тойчубеков А.Т. департамент қызметкерлеріне ұжым атынан жазылған арызды, теріске шығарып опровержение жаздырып, ҚР Төтенше жағдайлар Министріне жолдаған. Әрине ешқандай қызметкер, арызды растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқып, ашық растамайды.

АО ТЖД бастығы полковник Тойчубеков А.Т. заңсыз сыбайлас жемқорлық жүйесін құрып отырғанын және өзінің лауазымын асыра пайдаланып заңсыз іс-әрекеттер жасап отырғаны туралы төмендегідей арызданамыз.

1) Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицерін лауазымынан заңсыз босатылды. Аға офицердің босатылуы туралы контракті мерзімі әлі бітпеген. Өйткені аға офицер лауазымы басқа адамға керек болған.
Кадр саясаты басқармасының бастығы подполковник Б.Калиев Қазақстан Республикасының әдеп кодексін бұзып, Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицерін балағаттап, өрескел сөздерді айтып, ар-намысына тиген.
Қазіргі кезде, Алматы қалалық Әскери сотында құқық бұзушылық бойынша іс қаралуда. (тексеріс жүргізілсе дәлелді).
2) 2023 жылы көктемде зейнетке шыққан АО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бельдібаев Қуат Майтаевичті (А.Тойчубековтың Алматы өрт техникалық училещесінде бірге оқыған курстасы) Алматы облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ «Жедел құтқару жасағының» бастығының орынбасары етіп тағайындады.
«Жедел құтқару жасағының» қаншама жылдардан бері қызмет өткеріп жүрген құтқарушыларын жоғарылатудың орнына өзінің зейнетке шыққан (зейнет ақысы бар) курстасын Қ.Бельдібаевты басшылық лауазымына тағайындап отыр. Осыдан кейін, құтқарушылардың қызметке деген қалай ынтасы болады?
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
3) Ағымдағы жылы Алматы облысының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ гарнизонына жаңдан өрт сөндіру техникалары алынған болатын, соның ішінде: Қонаев қаласындағы 1-ӨСБ, Өтеген-батырдағы 8-ӨСБ және Талғар қаласындағы 2-МӨСБ бөлімдеріндегі өрт сөндіру техникаларының үстіне шығатын сатысының зауыттық ақауларына байланысты, 1-ӨСБ, 8-ӨСБ, 2-МӨСБ жүргізушілері (3-адам) қызмет кезінде саусақтарын кесіп алған.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы, 66-бабы «Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер», 5-тармағына сәйкес, «Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi» - делінген.
Алайда, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары В.Зобов бұл фактілерді 1-ӨСБ, 8-ӨСБ, 2-МӨСБ жүргізушілерін алдап, зақымдануларына ешқандай төлем ақы төлемеген. ТЖ минстрлігіне арнайы хабарлама жолдамаған, ешқайда тіркемеген. Жүргізушілермен орын алған оқыс оқиға фактілерін жасырып қалған.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- қызмет кезінде жарақат алған қызметкерлер жұмыстан шығып кеткен, тексеріс кезінде сол жарақат алған қызметкерлердің өздерін табу керек).
(В.Зобов, басқа (жарақат алмаған) қызметкерлерден, қызметтен тыс уақытта жарақат алғанбыз деп түсініктерін жаздырып алған).
4) А.Тойчубеков сыбайлас жемқорлық жүйесін құру үшін өзінің қарамағына, жеке басының қызығушылығымен сыбайлас қызметкерлерін тағайындап қойған.
2019 жылы Қарасай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған Самат Кенжехан өзінің қызметтік орнында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің қызметкерлерімен 1 жүк көлікпен құрылыс ретінде пара алып ұсталған болатын. Осы факті Қазақстанның NUR.KZ, TENGRI NEWS ақпараттық жаңалықтар әлеуметтік желілері арқылы да жарықтандырылған болатын.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
Алайда, Самат Кенжехан пара алу фактісі мәселесін шешіп, жұмыстан босатылмады. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің ұсынысымен лауазымынан төмендетілді.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
Алайда, қазіргі кезде 2022 жылдың күз мезгілінен бастап А.Тойчубековтың өзі жеке мүддесінің қызығушылығымен Самат Кенжеханды Облыстық Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы етіп тағайындады.
Самат Кенжехан облыс көлеміндегі ірі мекемелердің өрт техникалық тексерулерін жүргізіп және тексерудің қорытындысын толық өз айтқанымен жауып отырады. Яғни, облыс көлеміндегі ірі мекемелерді өрт техникалық тексерулерін жүргізіп анықталған өрескел кемшіліктерді көрсетпей, өз мүддесіне қызметін асыра пайдаланып анықталған өрескел кемшіліктерге көз жұмып парамен жауып отыр.
Бұл істерінің барлығы А.Тойчубековпен тікелей байланысты екені сөзсіз.
Осыған байланысты, облыс көлеміндегі ірі мекемелердің бақылау қадағалау істерін толық тексеру қажет.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
5) Сонымен қатар, Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің бастығы А.Кубрак ай сайын аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінен 15000 (он бес мыңнан) жинап алып отырады.
Бүгінгі күнге дейін, А.Кубрак анықтау бөлімінің бастығы лауазымын басқару кезінде Алматы облсының аумағында болып жатқан ірі көлемде орын алып жатқан өрттердің біруінде де Қылмыстық іс қозғамаған, оның себебі, мүмкін өз мүддесіне лауазымын асыра пайдаланып жатқан болу керек.
Сонымен қатар, тексеруге келген комиссия құрамы, Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлерінен құпия анкета алулары қажет деп санаймыз. Себебі, келген комиссияға ашық түрде ешқандай қызметкер айтып жазбайды.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- алайда қызметкерлер пара алу фактісін растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқады).
6) 2022 жылы 12 сәуірде Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментімен Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Е.Ахашовтың сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен Қапшағай қаласындағы казинодан пара алу фактісімен әшкерленіп, Сот Үкімімен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені расталды.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
Алайда, Алматы облысы ТЖД бастығы А.Тойчубековтің бірінші орынбасары Е.Ахашовтың Сот Үкімімен сыбайлас жемқорлықпен айналысу фактісі бар екені расталсада. Алматы облысы ТЖД бастығы А.Тойчубеков қызметінен босатылудың орнына, өз қызметін жалғастыруда!
А.Тойчубековтың бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлық фактісімен әшкерленседе, А.Тойчубеков Заң алдында жазасыздығын сезініп, әлі күнге дейін заңсыз сыбайлас жемқорлық жүйесін жалғастыруда және қызметкерлерден пара алуды тоқтатқан жоқ!
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, А.Тойчубековтің Заң алдында жазасыз шығып кететіндігін көрген соң, шарасыз жағдайда болғандықтан А.Тойчубековтің сұраған ақшасын беріп отырады. Ал сұраған ақшасын бермеген қызметкерлерге, А.Тойчубеков өзінің лауазымын асыра пайдаланып заңсыз іс-әрекет көрсетіп, немесе қызметкерлерге түрлі қысымдар көрсетіп отырады.
Мүмкін, А.Тойчубеков өзінің лауазымына және оған қолдау көрсетіп отырған адамдарға сеніп, қорықпай ақша жинап, пара алуын жалғастыруда шығар.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- алайда қызметкерлер пара алу фактісін растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқады).
7) Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшыларынан тоқсан сайын А.Тойчубеков ақша жинап пара алып отырады.
Аудандық бөлім бастықтарынан ақшаны жинап өткізуді Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Мұрат Сыдыковқа тапсырған.
М.Сыдыков (87017196240 номерімен звондап) түрлі амалдармен ақшаны жинап отырады (кейде қолма-қол бір қызметкерге беруді сұрайды, кейде Каспий голдқа аударуды сұрайды).
Тексеруге келген комиссия құрамы, Алматы облысы ТЖД және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінен толықтай құпия анкета алулары қажет деп санаймыз. Себебі, келген комиссияға ашық түрде ешқандай қызметкер айтып жазбайды.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- алайда қызметкерлер пара алу фактісін растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқады).

2022 жылдың мамыр айына дейін Алматы облысы мен Жетісу облысы болып бөлінбей жатып, А.Тойчубеков қызметкерлерден ақша жинауды, қазіргі Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары И.Жуковқа тапсырған болатын.
8) "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына сәйкес, (2012 жылы Алматы қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы лауазымында болған А.Тойчубеков) кезектен тыс атестаттаудан, комиссия қорытындысының шешіміне сәйкес – атқарып отырған лауазымына сәйкес емес қорытындысы шығып, төменгі қызметке тағайындалған. Алайда, бұрынғы ҚР Төтенше жағдайлар Министрі Ю.Ильиннің қолдауымен 2020 жылы қазан айында Алматы облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
9) Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымында бірлестік, бір ауыздық жоқ – себебі А.Тойчубеков Алматы облысының ТЖД ұжымын әрқашан екіге бөліп отырады. Ол әрқашанда өзінің жинаған командасын ғана қолдап отырады, ал қалғандарын, әрқашанда бөлектеп, шеттетіп, сонымен қатар, қажет кезде қысымын көрсетіп отырады.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- алайда қызметкерлер осы растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқады).
10) Сондай ақ, басшылық құрамға қызметкерлерді тағайындау кезінде, институтын, қазіргі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын қызметкерлердің арнайы мамандығы бар, яғни, бұрынғы Көкшетау техникалық тамамдаған қызметкерлерден тағайындалса деген өтінішіміз бар.
Өйткені біздің облыста, қазіргі кезде арнайы мамандығы жоқ басшылық құрамы өте көп.
А.Тойшыбеков, қызметкерлерді тағайындау кезінде немесе тағайындау үшін келісімге ұсынылған қызметкерлердің арнайы мамандығы болуы қажет екендігі қызықтырмайды. Мүмкін, А.Тойшыбеков қызметін асыра пайдаланып, өз мүддесіне басқа қызығушылығы бар болар. (А.Тойшыбековтың ұсынысымен басшылық құрамға тағайындалған қызметкерлерді тексеріп көру қиын емес).
Осындай жағдайда біздің сұрағамыз бар? Ондай болса, не үшін біздің елімізде М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы құрылып отыр, не үшін біздің азаматтар Көкшетау техникалық институтында оқып бітіріп жүр.
Арнайы мамандығы бар қызметкерлер, біздің облыста жәй ғана қатардағы қызметті атқарып жүр. Бұндай саясатпен, Көкшетау техникалық институтын тамамдаған қызметкерлердің жұмысқа, қызметке ынталандыру деңгейі төмендейді деп санаймыз.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).

Департамент бастығы А.Тойчубековтің сыбайлас жемқорлық жүйесін құруы және сыбайлас жемқорлыққа жол беріп әр түрлі себеппен Алматы облысы төтенше жағдалар департаментінің лауазымды тұлғаларының жұмыс барысында заңсыз қамқорлық көрсету үшін аталған пара алу деректері бойынша тергеу жұмыстарын егжей-тегжейлі жүргізіп, тиісті, әділ Заң аясында шара қабылдауыңызды сұраймыз.

Құрметпен,
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ» ұжымы


Обидчик: ДЧС Алматинской области
Страна: Казахстан
Область: Алматинская область
Город: Конаев
  <     >  

Читайте также

Прокуратура и ДП Кызылординской области
Грязная совесть правоохранительных органов Кызылординской области

ИМАНМАДИЕВ ДАУРЕН - ПОЗОР ДЕПАРТАМЕНТА ПОЛИЦИИ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ!
ПОЗОР ДЕПАРТАМЕНТУ ПОЛИЦИИ ВКО! ДАЖЕ ПРОЧИТАТЬ НЕ МОЖЕТЕ ЖАЛОБУ И ОТВЕТИТЬ ПО СУЩЕСТВУ!

Иманмадиев Даурен
ПОЗОР ДЕПАРТАМЕНТУ ПОЛИЦИИ ВКО

Департамент полиции
Нач дп

ДЧС Улытау
Жалоба

Клевета
Коллективное обращение

Департамент полиции Восточно-Казахстанской области
Беспредел в Департаменте полиции ВКО

ДЧС Алматинской области
Незаконные действия начальника ДЧС Алматинской области

ДП ВКО
В отношении начальника Шемонаихинского районного отдела полиции

Департамент полиции и Прокуратура ВКО
ПОЗОР ДЕПАРТАМЕНТУ ПОЛИЦИИ ВКО И ПРОКУРАТУРЕ ВКО!