Жалобы и отзывы » Безопасность » Жалоба / отзыв: ДЧС Алматинской области - Незаконные действия начальника ДЧС Алматинской области | #20740

Жалоба / отзыв
ДЧС Алматинской области
Незаконные действия начальника ДЧС Алматинской области

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Бектенов Олжас Абайұлына

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Б.Асыловқа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Төрағасы А.Жұмағалиға

Құрметті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Олжас Абайұлы!

Біз, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ұжымы, қазіргі басқарып отырған Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Тойчубеков Аскар Тасболатовичтің заңсыз сыбайлас жемқорлық жүйесін құрып отырғанын және өзінің лауазымын асыра пайдаланып заңсыз іс-әрекеттер жасап отырғаны туралы 11.10.2023 жылы Қазақстанның электронды арыздар мен шағымдар кітабына (Книга жалоб и отзывов Казахстана ZHALOBIKZ.COM) Арызымызды салғанбыз.
Алайда, бүгінгі кунге дейін 11.10.2023 жылғы Арызда көрсетілген адресаттар- жоғары тұрған басшылық тарапынан ешқандай тексеру іс-әрекеттері болған жоқ.
Тойчубеков А.Т. біздің жазған Арызымыздың астынан комментарияға, жазылған Арыз ешқандай дәлелсіз деп, бір сөзбен көрсеткен. Дәлелсіз болса неге әрбір көрсетілген заңсыз іс-әрекеттерге дәлелдерін жазбайды?
АО ТЖД бастығы полковник Тойчубеков А.Т. департамент қызметкерлеріне ұжым атынан жазылған арызды, теріске шығарып опровержение жаздырып, ҚР Төтенше жағдайлар Министріне жолдаған. Әрине ешқандай қызметкер, арызды растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқып, ашық растамайды.

АО ТЖД бастығы полковник Тойчубеков А.Т. заңсыз сыбайлас жемқорлық жүйесін құрып отырғанын және өзінің лауазымын асыра пайдаланып заңсыз іс-әрекеттер жасап отырғаны туралы төмендегідей арызданамыз.

1) Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицерін лауазымынан заңсыз босатылды. Аға офицердің босатылуы туралы контракті мерзімі әлі бітпеген. Өйткені аға офицер лауазымы басқа адамға керек болған.
Кадр саясаты басқармасының бастығы подполковник Б.Калиев Қазақстан Республикасының әдеп кодексін бұзып, Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицерін балағаттап, өрескел сөздерді айтып, ар-намысына тиген.
Қазіргі кезде, Алматы қалалық Әскери сотында құқық бұзушылық бойынша іс қаралуда. (тексеріс жүргізілсе дәлелді).
2) 2023 жылы көктемде зейнетке шыққан АО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бельдібаев Қуат Майтаевичті (А.Тойчубековтың Алматы өрт техникалық училещесінде бірге оқыған курстасы) Алматы облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ «Жедел құтқару жасағының» бастығының орынбасары етіп тағайындады.
«Жедел құтқару жасағының» қаншама жылдардан бері қызмет өткеріп жүрген құтқарушыларын жоғарылатудың орнына өзінің зейнетке шыққан (зейнет ақысы бар) курстасын Қ.Бельдібаевты басшылық лауазымына тағайындап отыр. Осыдан кейін, құтқарушылардың қызметке деген қалай ынтасы болады?
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
3) Ағымдағы жылы Алматы облысының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ гарнизонына жаңдан өрт сөндіру техникалары алынған болатын, соның ішінде: Қонаев қаласындағы 1-ӨСБ, Өтеген-батырдағы 8-ӨСБ және Талғар қаласындағы 2-МӨСБ бөлімдеріндегі өрт сөндіру техникаларының үстіне шығатын сатысының зауыттық ақауларына байланысты, 1-ӨСБ, 8-ӨСБ, 2-МӨСБ жүргізушілері (3-адам) қызмет кезінде саусақтарын кесіп алған.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы, 66-бабы «Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер», 5-тармағына сәйкес, «Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi» - делінген.
Алайда, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары В.Зобов бұл фактілерді 1-ӨСБ, 8-ӨСБ, 2-МӨСБ жүргізушілерін алдап, зақымдануларына ешқандай төлем ақы төлемеген. ТЖ минстрлігіне арнайы хабарлама жолдамаған, ешқайда тіркемеген. Жүргізушілермен орын алған оқыс оқиға фактілерін жасырып қалған.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- қызмет кезінде жарақат алған қызметкерлер жұмыстан шығып кеткен, тексеріс кезінде сол жарақат алған қызметкерлердің өздерін табу керек).
(В.Зобов, басқа (жарақат алмаған) қызметкерлерден, қызметтен тыс уақытта жарақат алғанбыз деп түсініктерін жаздырып алған).
4) А.Тойчубеков сыбайлас жемқорлық жүйесін құру үшін өзінің қарамағына, жеке басының қызығушылығымен сыбайлас қызметкерлерін тағайындап қойған.
2019 жылы Қарасай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған Самат Кенжехан өзінің қызметтік орнында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің қызметкерлерімен 1 жүк көлікпен құрылыс ретінде пара алып ұсталған болатын. Осы факті Қазақстанның NUR.KZ, TENGRI NEWS ақпараттық жаңалықтар әлеуметтік желілері арқылы да жарықтандырылған болатын.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
Алайда, Самат Кенжехан пара алу фактісі мәселесін шешіп, жұмыстан босатылмады. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің ұсынысымен лауазымынан төмендетілді.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
Алайда, қазіргі кезде 2022 жылдың күз мезгілінен бастап А.Тойчубековтың өзі жеке мүддесінің қызығушылығымен Самат Кенжеханды Облыстық Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы етіп тағайындады.
Самат Кенжехан облыс көлеміндегі ірі мекемелердің өрт техникалық тексерулерін жүргізіп және тексерудің қорытындысын толық өз айтқанымен жауып отырады. Яғни, облыс көлеміндегі ірі мекемелерді өрт техникалық тексерулерін жүргізіп анықталған өрескел кемшіліктерді көрсетпей, өз мүддесіне қызметін асыра пайдаланып анықталған өрескел кемшіліктерге көз жұмып парамен жауып отыр.
Бұл істерінің барлығы А.Тойчубековпен тікелей байланысты екені сөзсіз.
Осыған байланысты, облыс көлеміндегі ірі мекемелердің бақылау қадағалау істерін толық тексеру қажет.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
5) Сонымен қатар, Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің бастығы А.Кубрак ай сайын аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінен 15000 (он бес мыңнан) жинап алып отырады.
Бүгінгі күнге дейін, А.Кубрак анықтау бөлімінің бастығы лауазымын басқару кезінде Алматы облсының аумағында болып жатқан ірі көлемде орын алып жатқан өрттердің біруінде де Қылмыстық іс қозғамаған, оның себебі, мүмкін өз мүддесіне лауазымын асыра пайдаланып жатқан болу керек.
Сонымен қатар, тексеруге келген комиссия құрамы, Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлерінен құпия анкета алулары қажет деп санаймыз. Себебі, келген комиссияға ашық түрде ешқандай қызметкер айтып жазбайды.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- алайда қызметкерлер пара алу фактісін растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқады).
6) 2022 жылы 12 сәуірде Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментімен Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Е.Ахашовтың сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен Қапшағай қаласындағы казинодан пара алу фактісімен әшкерленіп, Сот Үкімімен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені расталды.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
Алайда, Алматы облысы ТЖД бастығы А.Тойчубековтің бірінші орынбасары Е.Ахашовтың Сот Үкімімен сыбайлас жемқорлықпен айналысу фактісі бар екені расталсада. Алматы облысы ТЖД бастығы А.Тойчубеков қызметінен босатылудың орнына, өз қызметін жалғастыруда!
А.Тойчубековтың бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлық фактісімен әшкерленседе, А.Тойчубеков Заң алдында жазасыздығын сезініп, әлі күнге дейін заңсыз сыбайлас жемқорлық жүйесін жалғастыруда және қызметкерлерден пара алуды тоқтатқан жоқ!
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, А.Тойчубековтің Заң алдында жазасыз шығып кететіндігін көрген соң, шарасыз жағдайда болғандықтан А.Тойчубековтің сұраған ақшасын беріп отырады. Ал сұраған ақшасын бермеген қызметкерлерге, А.Тойчубеков өзінің лауазымын асыра пайдаланып заңсыз іс-әрекет көрсетіп, немесе қызметкерлерге түрлі қысымдар көрсетіп отырады.
Мүмкін, А.Тойчубеков өзінің лауазымына және оған қолдау көрсетіп отырған адамдарға сеніп, қорықпай ақша жинап, пара алуын жалғастыруда шығар.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- алайда қызметкерлер пара алу фактісін растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқады).
7) Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшыларынан тоқсан сайын А.Тойчубеков ақша жинап пара алып отырады.
Аудандық бөлім бастықтарынан ақшаны жинап өткізуді Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Мұрат Сыдыковқа тапсырған.
М.Сыдыков (87017196240 номерімен звондап) түрлі амалдармен ақшаны жинап отырады (кейде қолма-қол бір қызметкерге беруді сұрайды, кейде Каспий голдқа аударуды сұрайды).
Тексеруге келген комиссия құрамы, Алматы облысы ТЖД және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінен толықтай құпия анкета алулары қажет деп санаймыз. Себебі, келген комиссияға ашық түрде ешқандай қызметкер айтып жазбайды.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- алайда қызметкерлер пара алу фактісін растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқады).

2022 жылдың мамыр айына дейін Алматы облысы мен Жетісу облысы болып бөлінбей жатып, А.Тойчубеков қызметкерлерден ақша жинауды, қазіргі Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары И.Жуковқа тапсырған болатын.
8) "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына сәйкес, (2012 жылы Алматы қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы лауазымында болған А.Тойчубеков) кезектен тыс атестаттаудан, комиссия қорытындысының шешіміне сәйкес – атқарып отырған лауазымына сәйкес емес қорытындысы шығып, төменгі қызметке тағайындалған. Алайда, бұрынғы ҚР Төтенше жағдайлар Министрі Ю.Ильиннің қолдауымен 2020 жылы қазан айында Алматы облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).
9) Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымында бірлестік, бір ауыздық жоқ – себебі А.Тойчубеков Алматы облысының ТЖД ұжымын әрқашан екіге бөліп отырады. Ол әрқашанда өзінің жинаған командасын ғана қолдап отырады, ал қалғандарын, әрқашанда бөлектеп, шеттетіп, сонымен қатар, қажет кезде қысымын көрсетіп отырады.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді- алайда қызметкерлер осы растауға ҚР ТЖМ тарапынан, қызметте қудалауға тусуінен қорқады).
10) Сондай ақ, басшылық құрамға қызметкерлерді тағайындау кезінде, институтын, қазіргі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын қызметкерлердің арнайы мамандығы бар, яғни, бұрынғы Көкшетау техникалық тамамдаған қызметкерлерден тағайындалса деген өтінішіміз бар.
Өйткені біздің облыста, қазіргі кезде арнайы мамандығы жоқ басшылық құрамы өте көп.
А.Тойшыбеков, қызметкерлерді тағайындау кезінде немесе тағайындау үшін келісімге ұсынылған қызметкерлердің арнайы мамандығы болуы қажет екендігі қызықтырмайды. Мүмкін, А.Тойшыбеков қызметін асыра пайдаланып, өз мүддесіне басқа қызығушылығы бар болар. (А.Тойшыбековтың ұсынысымен басшылық құрамға тағайындалған қызметкерлерді тексеріп көру қиын емес).
Осындай жағдайда біздің сұрағамыз бар? Ондай болса, не үшін біздің елімізде М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы құрылып отыр, не үшін біздің азаматтар Көкшетау техникалық институтында оқып бітіріп жүр.
Арнайы мамандығы бар қызметкерлер, біздің облыста жәй ғана қатардағы қызметті атқарып жүр. Бұндай саясатпен, Көкшетау техникалық институтын тамамдаған қызметкерлердің жұмысқа, қызметке ынталандыру деңгейі төмендейді деп санаймыз.
(тексеріс жүргізілсе дәлелді).

Департамент бастығы А.Тойчубековтің сыбайлас жемқорлық жүйесін құруы және сыбайлас жемқорлыққа жол беріп әр түрлі себеппен Алматы облысы төтенше жағдалар департаментінің лауазымды тұлғаларының жұмыс барысында заңсыз қамқорлық көрсету үшін аталған пара алу деректері бойынша тергеу жұмыстарын егжей-тегжейлі жүргізіп, тиісті, әділ Заң аясында шара қабылдауыңызды сұраймыз.

Құрметпен,
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ» ұжымы

Дата публикации:

Обидчик: ДЧС Алматинской области

Страна: Казахстан   Область: Алматинская область   Город: Конаев

Категория: Безопасность

1 комментарий

9 ноября 2023 16:36
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Б.Н. Асыловқа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
А.Ж. Жұмағалиға

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі С.Д. Шәріпхановқа

Өтініш

Алматы облысы ТЖ департаменті мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы белгісіз адамның "жалобы.кз.сом" сайтына полковник А.Т. Тойшыбековке қатысты орналастырған өтінішіне өздерінің ызасын білдіруде. Анонимді шағымда ешқандай растаулар жоқ, бұл ТЖД бастығына және Біздің атымыздан жасырын түрде қол қойып, облыс гарнизонына жала жабу үшін жасалған.
Полковник А.Т. Тойшыбеков өте сауатты, кәсіби денгейі жоғары, адал, өз ісіне берілген басшы екенің сеніммен айтамыз. Полковник А.Т. Тойшыбеков ҚР Президенті мен ТЖМ министрінің азаматтық қорғау органдарының алдына қойған талаптарын толық көлемде орындайды деп есептейміз. Ағымдағы жылдың мамыр айында қол жеткізген жұмысы үшін полковник А.Т. Тойшыбеков Президенттің қолынан 2 дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.
Бұдан басқа, Анықтау бөлімінің бастығы А.И. Кубрактың тарапынан Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан ақша қаражатын алу фактілерінің растамасы жоқ екендігі анықталды.
Облыс аумағында 40 объектілік өрттер орын алды, оның ішінде тәуекелі жоғары объектілерде 4 өрт, шамалы дәрежеде 36 өрт болды.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық, не адамның хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы хабарламасы, кінәсімен келу, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар, қылмыстық қудалау органы дайындаған, немесе жасаған қылмыстық құқық бұзушылық туралы лауазымды адамның баянаты сияқты қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін мәліметтер жеткілікті деректер себеп болады. Бақылаудағы объектілердегі өрт фактілері бойынша ҚР ҚПК-не сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда ҚР ҚПК-нің 179-бабы 4-тармағының сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ал әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болып, өрттің туындауына жол берген кінәлі адамдарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, көрсетілген фактілер бойынша М. М. Сыдыковтың ТЖД аумақтық бөлімшелерінің бастықтарынан "Kaspi.kz"-ке тоқсан сайынғы алымдары бөлігінде расталмайды, бұл туралы "Kaspi.kz" банктік шоттан қабылданған аударымдары туралы үзінді көшірмелер куәландырады.

Алматы гарнизоны Әскери сотының 02.11.2023 жылғы (№7210-23-00-2/345) ұйғарымына сәйкес Д.М. Байсанбаевтың жұмыстан шығару және жеке құрам тізімдерден шығару туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы Департаментке берген талап – арызы жойылсын, сондай-ақ мәжбүрлі жұмысқа келмеу уақыты үшін жалақы төлеумен келісімшарт аяқталғанға дейін қызметке қайта қалпына келтіру арызы ҚР АПК 279-бабының 8 тармағына сәйкес қараусыз қалдырылды. сондай-ақ Д. М. Байсанбаевтың растауына байланысты сот отырысында оған "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚРЗ-ның 45-бабын қолданудың заңдылығы және олардың әскери қызметте болуының шекті жасына жетуі бойынша зейнетке шығуға келісімі және одан талап қоюды қараусыз қалдыру туралы арыздың келіп түсуі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз, қауесетке емес, жеке құрам мен жалпы Департаменттің игілігі үшін жасалған еңбегі мен іс-әрекеті бойынша бағалау керек деп санаймыз.

Сіздің объективті шешіміңізге үміттенеміз, өйткені әділетсіз айыптау мен жала жабу біздің үлкен отбасымыз ретінде ұжымдағы жауынгерлік қабілет пен моральдық ахуалды бұзады.

Біз жеке құраммен ашық кеңеске келісеміз және анонимді сауалнама жүргізбей жоғарыда айтылғандарды растауға дайынбыз.

Сонымен қатар, zhalobikz.com Интернет-ресурста орналастырылған шағым бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық қудалау органдарына анонимді өтініштің авторын анықтап жауапкершілікке тарту үшін материалдар жіберілгенін хабарлаймыз.

Құрметпен,
Алматы облысы ТЖ департаменті гарнизонының жеке құрамы.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс