№ 17 "Алакай"
Работа

Бизнес и финансы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы №17 "Алақай"санаториялық ясли-бақша қызметкерлерінің атынан
Арыз
Біздер бір жемқор басшы Сыражанова Қанымшадан құтылып, екіншісі Әбдірашова Ажарға тап болған шарасыз қызметкерлерміз. Айтарымыз 2015жылдың 24 сәуірінен бастап креслоға отырар отырмастан, комиссия келеді деп, адам басына 25000тг -ден жинаудан бастаған басшымыз Әбдірашова Ажардан бастаймыз. Тексеру кеткен соң комиссия мүшелерін бастап, біз танитын аудандық білім бөлімін де, әдіскер қызметін атқаратын Марияға жиналған сомадан 25000теңге қалғанын келген тексерушіге бердім. Ол да аз деп тағы жинатты. Көзіміз ақша жинаудан ашылмайды. Балабақшаға келіп жүрген балалардың тамағы адам төзгісіз. Ешқандай дәрумендер берілмейді. Түскі астан кейін жейтіні 1 тілік нан майымен. Кешкі ас күнделікті манная каша. Айран, жұмыртқа деген берілмейді. Ақай ауылының әкімі Байшораева Райханнан көргеніміз қысым. Жауын-шашын, аптап ыстық демейді. Әкім ханым жұмыс уақытында Байқоңыр қаласына тиесілі жер көлемін тазалауға еріксіз шығарады. Жұмыссыздықтан бөлінген ақшаға жұмысшы адамдар алмай ақшасын өзі жеп, біз сияқты мемлекеттік мекеме қызметкерлерін құлдыққа салып отыр. Жаз бойы мердігерлер бітіріп бермеген Ақай ауылынан ашылған жаңа балабақша 280 орындықты "Балдәурен " балабақшасын жаз бойы тазаладық. Газет-журналға жазылу науқаны басталды. Ал оған келістік. Бұл елдің басындағы кесел ғой. Бірақ алаламау басталып, 1ставкамен жүрген де 0, 75 ставкамен жүрген де 1 сома 8мың теңгеден қинап жазды.1ставкамен 2 тәрбиеші қызметкері ғана жүр, ал қалғаны 075 ставкамен жүрмыз. Басшымыз Әбдірашова Ажар күнде қысқарту деп қорқытады. Сөйте тұра жоғарыға берген ақшамды шығарып алам деп келер-келместен 3 тәрбиеші, 1 көмекші тәрбиеші алды. Егер ол кісі балабақшаны көркейтем деп келген болса, адам алмай қарамағындағыларды үкіметтің азын-аулық тиынымен күнін көре алмай жүрген қызметкелеріне сағаттарын бөліп бермейді ме?! Сағаттап жиналыс жасап, айтатыны сендер аннан қашқан, мыннан қашқан адамсыңдар деп қорлайды. Дәлел керек болса кез келген қызметкер айтып бере алады. Жалақымыз әр айда әр түрлі. Түнгі ауысымға тұрған көмекші тәрбиешілердің жалақысы күндізгі көмекші тәрбиешілерден артық алатыны 2000 теңге. Түк түсінбедік. Құдай үшін сауаты бар азамат болса, біздің еңбекақымызды дұрыстап есептеп берсе екен. Ауданға сенбейміз ауыз жаласқан. Дырдай ғимаратта қағаз жүзінде бухгалтеріміз, шаруашылық меңгерушіміз қосымша қарауыл қызметінің ақшасын алады. Бірақ 9 жыл болды түнге сменге қарауыл болмайды. Кішкентай сәбилермен түнде қонатын 2 көмекші тәрбиеші әйелдер. Балабақшамыз болса айдала жапан дузден, айқайласа адам естімейді, телефон істемейді. Онан қалды "Балдырған" тобында сағат 18-00-ден 22-00-ге дейін көмекші тәрбиеші жоқ. Ата-ана балаға келсе, тәрбиеші 24 баланы тастап, 1 баланы жетектеп төменге түседі. Балабақша ішінде шаңсорғыш мүлде жоқ, көк ала көк шаң сыпырғышпен бұрқыратып жүреді. 9жылдан бері төсеніштер "матрац" ауыстырылмаган, шіріп-іріп сасып жатыр. Жату мүмкін емес. Қорыта келгенде қызметкерлердің еңбекақысы, әсіресе, түнгі ауысымдағы тәрбиешілердің айлығы дұрысталып каралса екен. Кризис кезінде 0, 75 ставкамен жүргізілуі дұрыс па?!


Обидчик: № 17 "Алакай"
Страна: Казахстан
  <     >  

Читайте также

Директор
Жалоба

Не стабильная работа интернета IDNET
Не стабильная работа интернета IDNET

Директор Филиала АО "НК КТЖ""Алматинское отделение магистральной сети"
Незаконное вынесение решение и использование своих служебных полномочий в корыстных целях

Директор Филиала АО "НК КТЖ""Алматинское отделение магистральной сети"
Тема: Незаконные решения и притеснения со стороны руководства

"Компания "Алма-ТВ"
НЕобоснованное отключение сотрудником"Алма-ТВ"клиента "Диджтл-ТВ"

Что делать, если начальник – дурак? Жаловаться!

Бадреева Ксения
Дефектолог

Kaspi bank
Грубые и не профессионалы банка