МВД РК
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа

Политика и гос. структуры

2024 жылдың қараша айында Абай облысы Жарма ауданының аумағында орналасқан «Ақжал» кен байыту заводындағы шахтадан Абай облыстық ішкі істер департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмысқа қарсы бөлімі қызметкерлері алтын ұрлағаны үшін бір топ адамды ұстап алып кеткен болатын. Олардан дәлел ретінде алтын қорытпалары және басқа заттар алынған болатын. Ақжал кен байыту заводы Жарма ауданы орталығынан 30 шақырымдай жерде орналасқан. Осы зауытта өзіндік қауіпсіздік бөлімінің бастығы болып Нұғыманов Қанат Маратович деген адам жұмыс атқарады.
Нұғыманов Қанатты бұл жерге бастық қылып, Абай және ШҚЩ бойынша кен байыту заводтарында УСБ бастығы, бұрын ШҚО Ішкі істер департаментінде 1-ші орынбасары болып істеген Нурғалиев Қадірбек тағайындап отыр. Себебі, бұрын Жарма ауданының полиция бөлімін басқарған Бекбаев Алтай қойғызып отыр, өйткені бұрын Нұғыманов Қанат оның 1-ші орынбасары болып қызмет атқарған.
Нұғыманов Қанат қазіргі кезде алтын шығаратын заводқа өзінің және Бекбаев Алтайдың сенімді адамдарын жинап алған. Қазіргі кезде Бекбаев Алтай, Нұғыманов Қанат және Жарма аудандық полиция бөлімінде әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, бұрын Бекбаев бастық болғанда, Нұғыманов Қанаттан кейінгі орынбасары болған Сағымбаев Асхат қазіргі уақытта - әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, және осы бөлімнің инспекторы болып істейтін Аскап Аслан Жасуланович ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, сол жерге Бекбаев Алтай мен Нұғыманов Қанат өздерінің 5-6 дан адамдарын жұмысқа алып, күніне килограмдап алтын бұйымдарын ұрлап шығарып жүр.
Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстары, яғни алтын бұйымдарын ұрлау мақсаттары алдын-ала жоспарланған. Егер полиция бөлімінен немесе облыстық ПД-нен тексерулер немесе рейдтер келе жатса Сағымбаев Асхат пен Аскап Аслан Жасуланович оларды алдын-ала ескертіп отырады.
2024 жылы 27 қарашада заводтың аумағында жойқын жарылыс болды, соның салдарынан бір адам аяғынан жарақаттанды, ал екінші адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Адамдар өміріне қауіп төнген осының барлығын Жарма аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Сағымбаев Асхат жай ғана жұмыс уақытында жұмысшылар өздері абайсызда байқамай алған дене жарақаттары ретінде тіркетіп, осы оқиға бойынша қылмыстың құрамы жоқ деп келтіріп, істі толықтай жауып тастады.
Осы Бекбаев Алтай, Нұғыманов Қанат, Сағымбаев Асхат, Аскап Аслан Жасуланович және басқа да адамдардан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топ халықтың қазынасын миллиондап, миллиардтап ұрлап жатыр, бұрын 500 гр. ұрласа қазіргі кезде килограмдап ұрлап шығарып жатыр.
Нұғыманов Қанаттың кісілері алтын рудаларын астыдан дайындап шығарып беріп отырады, бұл қылмыстық топтың іс-әрекеттері, жүйелі түрде жалғасып келеді, өте қатты ұйымдасқан, қоғамға өте қауіпті қылмыстық топ. Кейіннен әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Сағымбаев Асхат, Бекбаев Алтай, Аскап Аслан Кентау қаласынан Жасұлан және Әмірхан деген екі адамды алып келіп өзіндік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Нұғыманов Қанат арқылы алтынның жиласы ең көп шығатын екінші участок, 290-шы зона, тоғызыншы бөлімге орналастырып қойды, ол адамдар «жиланың» кәсіби мамандары шығаратын алтын бұйымдарды сол жерден дайындап беріп отырады.
Бекбаев Алтай мен Нұғыманов Қанат Жарма аудандық полиция бөліміндегі қызметтерінен заңсыз түрде алтын рудаларын іздеп, оны заңсыз ұрлаған адамдарға көмек көрсетіп, оларды «крышевать» еткендері үшін жұмыстан босатылып, айғай шумен кеткенін бүкіл Жарма ауданының халқы біледі. Кейіннен ол екеуі тамыр-таныстықтың арқасында зейнеткерлікке шықты. Бекбаев Алтай Жарма аудандық ПБ-нде екі жылдай бастық болып жұмыс істеген, алтын ұрлайтын және басқа да қылмыспен айналысатын адамдармен араласқан, өте жақын қарым қатынаста.
Ал Нұғыманов Қанат пен Сағымбаев Асхат осы Жарма ауданының тумалары, барлықтары да осы аудандағы ұрлық басқа да қылмыс жасайтын адамдарды жақсы таниды, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерімен жақын араласып, оларды әрдайым қолдап, олардан көмектескендері үшін өздеріне тиісті ақыларын алып отырады. Кейіннен Жарма аудандық ПБ-не бастық болып Райстанов Дәулет деген адам тағайындалды, ол адам әкімшілік ПБ-нің бастығы Сағымбаев Асхаттан аса алмайды, ол өзінің қылмыстық жолмен тапқан ақшаларымен байлап тастаған, яғни оған да өзінің үлесін беріп отырады. Сондықтан жаңа бастық Райстанов Дәулет тарапынан ешқандай осы болып жатқан қылмыстарды қадағалау жоқ, Сағымбаев Асхаттың сөзінен асып шыға алмайды.
Жарылыс кезінде жарақат алған екі адам өздерінің қандай жағдайда жараланғаны туралы ІІБ-не арызданбаған, себебі, УСБ-нің бастығы Нұғыманов Қанат, Сағымбаев Асхат, Бекбаев Алтай, Аскап Аслан Жасуланович оларды үгіттеп, дәрі-дәрмекке ақшалай көмектесіп, болған оқиға туралы жария жасамауға көндірген. Себебі, ол екі адам да ол жерге осы қылмыстық топтың құрамында келіп жұмыс істеп жүрген адамдар. Нурғалиев Қадірбек, Нұғыманов Қанатты УСБ-ға қойғанда өте қателік жасады деп санаймыз, себебі, Нұғыманов осы жердің тұрғыны, барлық ұрылармен, қылмыскерлермен жақын араласады.
Асхат Сағымбаев ылғида бізге ешкім ештеңе істей алмайды деп жиі айтып жүреді, себебі менің «крышам» Абай облыстық ПД-нің бастығының орынбасары полковник Базаров Ернар деп, мақтанып жүреді. Өзін қылмыс істеп жүрсе де еркін сезінеді. Осы қылмыстық топтың қазір де, осыған дейін де істеген көптеген қылмыстары бар, бірақ оларға ешкім ештеңе істемейді, сондықтан да олар осы іс әрекеттерін әлі күнге дейін жалғастырып келеді.

Аса мәртебелі президент мырза, сізден осы жер қойнауындағы салада жұмыс атқаратын министрлікте және ІІМ-нде білікті мамандардан құралған адамдардан комиссия жіберіп, осы факт анықталған жағдайда, жоғарыда көрсетілген қылмыстық топ мүшелерінің үстінен қылмыстық іс қозғап, оларға жаза тағайындау үшін қылмыстық істі сотқа жіберуді сұраймыз.


Обидчик: МВД РК
Страна: Казахстан
Область: Восточно-Казахстанская область
  <     >  

Читайте также

РГП Енбек-Оскемен директор Куренов Т.К
Коллективное заявление на директора РГП Енбек-Оскемен МВД Куренова Т.К

ДЧС Алматинской области
Незаконные действия начальника ДЧС Алматинской области

Сот, Прокуратура, Полиция, т.б
ШҚО Оскемен Семей. Арнайы тапсырыс

Министерство юстиции РК, судебный исполнитель
Жалоба

ДЧС Алматинской области
Незаконные действия начальника ДЧС Алматинской области

КУИС МВД РК
Коллективна жалоба на директора РГП Енбек-Оскемен Куренова Т.К

Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы
Шет аудандық прокурорының заңсыз шығарылған ұсынысына

Аксуат
Жумажанов (тори)

РГП Енбек-Оскемен директор Куренов Т.К
Коллективная жалоба на директора РГП Енбек-Оскемен Куренова Т.К

Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаевқа
А Р Ы З