Мен алғашқы перзентімді Шелекте босандым. Маған ұнамағаны медсестралар мен врачтардың өздерін ұстауы, мен асхананың жанындағы палатада жаттым, кешкісін асханада роддом қызметкерлерінің шуылдап босанып жатқан әйелдер жайлы жағымсыз әңгімелер айтуы, одан қаса босанған әйелдерден кеп жейтін бір нәрсе бар ма деп сұрап кетуі, сосын роддомнан шығар кезде киініп үлгердің ба үлгермедің ба бәрібір сені қуып тезірек шығаруға асығатыны.
Жиіркенішті тіпті сонда босануға, у-шу, лас, төсектерінің түрі анау, мың жыл бойы қолданып келе жатқан төсек.
Әрине, ауылдың әйелдеріне бәрібір. Олар айтуды да білмейді.
Бірақ ауыл ғой деп әйелдерді менсінбеушілік, өз мамандығыны немқұрайлық танытуға болмайды ғой.
0 комментариев