Салеметсіздер ме! Таңертен және де кешке №46-шы автобусында адам саны өте көп, кейбір кезде кешке жұмыстан шығарда автобусқа сыймай қаламыз, содан келесі 46 ны күтеміз. Сіздерге өтініш Көктал-2 ден және де Көктал-1 ден Экспо жаққа, Назарбаев Университетіне қарай 1 жаңадан автобусты жіберулеріңізді өтінемін. Себебі Көкталдан Назарбаев Университеті жағына баратын адам саны өте көп.Қаншама адам Экспо жаққа 1 ғана 46-ға мініп содан кейін одан түсіп басқа автобусқа отырып барады яғни пересадкамен. Біз жұмысқа ерте шықсақ та пересадкамен барғанша жұмыстан қалып қоямыз. Біздің талабымызды орындайсыздар деген үміттеміз...
0 комментариев