Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: АвтоЦОН г. Семей - Арыз | #16451

Жалоба / отзыв
АвтоЦОН г. Семей
Арыз

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Мусинге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Басқарма төрағасы Ә.Ғ.Кожиховке ШҚО әкімі Д.К.Ахметовке
Біз Семей қаласының қарапайым тұрғындарымыз, біздің арыз беру себебіміз төмендегідей, яғни Семей қалалық автоцонның бастығы Ержан Тілеужанов осы жерге 1 жыл бұрын бастық болып келгелі өз білгенін істеп, заңсыз әрекеттер істеп келеді.Карапайым Адамдар жүргізіші куәлігін алу үшін, екі Экзамен өтуге тиіс. Ол қарапайым халықтан ақша алмаса экзаменнен өткізбейді, өз бағасын (ставкасын) қойып тастаған. Егер права алғысы келсе әрбір экзамен 40 000 теңгеден. Автоцонның бастығы Тілеужанов Ержанға 80 000 ақша төлемесең ешқашан экзаменнен бірде-бір адам өтпейді.
Е.Тілеужановтың өзінің сыртта жүріп экзамен тапсыруға келген адамдармен сөйлесіп, ақша алатын посредник адамдары бар, және автошкола директорлары аркылы 80 мын тг ақша алады Бізге қарапайым адамдар үшін балаларымызға, өзімізге өте қыин болды. Біздің де жанұямыз бар, автотранспортпен (көлікпен) жүріп әртүрлі жұмыстарымызды бітіргіміз келеді, бірақ Тілеужанов Ержанға беретін ақша таба алмай қиналамыз. Елдің көбі жұмыссыз, көбімізде бастарымызда кредиттеріміз бар, заңсыз түрде Тілеужановқа ақша төлеп права алу үшін қарапайым халықтың көпшілігі қиналып жүр. Біз экзаменге 100 пайыз дайындалыпкелсек те бізді өткізбей тастайды. Себебі:Тілеужанов Е. Автоцондағы компьютерлердің базасын өзіне қажетті қылып жасап қойған. Жалғыз бір адамның заңсыз әркеттері үшін қаншама қарапайым халық көлік жүргізетін куәлігін ала-алмай қиналу үстінде. Бұл өте сұмдық, масқара нәрсе, осыдан кейін қарапайым халық өздерінің заңды құқыларын қорғау мақсатында Е.Тілеужановтың заңсыз әрекеттерін әшкерелеу үшін, яғни жоғары лауазым иесі бола тұра халықтың ашу-ызасын тудырып отыр. Сонымен қатар Тілеужанов Ержан қаншама адамның көз жасымен қарғап қиналып берген ақшасымен қалай жанұясын бағып отыр, Тілеужанов Ержан не заңнан, не құдайдан да қорықпайды.
Осы жазылған арыз бойынша Сіздерден өтініп сұрайтынымыз осы арызды тікелей өз бақылауыңызға алып, заңды түрде қатаң шара қолдануларыңызды сұраймыз.Өйткені Тілеужановтың заңсыз әрекетін Семей қалалық және облыстық көлемде жоғарғы лауазымда отырған адамдар көріп біліп жүрсе де ешқандай шара қолданбай отыр.
Егерде сіздер Семей қалалық автоцонның бастығы Е.Тілеужановқа шара қолданбаған жағдайда бүкіл халық автоцонның алдына жиналып ТВ арқылы, YouTube, КТК және де басқа да ақпарат құралдары арқылы Президентіміз Қ.Тоқаевқа және Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевқа шағымдануға мәжбүр болатынымызды ескертеміз.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс