Zhalobi.kz Жабылған жаланы жоққа шығару
Арызға жауап, Жабылған жаланы жоққа шығару

Политика и гос. структуры

Осы түскен арыз-шағымның жалған жала екенін дәлелдеу мақсатында
жауап қайтарамыз.
Бұл арыз-шағым Кеңес дәуірінен кейін, алғаш Тәуелсіздік алған
тоқырау жылдарында барлық ғимараттар қирап, талан-таражға салынып,
жұмыс орындары қысқартылып жатқан кезде, жоқтан бар жасап халыққа
рухани демеу беру мақсатында 1993 жылы «Кәусар» халық ұлт-аспаптар
оркестрін, 1996 жылы «Сұлуым» эстрадалық қыздар тобын, 2000 жылы
«Айқаракөз» фольклорлы- этнографиялық халық ансамблін құрған азаматтың
атына түсіп отыр. Бүгінде осы дүркіреген ұжымдардың ішінде аудан
тарихында бұрын соңды болмаған Қазақстан Республикасының «Мәдениет
қайраткері» атағына ие болған 30 адам бар.
Мұнын бәрін сендер 5 ке білесіндер, Осы өміршен ұжымдардың 30 жыл
концерттерін көрген сайын елдің қошеметінен жамандауға дәттерің бармай
іштерің күйіп кеткен кездерің болған шығар,
Кейінгі жылдары өздерің жақтырмайтын азамат керек десеңдер
«Дариға-дәурен», «Жігіттер», «Қобызшылар», «Селеста» атты топтармен
өнер ұжымдарын толықтырды.
Құдай біледі арам пиғылдарыңды көрсетпеу үшін ауыздарың майысып
тұрып осы азаматты жеткен жетістіктерімен қолын алып тұрып құттықтаған
шығарсыңдар.
Жұмыс лауазымдарының барлығы да заңға сәйкес ауысқанын да
жақсы білесіңдер. Және де бұл қызметке осы екі тұлғадан басқа ваканция
болмағанын да біліп отырып елге басқа ой тастағыларың келген.
Әрбір өл­кенің халқына суықта пана, ыс­тықта сая болған, есімдері
ел есін­де сақталған біртуар пер­зент­тері бар болса, біздің өңірде осы
Даутов Аманжол Төлеубекұлы. Ол аудан, облыс, Республикамызда көпшілік
мойындаған дара тұлға, бүгінгі күні дауды да, жауды да тоқтататын дуалы
ауыз, еңбегімен ерек­шеленген беделді азамат.
Ал бедел – адамның жалпы жұрт мойындаған қадір-қасиеті, ықпалы,
көзқарастар жүйесі немесе белгілі бір қасиеттеріне, сіңірген еңбегіне
көрсетілген лайықты құрметті білдіретін ұғым, ол әлеу­меттік қызмет
барысында қа­лыптасады.
Сондықтан да халық оны бой тұмар етіп мақтан тұтады, қара қылды
қақ жарып шындықты айтатын азаматтар бұл күнде санаулы, бүкіл аудан
болып осы адамның сөзіне тоқтап, ақылына құлақ түреді.
Білімділгі мен парасаттылығы, қазақы мінезі, үлкенге құрмет көрсетуі
іскерлігі өз алдына, 30 жыл ішінде жергілікті өнердің өркендеуіне өлшеусіз
еңбек сіңірген Аманжол Төлеубекұлының есімі аталғанда, жұртшылықтың
«Аудан мәдениетін 50-60 жылда болмаған биікке көтерді» деуінің өзіндік
мәнісі бар. Расында да ол қай қырынан атасаң да халықтың алғысын алған
айтулы азамат..
Қызғаныштан жарылып өліп кетсеңдер де барлық аудан тұрғындары
тойларына шақырып орнын төрден сайлап, құрметке
бөлейді.
Құрметті оқырмандар!
Бұл адам-Еліміздің мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан
Республикасының «Мәдениет қайраткері», 50 жасында «Жарма ауданының
Құрметті азаматы» атағын алған, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет»,
«Парасат» ордендерінің, «Үздік мәдениет менеджері» арнайы сыйлығының
және облыс әкімі тұңғыш тағайындаған «Озат» сыйлығының иегері. Бірнеше
мәрте Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс
хаттарымен марапатталған. Жарма ауданы бойынша «Жылдың үздік
басшысы және ұйымдастырушысы» номинациясының бірнеше дүркін
жеңімпазы, «Тәуелсіздіктің 10, 20, жылдығына арналған» медалімен
марапатталған. Қазақстан, Ресей, Украин, Белорус елдерінің үздік
адамдары еңгізілген Халықаралық дәрежедегі энциклопедия кітабына аты
алтын әріппен жазылған аңыз адам.
Осы азамат құрған өнер ұжымдары қалалар мен аудандар арасында
өткен облыстық көркемөнерпаздар байқауында 9 мәрте бас жүлдені жеңіп
алған. Өнер ұжымдары еліміздің барлық ірі қалаларында өнер көрсетіп,
Облыс әкімі тұңғыш тағайындаған ауыспалы «Өнер кубогін», жеңіп алып
шетелге жолдама алған, Ресей, Қытай Халық Республикасында өнер көрсету
құрметіне ие болған.
Аманжол Төлеубекұлы алмағайып заманнан қалың жұртты сөзіне
ұйытып, соңына ергізе білетін дара мінезді азамат.
Зейнеткерлік жасқа жетсе де еңбек етіп жатыр, құдайға үшкір қолынан
іс келетін жігіт еңбегінің жемісін көре берсін! бұл жерде, егер 60 жастан
асқан, қолынан іс келетін басшылық қызметтегі адам өз қызметін дұрыс
атқарып жүрсе, ондай адамды орнынан босатудың қажеті жоқ, деп,
Президентіміздің өзі Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде айтқан.
Бірлігімізді көрсететін үлкен сайлау науқаны алдында бас көтерер
азаматты бағытынан тайдырып, ойын басқа жаққа бұруды ғана білетін, ел
ішіне ірткі салып шіртетін сендер сияқты құмалақтармен ойнайтын уақыт
емес екенін ойларыңа салайық деп жазып отырмыз.


Обидчик: Zhalobi.kz Жабылған жаланы жоққа шығару
Страна: Казахстан
Область: Восточно-Казахстанская область
Город: Жарма ауданы
Адрес: Калбатау
  <     >  

Читайте также

Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
Жалоба Акиму

Жеке сот орындаушы Т.Н Нариманов
Төйленген қарызды қайта талап етіп отыр

Бауыржанұлы Жандос
Жалоба на врача

Жадра
Халатность врачей ГКБ №4

Мұғалім
Жауап

Тогайбекова Жанат Есенгалиевна. Главный врач Кентауской городской поликлиники Туркестанской области
Незаконные действия

Каспий банк
Изменение договор банковского займа без моего согласия

Kaspi Bank
Угроза сотрудника Каспи Банк

На медицинскую услугу