Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Zhalobi.kz Жабылған жаланы жоққа шығару - Арызға жауап, Жабылған жаланы жоққа шығару | #18598

Жалоба / отзыв
Zhalobi.kz Жабылған жаланы жоққа шығару
Арызға жауап, Жабылған жаланы жоққа шығару

Осы түскен арыз-шағымның жалған жала екенін дәлелдеу мақсатында
жауап қайтарамыз.
Бұл арыз-шағым Кеңес дәуірінен кейін, алғаш Тәуелсіздік алған
тоқырау жылдарында барлық ғимараттар қирап, талан-таражға салынып,
жұмыс орындары қысқартылып жатқан кезде, жоқтан бар жасап халыққа
рухани демеу беру мақсатында 1993 жылы «Кәусар» халық ұлт-аспаптар
оркестрін, 1996 жылы «Сұлуым» эстрадалық қыздар тобын, 2000 жылы
«Айқаракөз» фольклорлы- этнографиялық халық ансамблін құрған азаматтың
атына түсіп отыр. Бүгінде осы дүркіреген ұжымдардың ішінде аудан
тарихында бұрын соңды болмаған Қазақстан Республикасының «Мәдениет
қайраткері» атағына ие болған 30 адам бар.
Мұнын бәрін сендер 5 ке білесіндер, Осы өміршен ұжымдардың 30 жыл
концерттерін көрген сайын елдің қошеметінен жамандауға дәттерің бармай
іштерің күйіп кеткен кездерің болған шығар,
Кейінгі жылдары өздерің жақтырмайтын азамат керек десеңдер
«Дариға-дәурен», «Жігіттер», «Қобызшылар», «Селеста» атты топтармен
өнер ұжымдарын толықтырды.
Құдай біледі арам пиғылдарыңды көрсетпеу үшін ауыздарың майысып
тұрып осы азаматты жеткен жетістіктерімен қолын алып тұрып құттықтаған
шығарсыңдар.
Жұмыс лауазымдарының барлығы да заңға сәйкес ауысқанын да
жақсы білесіңдер. Және де бұл қызметке осы екі тұлғадан басқа ваканция
болмағанын да біліп отырып елге басқа ой тастағыларың келген.
Әрбір өл­кенің халқына суықта пана, ыс­тықта сая болған, есімдері
ел есін­де сақталған біртуар пер­зент­тері бар болса, біздің өңірде осы
Даутов Аманжол Төлеубекұлы. Ол аудан, облыс, Республикамызда көпшілік
мойындаған дара тұлға, бүгінгі күні дауды да, жауды да тоқтататын дуалы
ауыз, еңбегімен ерек­шеленген беделді азамат.
Ал бедел – адамның жалпы жұрт мойындаған қадір-қасиеті, ықпалы,
көзқарастар жүйесі немесе белгілі бір қасиеттеріне, сіңірген еңбегіне
көрсетілген лайықты құрметті білдіретін ұғым, ол әлеу­меттік қызмет
барысында қа­лыптасады.
Сондықтан да халық оны бой тұмар етіп мақтан тұтады, қара қылды
қақ жарып шындықты айтатын азаматтар бұл күнде санаулы, бүкіл аудан
болып осы адамның сөзіне тоқтап, ақылына құлақ түреді.
Білімділгі мен парасаттылығы, қазақы мінезі, үлкенге құрмет көрсетуі
іскерлігі өз алдына, 30 жыл ішінде жергілікті өнердің өркендеуіне өлшеусіз
еңбек сіңірген Аманжол Төлеубекұлының есімі аталғанда, жұртшылықтың
«Аудан мәдениетін 50-60 жылда болмаған биікке көтерді» деуінің өзіндік
мәнісі бар. Расында да ол қай қырынан атасаң да халықтың алғысын алған
айтулы азамат..
Қызғаныштан жарылып өліп кетсеңдер де барлық аудан тұрғындары
тойларына шақырып орнын төрден сайлап, құрметке
бөлейді.
Құрметті оқырмандар!
Бұл адам-Еліміздің мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан
Республикасының «Мәдениет қайраткері», 50 жасында «Жарма ауданының
Құрметті азаматы» атағын алған, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет»,
«Парасат» ордендерінің, «Үздік мәдениет менеджері» арнайы сыйлығының
және облыс әкімі тұңғыш тағайындаған «Озат» сыйлығының иегері. Бірнеше
мәрте Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс
хаттарымен марапатталған. Жарма ауданы бойынша «Жылдың үздік
басшысы және ұйымдастырушысы» номинациясының бірнеше дүркін
жеңімпазы, «Тәуелсіздіктің 10, 20, жылдығына арналған» медалімен
марапатталған. Қазақстан, Ресей, Украин, Белорус елдерінің үздік
адамдары еңгізілген Халықаралық дәрежедегі энциклопедия кітабына аты
алтын әріппен жазылған аңыз адам.
Осы азамат құрған өнер ұжымдары қалалар мен аудандар арасында
өткен облыстық көркемөнерпаздар байқауында 9 мәрте бас жүлдені жеңіп
алған. Өнер ұжымдары еліміздің барлық ірі қалаларында өнер көрсетіп,
Облыс әкімі тұңғыш тағайындаған ауыспалы «Өнер кубогін», жеңіп алып
шетелге жолдама алған, Ресей, Қытай Халық Республикасында өнер көрсету
құрметіне ие болған.
Аманжол Төлеубекұлы алмағайып заманнан қалың жұртты сөзіне
ұйытып, соңына ергізе білетін дара мінезді азамат.
Зейнеткерлік жасқа жетсе де еңбек етіп жатыр, құдайға үшкір қолынан
іс келетін жігіт еңбегінің жемісін көре берсін! бұл жерде, егер 60 жастан
асқан, қолынан іс келетін басшылық қызметтегі адам өз қызметін дұрыс
атқарып жүрсе, ондай адамды орнынан босатудың қажеті жоқ, деп,
Президентіміздің өзі Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде айтқан.
Бірлігімізді көрсететін үлкен сайлау науқаны алдында бас көтерер
азаматты бағытынан тайдырып, ойын басқа жаққа бұруды ғана білетін, ел
ішіне ірткі салып шіртетін сендер сияқты құмалақтармен ойнайтын уақыт
емес екенін ойларыңа салайық деп жазып отырмыз.

Дата публикации:


5 комментариев

10 ноября 2022 22:19
Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,
Солар жайлы ағайын-жұрт, не білесің сен осы?
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден,
Өйткені олар –ақиқат пен шындық сөздің жебесі.
Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,
Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі.
Осы жұрттан бақ пен Қызыр қашпаса екен деп тілеп,
Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі.
Біздің елдің жігіттері – жігіттердің сырттаны,
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.
Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,
Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.
Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр,
Солар жүрген жолдарменен дәтің болса, жүріп көр.
Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,
Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер.
11 ноября 2022 09:38
Қазақ жақсыны күндеп, етегінен тартуды жаман әдетке айналдырды. Әсіресе, Жарманың жақсыларына көлеңкеде күңкілдеп, ұзын сонар арыз жазғыш бір екі адам бар, олардың да аттары аталып, абыройлары төгілер... Дәл Аманжол ағадай еңбек адамы болып алайықшы,қолымыздан келсе....
Абайдың жақсы сөзі бар "Қазақта тірісінің жақсысы жоқ, өлгенінің жаманы жоқ."
11 ноября 2022 16:07
Нам известно кто стоит за все этим, назначьте вознаграждение, 1🍋 в тенге и я расскажу, покажу всё с доказательствами!
14 ноября 2022 08:01
Түтіп жеп тұс-тұсыңнан талауға әзір,
Арамда алаяқта араңда жүр.
Алланың өзі қорғап қолдамаса,
Адамды аямайды адам қазір.

Муха на самом цветущем лугу найдёт нечистое место и сядет на него, а пчела в самом вонючем болоте отыщет цветок лотоса и соберёт с него нектар. Те кто пишет жалобы на достойный людей, решайте кто вы? Мухи или пчелы?
17 ноября 2022 22:58
Не шықсада бықсыған сыпылдақ шүлдірлеген әйелдерден шығады. Менде негізі жорамалдап білемін....
солар өздерінің қайдан қалай келгендерін, кімнің арқасында кім болып жүргендерін неге ойланбайды екен, деп ойлап қоямын, жұрт білмейді, деп ойлайтын шығар, ұятсыздар
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс