Мен Бекболат Бағдатұлы Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Нұратау 5 үйде тұрамын. Kcell, Activ абонентері мұнда 26 қаңтар 2023 жылдан бері дұрыс жұмыс істемейді. Әр кез колл центрге хабарлассам сіздердің аймақтарыңызда жақын арада апат болған техникалық отдел жұмыс жасауда деп жауап береді. Ол апатты бітіре алмайтын не деген техникалық отдел. Kcell, Activ Call Centr 3030 хабарлассам Неля есімді оператор сіз қоңырау шалсаңыз болды мен 1 кнопкамен сіздің интернетіңізді жақсартып беремін бе? ұнамаса басқа абонентке 1,5 жылдан бері неге өтпейсіз дейді. Мысалы Tele2, Beelaine өтіңіз дейді. Ол қайдан шыққан оператор. Бізде лақап ат болады мен сізге өз атымда айтуға құқым жоқ дейді еще. Менің тарифімді "TOP Promo L" тарифіне ауыстыруға болмайды ма деп сұрағаныма солай жауап беріп тұр. Ауыстырып бер десем ұратын шығар. Сіздерден KCELL, ACTIV абонентерінің дұрыс және жүйелі түрде жұмыс істеуін тексеруіңізді және операторларының тұтынушымен дұрыс сөйлеуін үйретулеріңізді Қазақстан Республикасының азаматы ретінде талап етемін.
0 комментариев