Министерство здравоохранения РК
Жұмысқа жауапсыздық және салғырттық

Здоровье и медицина / Больницы

Мен, Жораева Ұлбибі 2015 жылы тамыз айының 17-29 жұлдызы арасында Оңтүстік Қазақстан облысының Облыстық Онкологиялық диспансерінде ішкі құрылыс ішектеріне ота жасатып, ем қабылдадым. Отаны диспансердің бөлім басшысы Орманов Бағдат және де хирург Есенбекова Зәуреш жасаған. 2015 жылдың қараша айының 23 жұлдызында Есенбекова Зәурешке қайта тексерілдім, сол кезде сол жағымда бір нәрсе тірелген сияқты болып аурусыну сезімдері болатыны туралы дәрігерге айттым, ота жасаған маман: "Бұл менің ауруым емес, мен бұған жауап бермеймін, сол себепті уролог маманға көрініңіз, "-деді. Дәл сол кезден бастап менің жағдайым күрт нашарлап кетті, үлкен дәретке шығуым ауырлайды . 2015 жылы желтоқсан айының 29 жұлдызында Мақтарал аудандық емханасына жедел жәрдем қызметімен ауыр хәлде жеткізілдім. Аудандық ота жасау бөлімінің дәрігерлері Дәулет Есқараевтың және Жақсылық Алипбековтың тексеру нәтижесінде менің ішімдегі белгісіз заттың бар екендігі анықталды. Аудандық дәрігерлердің ішекті тазалау кезінде үлкен дәрет жолынан ұзындығы 2 метр медициналық ота жасау матасы алынды. Ота жасау кезінде мата тоқ ішекте неге қалып қойған? Бұл жағдайдың дәлелді суреті астында көрсетілген. Отаға дайындау кезінде хирург Зәуреш Есенбекова түрлі балағат сөздерді айтып, дөрекі қызмет көрсетіп, дәрігерлік этикаға мойын сұнбады. Осы жағдайға кім жауап береді? Денсаулық сақтау Министрілігінен өтінерім құқығымды қорғап жауапты азаматтарды анықтап, қатаң жаза қолдануыңызды сұраймын.
Арыз иесі Жораева Ұлбибі 1971.02.28


Обидчик: Министерство здравоохранения РК
Страна: Казахстан
Область: ЮКО
Город: Шымкент
Телефон: 77013350022
  <     >  

Читайте также

ТОО Стоматология города Атырау
Халатность

Бауыржанұлы Жандос
Жалоба на врача

Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы
Шет аудандық прокурорының заңсыз шығарылған ұсынысына

Пашимов М
Жалоба о незаконных действиях главного врача

Земельный комитет
О земле

Министерство юстиции РК, судебный исполнитель
Жалоба

Сот, Прокуратура, Полиция, т.б
ШҚО Оскемен Семей. Арнайы тапсырыс

Талғар политехникалық колледжінің басшысы Ж.Т. Кебекбаевтың
Ж.Т. Кебекбаевтың қорлығы

Алтынкөл станциясы кассирі
29.06.2017 жылы Алтынкөл станциясы кассирінің жолаушылармен салғыртқ қатынасы және қызметтік міндетін орындауда салғырттық танытуынан орын алған жағдай