» » Акерке - Просьба

Жалоба / отзыв
Акерке
Просьба

Сәлеметсізбе.
№ 31 мектеп директоры Садвакасова Қарлыға Айсабекқызына шағымданғымыз келеді. Осы хатты мектеп ұжымының атынан жазып отырмыз.
Біздің мектепке осы директор келгелі бері, жайсыз оқиғалар орын алып отыр. Жылда, оқу жылы айқай-шумен басталады. Сағаттарды әділетсіз бөледі. Тамағынан өткізгендерге ғана жағдай жасайды. Биылғы оқу жылында директор 31 мұғалімді жұмысқа қабылдады. Бұл мектептің тарихында болмаған жағдай. Онсыз да, мұғалім көп, сағаттарымыз аз. ҰБТ рейтингі бойынша ең соңғы орында тұр. Бұл мектеп директоры Садвакасова Қ.А. жұмысты дұрыс жолға қоймағанның дәлелі.
Біздің той мерекеміз күні, мұғалімдер күніне бұл кісіден ерекше құттықтау аламыз. Былтырғы жылы осы мерекеге орай буфетте сабақтан кейін ұстаздарға дастархан жайылды. Әр мұғалім оған өз қалтасынан ақша төледі. Сол күні Садвакасова Қ.А. ұжым күтті /Ол өз бөлмеде отырды/ кешігіп келді. Ұжым күтуден шаршаған, мерекелік дастархан басына жайғасқан еді. Ол келген соң құттықтау тілегін айтты. Айтылған тілегін естігенде, бәріміз дастархан басынан тұрып, кеткіміз келді. Ішкен асымызды желкемізден шығарды. Бізбен дастархан басына отырмай кабинетіне кетіп қалды. Артынан барған мұғалімдерді қуып шықты. Биылғы жылы бұл кісі курстан келе салып, сенбі күні жұмысқа шығып Садвақасова Қ. Сөгіс айтудан бастады. Этика-эстетика деген сөздер бұл кісіге таныс емес. Тағы бір айта кететін жағдай – әр жалақымыздан кәсіп одақ ұйымына қомақты қаржы жиналады. Бірақ бүл қаржының қайда жұмсалып жатқаның біз білмейміз. Кәсіп одақ ұйымы есепте дұрыс бермейді. Жеке болатын кәсіп одақ ұйымының есебін, пед.кеңестің аяғына қойып қойған. Шамамен 4 сағатқа созылатын пед.кеңесте шаршаған мұғалімдер, кәсіп одақ ұйымының беретін есебінен еш нәрсе түсінбеді. Бір жылдың мерзімде бір миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Ол қаржы қайда кетті?
Біздің ұжымды ол кісі жеп көреді ылғи да айтатыны менім өміріме қастаңдық жасадыңдар, көлігінің дөңгелегін біреу босатып кетіпті, сол жағдайды әлі мына күнге дейін ұжымның есіне салады.
Айтылған жағдайларға орай Садвақасова Қ.А. ұжымы сыйлаудан қалды. Осы екі жылда ата-аналар тарапынан директордың атына көптеген шағымдар түсуде. Соған қарамастан ешбір өзгеріс жоқ. Ол кісі директор болуға лайық емес. Біздің мектебімізге жаңа басшы тағайындауын қалаймыз.


Обидчик: Акерке

Страна: Казахстан

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: