» » Бауыржанұлы Жандос - Жалоба на врача

Жалоба / отзыв
Бауыржанұлы Жандос
Жалоба на врача

Шағымданушы:Бауыржанұлы Жандос
Тел:87029020304

Сәлеметсіз бе, Мен Бауыржанұлы Жандос Алматы қаласындағы Алматы көпсалалы Клиникалық аурухананың ЛОР бөлімінің меңгерушісі дәрігер Танабаева Марал Дәлелханқызына шағымданып отырмын. Себебі, менің мұрын қуысыма жасалған 3 отадан ешқандай нәтиже шыққан жоқ және ота кезінде медициналық қателіктер мен заңсыздықтар жіберілді.
1-ота. 2015 жылдың 15 ақпанында
2-ота. 2017 жылдың 23 маусымында
3-ота 2017 жылдың 31 қазанында жасалды.
1- отадан кейін менің басымның ауырғаны басылған жоқ, ал 2- отада дәрігердің өз ісіне деген салғырттығынан мұрын қуысында мақта қалып, ол іріңдеп мұрын сүйектерін шірітіп, сыртқа шығарып жіберді, күнде қызуым көтеріліп, мұрыннан ірің тоқтамады.Үйде өзім дәрігердің жазып берген дәрілерімен емделіп жүрдім.10 күннен кейін мұрын үстіндегі тесіктен мақта шығып тұрғанын көріп, дәрігерге бардым, ол мақтаны алып жатып, менің өзімді кінәләді «неге алып тастамағансыз» деп. Ал мұрным болса мақтаны алғаннан кейін тіпті қисайып қалды. Дәрігер М.Д.Танабаевадан енді не болады деп сұрағанымда, тағы операция жасап, бәрін дұрыстап беремін деп уәде берді. Мұрнымды түзету үшін протез қою керек деп, менен 40000 тг алды және ота ақылы түрде жасалды.
Бірақ 3-отадан кейін халім мүлде нашарлады. Басым ауырып, қызуым түспеді. Қан қысымым жоғарылады, мұрнымнан тағы ірің тоқтамай, салған медициналық қатты зат мұрнымды тесіп шықты. Дәрігер Танабаева М.Д. қандай зат салғанын айтудан жалтарды.
Дәрігерден нақты жауап ала алмағандықтан, осы аурухананың директоры Молдақұлов Ж.М. мырзаға шағымдандым. Ол кісі менің шағымымды қабылдап, орынбасарларын шақыртып істің анық-қанығына жетуді тапсырды. Осы күнге дейін шағымыма жауап жоқ.
Содан мен профессор Искаков Марат Шәмшиевич пен Төлеуов Қалдан Төлеуовичке бардым. 2 дәрігер менің жағдайымның нашар екенін шұғыл түрде ота жасау керектігін, бет сүйектеріндегі іріңнің жайылып кетуі мүмкін екенін айтты және оның бәрі мұрынға салынған заттың әсерінен болып жатқанын түсіндіріп, маған 20.11.2017 күні ота жасалды. Бұл 4-ота. Екі дәрігерге де алғысым шексіз. Отадан кейін басым жеңілдеп, өзімді күннен күнге жақсы сезініп келемін.
Бірақ мені мазалағаны, ақ халатты абзал жан деп сенген дәрігер М.Д. Танабаеваның адамдардың өміріне араша болудың орнына өзінің дәрігерлік қызметінде бөлім меңгерушісі бола тұра түрлі медициналық қателіктер жасап қана қоймай, заңсыздықтарға да жол беріп отырғандығы және дәрігер М.Д.Танабаеваның жауапсыздығынан маған бір отада жасауға болатын ем енді 5 отада жасалмақ.5-6 айдан кейін 5-ота жасалады.Қазір жұмысқа да жарамсызбын.Менің 4 баламды кім асырамақ?
Тағы бір өкініштісі жалғыз мен ғана емес, басқа да науқастардың отадан кейінгі жағдайлары мәз болмаған. Келіп шағымданушылар бар. Бірақ шағымданып келгендер әділдіктің түбіне жете алмай, жарты жолдан қайтуда. Себебі жоғарыдан соғылған қоңыраулар бар.Оның дәлелі менің шағымымнан кейін аурухана директоры Ж.М.Молдақұлов дәрігер М.Д.Танабаеваны аурухананың бөлім меңгерушісі орнынан алып, ол қызметке профессор М.Ш.Искаковты тағайындаған.Бірақ жоғарыдан келген қоңыраулардан кейін 20 минуттан соң М.Д.Танабаеваны қайта өз қызметіне қойған. Мұндай заңсыздық қашанға дейін жалғаспақ? Мен сізден көп адамның өміріне қауіп төндіріп отырған дәрігер М.Д. Танабаеваның дәрігерлік қызметін тексеріп, тиісті шараларды қолдануыңызды сұраймын.






































Алматы қаласы тұрғыны
Бауыржанұлы Жандос
Тел:87029020304




Мен, Бауыржанұлы Жандос 2015ж. басып ауырып гайморит ауруын қалай емдетсе болады деп, біреу арқылы естіп облыстық ауруханадағы ЛОР бөлімінің меңгерушісі М.Д. Танабаеваға кеңес алуға келдім. Ол кісі мені қарап мұрыныңыздың сынғанына байланысты гаймориттік пазухадағы іріңнен басыңыздың ауруы мүмкін деп КТ съемкасын түсіріп әкелуімді сұрады. Екі күннен кейін соң КТ съемкасын әкелгеннен соң ең алдымен мұрныма ота жасау керегін айтты. Менің тіркелген тұрғылықты мекен-жайым қалада деп айтқанымда ол кісі ота өзара келісімді түрде ақылы болатынын ал құжаттарды жатқызуға өзі реттейтінін айтты, мұрнымды толық емдеп жазып беруге сенімді түрде жауап берді.
Бірінші ота жасалғаннан кейін менде еш өзгеріс болмады. Басым тағы да ауырып мазалады және мұрын тесігі сол бойынша әрең демалады. Мен дәрігерден сұрағанымда 1- отада екі көз арасындағы мұрын сүйегі және қисықтығын түзетуге үлгермедім, ота кезінде аузыңызға көп кан кетіп наркоздың уақытының бітуіне байланысты отаны аяқтауға тура келді деп түсіндірді. Келесі отада міндетті түрде бәрін дұрыстап мұрын қуысындағы сүйектерді түзетіп беремін деп шығарып салды.
2-отаны 2017жылы дәрігер Танабаева М.Д. өзі айтқандай біраз уақыт өткен сон жасаймын дегеннен кейін мен тағы да облыстық ауруханаға келдім. Ол кісі отаны мен жұмыс істеп жүргеніме байланысты жазғы демалыста жасаймын деді. КТ съемкасын алып келейін бе деген сұрағыма, -мен сіздің мұрныңызға не жасау керектігін білемін деп жауап берді. Содан мен еңбек демалысына шықтым сосын дәрігерге келдім. Ол кісі ота тағы да ақылы болатындығын айтты. Мен осы жолы дұрыстап жасап береді деген оймен отаға келістім. Дәрігер сіздің мұрын шеміршектері мен сүйектері жарамсыз деп мұрынға протез салатындығын және ол 40 000 тг. (қырық мың теңге) тұратынын айтып, менен 40 000 теңге алды. Жалпы екі отаға 500 000(бес жүз мың) теңге шықты.Ота жасалған соң бетке қойылған гипсті шешкенде мұрынның қыры құлап кетуіне байланысты мұрынның қырына мақтадан тампон жасап қойды. Мен протез қойылмады ма деген сұрағыма ол кісі мен сіздің өз сүйектеріңізді құрап жасадым деп жауап берді. Осыдан кейін менің ыстығым көтеріліп, мұрынымнан ірің тоқтамады. Дәрігерден сұрағанымда ол мені қарап, әр түрлі дәрілер жазып берді. Бірақ еш нәтиже шықпады. Мұрнымның үстіңгі терісі қызарып, кейін тесіліп, сасық иіс шығып шіри бастады. Ол кісі осының бәрін көріп тағы да дәрілер жазып берді. Ірің тоқтамағаннан кейін кейін Солидол майын таңдым.
Сол мұрынның тесігінен бір күні мақта шықты. Шыққан мақтаны алып, ватсап арқылы дәрігерге жібергенімде ол кісі ауруханаға келіңіз деді. Емдеу кабинетінде қарап мұрын қырына өзі қойған тампонды жұлып шығарып осының кесірінен іріңдеді деп айтты. Мұрынға тампонды қойған кезден
15 күн бойы күнара келіп, мұрын қуыстарын шайдыртып бақылап жүріп, қалай байқамағандығы өз жұмысына салғырт қарағандығынан болып отыр. М.Д. Танабаева менің мұрнымның емін аяқтамай, кезекті еңбек демалысына кетіп қалды.
Ал қалған тампонның кесірінен мұрын сүйектері сыртқа шығып кетті. Менің мұрным бастапқы қалпынан әлдеқайда қисайып қалды. Осының бәрін М.Д. Танабаеваға айтқанда және телефонымнан суреттерін жібергенімде, енді 3-ота жасаймын, сонда бәрін түзеп беремін және ол ақысыз түрде болатынын, қазір ол еңбек демалысында екенін айтты.
Еңбек демалысынан келген соң мен қыркүйек айында келіп жолығып мына жағдай не болады деп сұрағанымда екі отадан да ешқандай нәтиже шықпағаны, басымның бұрыңғыдай ауыратыны, ал мұрнымның бастапқы қалпынан мүлде қисайып кеткенін айтқанымда ол маған 3- ота жасаймын дейтін. Мен мектепке жұмыстың басталып кетуіне байланысты 27 қазанда жататын болып келістік және 6-7 күннің ішінде жазылып кетесіз, сосын жұмысқа шыға аласыз деді.
27 қазан күні келгенімде, аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болған науқастың құжаттарымен жүргенін айтып, 3 қарашада келуімді өтінді.
3 қараша күні 3-отаны жасады. Отадан соң тағы да ыстығым көтеріліп, мазам мүлдем қашты. 6 күннен кейін ауруханадан шықтым. Үйге келгенде қызуым басылмады. Басым бұрынғыдан да қатты ауырды. Тамаққа тәбетәм мүлдем болмады.2 күн бойы қызуым 37 –ден түспегендіктен мен ауруханаға кайта келдім. М.Д.Танабаева тағы да системаға жатқызып өзінде аурулар көп, уақытым жоқ деп осы система егілгеннен кейін ыстығыңыз басылады деп үйге қайтарды. Үйге келгеннен менің жағдайым мүлдем нашарлап кешкі 19:00-лер шамасында ыстығым түспей қан қысымым 140-қа көтеріліп миым солқылдап, тынысым тарылып қатты қысылғаннан соң ауруханаға кайта келдім. Келсем М.Д. Танабаева жоқ екен. Бекназар Тоқназарович деген дәрігерге жағдайымды айтып қарап беруін өтіндім. Ол кісі өз қолынан келген емін жасап, жақсы боласыз деп шығарып салды. Айтқанындай-ақ жолда кетіп бара жатып миыма ауа барып, басымда қан жүріп өз-өзіме келе бастағанымды байқадым. Үйге келісімен ыстығым түскенін байықап градусник қойғанымда 36, 4 көрсетті. Қан қысымым 120/80 болды. Тамаққа тәбетім ашылды.
Осы болған оқиғаны М.Д.Танабаеваға айтқанымда ол мен сізге салғызған системадан басылды деп бой бермеді. Содан кейін мұрныма қойылған заттың теріні тесіп шығып келе жатқанын байқап оны дәрігерге көрсеттім. Дәрігер мұрынға қойылған затты ағзаның қабылдамағаны деп жауаап берді. Қойылған заттың атауын білгім келгенде жауап беруден жалтарды. Анам мен тәтем көріп дәрігерден сұрауға келгенімізде М.Д. Танабаева «ол биоматериал» деп жауап берді. Ал оның алдында біресе «костный протез», біресе «специальный гелевый протез», біресе «пластмасса от скальпи» деп әр түрлі жауап берген. М.Д.Танабаевадан «-осы оталарға жұмсалған шығындардың төлемін қайтарып бересіз бе? Әлде 5 ауруханаға жасатасыз ба? Болмаса шағымданамыз.», - деп ескерткенімде мұндай қателіктер әр хирург дәрігерде болады деп өзінің қатесін мойындамады. Өздеріңіз біліңіздер не істесеңіздерде деп шығарып салды.
Ойлана келе дәрігер М.Д.Танабаеваға байланысты оның ота жасау кезінде жіберген медициналық қателіктері және заңсыздықтары жөнінде Алматы көпсалалы клиникалық аурухана директоры Ж.М.Молдакулов мырзаға шағымдандым. ЧХЛ бөлім басшысы профессор М.Ш.Искаковке кеңес алуға келгенімде ол кісі Алматыдағы көп шәкірттер оқытып, тәрбиелеген ұстазы Қ.Т.Төлеуовты шақыртып маган жедел түрде ота жасау керектігін айтты.
М.Д.Танабаева мені 5- ауруханаға жіберіп ол жерде Есет Маликович, Владимир Илиич және Ольга Игоревна шұғыл түрде ота жасау керектігін айтқан болатын.
1-ота есеп бойынша 114 750 (жүз он төрт мың жеті жүз елу)теңге скрытие 5 күндікке есептелуі және 2-ота 6 айдан соң 199 450 (жүз он тоғыз мың төрт жүз елу) анализ, КТ съемкалары және жанама емге керек дәрі дәрмек т.б. болуына байланысты мен дәрігер М.Д.Танабаеваға 500 000 теңгеге жуықтайтынын айтып, отаның ақшасын кассаға төлеп, қалғанын қолына қолма-қол хаттама арқылы беруін сурадым және ота жөнінде ашық түрде неге, не үшін және мұрыннан алынған затты видео таспаға және суретке түсіріп беруін талап еттім.
Менің мұндағы күдігім мұрындағы зат медицинада мүлдем салуға болмайтындығын сезгендіктен сұраған болатынмын.
20.11.2017 күні дәрігер М.Д.Танабаева 5-ауруханада Есет Маликовичтің көзінше қолхат арқылы отаға берілген ақшаны қайтаруға байланысты келісіміміз бұзылғандықтан, мен профессор Искаков Марат Шәмшиевичке ота жасатуға шешім қабылдадым. Отадан соң мұрымдағы зат медицинадағы скальпидің пластмасса қорабы екені белгілі болды.
Алынған затты медициналық тексерістен өткізуке және анықтамасын білуге тапсырыс бергім келеді. Мұның себебі аурухана директоры мен берген арыз-шағымнан ЛОР отделениенің бөлім басшысы Д.М.Танабаева өз қызметінен алынып, орнына Искаков Марат Шәмшиевичті қоюы және 20 минуттан кейін жоғарыдан болған қоңыраулардан соң қайта орнында қалдыру себеп болды. Жақсы сөз жаман жерде жатпайды демекші бұл туралы ауруханада сөз жүріп жатыр.
Маған да М.Д.Танабаева атынан шалынған қоңыраулар бар.Мұндай заңсыздық қашанға дейін жалғаспақ?

27.11.2017ж.



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: