Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: Альмаханов Тохтар, Андасбеков Ербол Тохтарович, Көмеков Қуатбек Тлеубекұлы, Ибрагимов Бахтияр Ергашович - Алаяқтық қылмыстық топ | #15674

Жалоба / отзыв
Альмаханов Тохтар, Андасбеков Ербол Тохтарович, Көмеков Қуатбек Тлеубекұлы, Ибрагимов Бахтияр Ергашович
Алаяқтық қылмыстық топ

Құрметті Елбасы және ҚР президенті Қ.Ж.Тоқаев; ҚР Әділет министрлігі, Бас прокурор; ҚР Ішкі істер министрлігі; Қазақ халқы – сіздерге үндеу.
Біз алаяқтық қылмыстық топтан зардап шегушілерміз. Бізге белгілі қылмыстық топ мүшелері Альмаханов Тохтар, Андасбеков Ербол Тохтарович, Көмеков Қуатбек Тлеубекұлы, Ибрагимов Бахтияр Ергашович. Бұл кісілер 2016жылдары «ИП Альмаханов Тохтар» ретінде, 2018жылдан кейін «ИП Ибрагимов Бахтияр» ретінде күйдірілген кірпіш сатамын деп әр адамнан кемінде 500 000тг-1000 000тг қаражат алып алдап кеткен және жылда 50-100 адамнан 100 000 000тг алып келеді. Оқиға қазіргі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында орын алып келеді. Біз естіп, білген зардап шегушілер қазірге 80 отбасы 600ден астам адам жиналды. Бармақтарын тістеп, қолын сілтеп кеткендер қаншама. 2016, 2017, 2018, 2019 жылдардан бері ақшасын қайтара алмай келе жатырмыз. Бірнеше жерге арыз жаздық полицияға да, сотқа да, атап айтқанда Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ, Шымкент қаласының ІІБ, Шымкент қ. Абай, Еңбекші аудандарының соты мен Шымкент қ. сотына арыз жазып әділдік таппай отырмыз. Нұр-сұлтан қаласына да арыздар жолдағанбыз. Жауаптары келді. Арызды жылда бір емес бірнеше адам жазып келеді алайда нәтиже жоқ. Соттың шешімдері қолда алайда ақша да қайтарылмады, аталған адамдар қамауға да алынбады. Осы кісілердің таныстары барма, әлде ақша шешіп жатырма, әлде заң сондай әлсіз бе?! Осы қылмыстық топты қамауға алып, жұмысқа салып ақшаның қайтарылуына көмек берілеріңізді сұраймыз. Бұл кісілер қазір құрықталмаса алда қаншама адамды алдап істерін жалғастырып жүре береді.
Олардың бастапқы мақсаты жұртты алдап ақшасын жымқыру. Бұл кісілер өз аттарына ештеңке тіркемеген. Альмаханов Тохтармен сөйлескенде бірде ол «Мен сендерге ақшаны қайтарғанша соттағы інілеріме бермеймінба», «не істесең, оны істе ештеңке істей алмасың» деген. Бұлардың кірпіштен бөлек темір, көмір т.б. секілді былықтары бар дегендер де бар. Ішкі істер бөліміне жазған арыздар бойынша департаментте іс-тіркелді, іс-қозғалды деп келеді. Неге түбіне жетпейтін іс? Неге қылмыскерлерді таба алмай келеді? Полиция қызметкерлері «Келісім-шартың бар, өзің бердің ақшаны, біз ештеңке істей алмаймыз» деген секілді ой білдіретіндер де бар. Сонымен қатар, істі бір-біріне лақтырып созады, жауапты полиция қызметкері бірде отпуск демалысына кетіп қаласа, бірде іс-сапармен кетіп қалады. Қылмыс екені анық болсада ештеңке істей алмайды. Алаяқ топты қалай қамауға алуға болады сонда?
• Ішкі істер бөлімінде арыз іс бойынша жауапты адамдардың үстінен іс қозғау керек. Сол кезде олар қылмыскерлерді ұстауы мүмкін өздері қамалмау үшін.
«Алдамшы кәсіпкерлік/Лжепредпринимательство/» себебі жұртты алдап жатыр, бірақ заң алдында жауап бермеу үшін техника алып, 5млн кірпіш шығарудың орнына 5-10мың кірпіш шығарып кәсіпкерлік міне жұмыс істедік деп дәлел көрсете салады. Осылай заңды алдайды.
Сот болып ақшаны қайтарсын деген шешімдер бар, бірақ мына кісілер –Иә- деп, жүре береді. 2000тг-5000тг бір төлеп қояды, түгел төлемейді. Сонымен соттың шешімін әйтеуір орындадыма орындады. «Соттың шешімін орындамады» деген жауапкершіліктенде заңды айналып өтеді. Сонымен қатар, сот ақшалары төленсін деп шешім шығарып міндеттеп берген. Ал, қылмыскерлер ИП банкротқа шығарып дым жоқ деп, тағы төлемеді не болмаса түрмеге қамалмады.
Абай соты Еңбекші сотына лақтарады; Еңбекші соты Абай сотына лақтырады, ол Альфараби сотына жібереді. Ішкі істер бөлімі де сол секілді. Ешкім, еш оргон жауапкершілік алғысы келмейді.
• Арыздар бойынша жауапты сот қызметкерлерінің үстінен іс қозғау керек. Сол кезде олар қылмыскерлерді жазалауы мүмкін өздері қамалмау үшін.
Әкімшілікке жазсаң «біздің құзырымызда емес» -дейді. Президентке жазсаң «біздің құзырымызда емес» -дейді. Сотқа жазсаң «ол тәртіпте жазба, бұл тәртіпте жазба, біз бұл іске қарамаймыз, арызға бұл ақпартатты жазба, арызда бұлай талап етпе, ол заңда қаралмаған» -деген сөздерді жиі естисің. Заңда бір сұрақ қаралмаса, онда сол жоқ нәрсені енгізіңіздер. Қылмыстың көзін көрген соң жауапты органға жіберіңіздер. Дүкеннен шиколадқа төлемеген адамдар қамалып кетіп жатқанда миллиондап алаяқтықпен ақша алғандар бостандықта жүр. Мемлекет қызметкерлері, заң, құқық қорғау органдары өздеріне керекті нәрсе болса тез тауып алады да, барлық жағынан жазаға тартады. Халықтың мүддесі жеке адам болса ештеңке істей алмай қалады. Неліктен?
«ИП жарамсыз» деп арыз жазып қылмыстық іс қозғалсын десек «Кейін ақшаны олар алғанын дәлелдей алмай қаласың. Келісім-шарт жарамсыз болып қалады» дегендер де болды. Сонда «ИП жарамсыз» дегенге дейінгі жасаған қылмыс алдыңғы числоға қарап тексерілмейді ме? ИП жарамсыз деп танылса келісім-шарт және қылмыстарда жарамсыз болып кетеді ме?
Антикоррупционныйға жазып қылмыскерлерді жазалайық десек. Соттан шешім бар антикоррупционный істі қарамайды, іс сотқа өтіпкеткен дейді. Ал соттан нәтиже жоқ. Сотқа жазбағандар антикоррупционныйға жазсын десек «ИП жарамсыз деп танылып, келісім-шарт жарамсыз болып кетеді» деген айналма жолға қайта тап боламыз. Бұл система сондайма?! Бір адамдар өздері осындай іс-әрекет жасайтын болған соң заң, система осындай ма?!
• Заң әлсіз және/немесе өзгерту мен толықтырулар керек болса сот қызметкерлері, әділет министрлігі, парламент, президент өзгеріс енгізіңіздер.
Қылмыстық топ Альмаханов Тохтар, Андасбеков Ербол Тохтарович, Көмеков Қуатбек Тлеубекұлы азаматтар
• ИП-сы банкрот болып кеткен печатымен жалған келлісім-шарт жасаған, келісім-шарттары жарамсыз. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалу керек.
• Жаңадан ашқан ИП бойынша жасалған келісім-шарт қателіктері бар, сол себебті бұлардың үстінен қылмыстық іс қозғалу керек.
• Көмеков Қуатбек және Андасбеков Ербол ИП атынан қол қойып келісім-шарт жасаған.
• Андасбеков Ербол өз есімін Бахтиярмын деген кейіннен Қуатпын деп алдаған. Өз атына жазылатын арыздан жалтарылу мақсатында. Көмеков Қуатбек және Андасбеков Ербол зауыт Бадам станциясында да бар деген. Кірпішті манипулятормен жеткіземіз деп алдаған.
• ИП жинаған ақшаны жасырып салықты толықтай төлемеген.
• ИП табысы ИП деңгейінен жоғары ТОО деңгейінде, алайда ИП құжатын өзгертпеген.
• Қылмыстық топтың басқада заңсыз іс-әрекеттері көп оларға Ішкі істер министрлігі іс қозғау керек.
• Заңнан жалтарылу әрекетін алдын алу үшін отбасы мүшесінің барлығының шоттары мен меншіктерін арестке қойып, тексеруге алыну керек.
Осыны оқып немесе тыңдап отырған сіздің табысыңыз жоғары шығар, бірақ көпшілігі ақшаға шалқып жүрген жоқ. Ал, ақша беріп зардап шеккендердің ішінде отбасымен жабылып жүріп жинаған бар ақшасынан айрылғандар бар. Жалпы 100 000тг айлығы бар адам 50000тг жаратып 50000тг жинап отырғанда 1-2 жылда жинап терген ақшасынан айрылып отыр. Сіз айына 50000теңгеге өмір сүріп көріңіз көлігіңіз жоқ, пәтерге, жолға, тамақ, киім т.б. шығындарыңызды есептеп көпшіліктің орнына өзіңізді қойып көріңіз. Сіздің бір жылдық 70-80% табысыңызды біреу алдап қызметін атқармай немесе ақшаңызды қайтармай қойса не істер едіңіз?!
Мүмкін сіз ешқашан алданбаған шығарсыз, алайда бізде бұдан алдын алданған емеспіз. Арамызда 40, 50, 60 жасарлар бар; 40жылда алданбаған соң аталған кісілер алаяқ деп ойламаппыз. Оның үстіне satu.kz, AliExpress, Alibaba-дан сатушыны көрмей, ешқандай печат, офисін білмей тапсырыс беріп ақшаны алдын-ала төлеп тауар алып жүргенде. Сенімнің дәрежесіне көңіл аударыңыз. Бұл кіші кәсіпкерлік зауытын біліп, офисіне арнайы барып, сатушымен сөйлесіп, ИП печатын көре тұрып келісім-шарт жасап әрине сендік. Сенбегенде де, заңға сендік ақша алған дәлелі бар қайда барады заң алдында жауап береді деген сенімділікте болдық. Табысы жоғарылар немесе қоғамға жаны ашымайтындар өзің кінәлісің ақшаны берген деп қоя салатындар бар. Жоғарыдағы себептер сенімділікке себепші болды. Біздің орнымызда кез-келген адам болуы мүмкін. Кірпішке алдын ала төлеммен алсаңыз кірпіш арзан болады және бұлар басқа кірпіш шығаратындарға қарағанда бағасын арзандау етті. Қиналмайық, артықша төлемейік деп осылай кірпішке тапсырыс бердік. Халықтың әрең күн көріп жүргеніне де біз өзіміз кінәлімізба?! Теңгенің құны жоқ, барлық нәрсе қымбаттап барады сол себепті нақты ақшаға тауарға сұраныс көп кезде қымбат бағаны көтере алмаған жағдайына да халық өзі кінәліма?!
Бұл кісілерге басқа адамдар алданбасын деп сіздерге айтып отырмыз. Қылмыскерлерді жазалауға көмек сұрап отырмыз. Қоғамда бұндай адамдардан тазалау біздің азаматтық позициямыз. Басқалар хабардар болсын таратыңыздар.
Қылмыстық топ мүшелері Альмаханов Тохтар, Андасбеков Ербол Тохтарович, Көмеков Қуатбек Тлеубекұлы, Ибрагимов Бахтияр Ергашович 2016жылдары «ИП Альмаханов Тохтар» ретінде, кейін 2018жылдары «ИП Ибрагимов Бахтияр» ретінде күйдірілген кірпіш сатамын деп жұртты алдап арбады. Келешкте басқа ИП ауыстырып, басқа офис жалдап жылда ісін жалғастыра береді. Әр қайсысы алаяқ екендігі тайға таңба басқандай айқын бірақ құқық қорғау органдары оларды қамауға алмай келеді және заң оларға істемейді. Бұлардың үстінен іс қозғап қамауға алып, ақшасын қайтаруды талап етеміз.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс