» » Министр здравахранение - Шағым

Жалоба / отзыв
Министр здравахранение
Шағым

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Министрі
Е.А.Біртановқа
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
Аса ауылының тұрғындарынан

Арыз
Біздің арыз беру себебіміз, 2017 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В.Цойдың қабылдауында он бес ауыл тұрғындарының қол қойылған шағыммен қабылдауында болған едік. Жамбыл аудандық орталық аурухана дәрігерлері дер кезінде алғашқы «шұғыл» түрдегі көмекті көрсетпей, диагнозды дұрыс қоя алмайтындығы, жедел жәрдемнің кеш келетіндігі, фельдшердің АД көтерілуін инсульттан ажырата алмайтындығын және Д.Құлманбетованы дәрігер Н.Ибрагимов подключник қоямын деп мас күйінде балағаттап 17 жерінен тескілегені баяндалған еді. Облыс әкімдігі және басқарма басшысы Т.Ш.Әбілдаев жауабын беретінін хабарлаған, ешқандай жауап алмадық.
Инсульт алған С.Оспановты ешқандай көмек көрсетпей Таразға МРТ-ға түсуге 3 рет жіберіп, ауруханаға алмай, үйде 5 сағат жолда, барлығы 9 сағат көмек көрсетілмей уақыт жоғалтып, адам өлімі болғандығы туралы хабарлаған.
Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің 27.02.2017 қаулысында науқасты дереу госпитализациялаудан бас тарту арқылы Қазақстан республикасы қолданыстағы емдеу және зерттеу стандарттарын сақтамаған, яғни бұндай жағдайда науқасты стационарға шұғыл түрде госпитализациалауды қажет етеді. Осыған орай науқас С.оспанов, 22.06.2016 жылы сағат 13:00-ден 17:00 аралығында дәрігердің динамикалық бақылауынсыз қалған. Бұл уақыт аралығында науқас Тараз қаласынан МРТ өтіп, уақыт жоғалтқан.
2016 жылы 30 желтоқсан жансақтау бөлімінің дәрігері Н.Ибрагимов мас күйінде Д.Құлманбетоваға «подключник» саламын деп 17 жерінен тескілеп, науқас адамды әбден балағаттаған.
Анасы қызының жан дауысы шығып айқайлағанда дәрігердің мас екеніне көзі жетіп, «102»-ге хабарлап учаскелік полиция қызметкерін шақырып, облыстық наркология диспансерлерінде тексергенде алкаголь мөлшері 148% көрсеткен.
Дәлелі бар. Ал осы оқиға жайлы Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Сауруқов пен емдеу ісі жөніндегі орынбасары С.Сұлтанова Облыстық денсаулық сақтау басқармасына, Облыс әкімшілігіне, аудан әкімшілігіне дәрігер Н.Ибрагимов жұмыс орнында мас күйінде болмаған, функционалдық міндетін дұрыс орындаған деген жалған ақпарат берген.
Көмек сұрап барған, асыраушысынан, бауырынан, баласынан айырылған кісілерге, жылап барғанда жан жарасын түсініп, жазылған шағымдарға әділ жауап беретін жүректі адамдар бар ма екен? Осындай жалған ақпараттарға сеніп, шындыққа көз жұма қарап, жылы жабудан жалыққан жоқсыздар ма?
Бас дәрігер А.М.Сауруқов пен емдеу ісі жөніндегі орынбасары С.Сұлтанова адам өміріне деген жауапкершілігінің жоқтығы, қарамағында дәрігерлердің салғырттығынан, қызметтік тәртіп бұзғандарына көз жұмып дұрыс қарамағандығынан адам өмірі бұларға ойыншыққа айналған сияқты. Малың ауырса да көмек береді емессің бе? Адам өмірі бұларға малдан да төмен болғаны ғой? Осындай жалған ақпарат құрбандары: Оспанов С,
Кенже Қ, Қосарова У, Иманбеков Б, Жайшыбекова З, Дауленов С.
Тағы да қанша адамның өміріне жалған ақпарат бересіздер?
Облыстық наркология диспансерінің анықтамасында ішкені 148% көрсетіп тұрса да, Жамбыл ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері А.Сауруқов пен орынбасары С.Сұлтанова дәрігер ішпеген кезекшілікте болған деген жалған ақпарат берген. Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ү.Найманова уйге келіп дәрігерге шара қолданар едім комада жатыр деген еді. Енді ол дәрігер жұмысқа шығып тайраңдап жүр. Неге шара қолданбайды? Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ж.Османов та инсулть алған. Ол не ауру тарихын жаза алмайды, не науқасты қарай алмайды, себебі өзінің денсаулығы мәз емес. Осыны тексеретін адам бар ма екен? Тағы да адам өлімі болмауына кім кепіл? Н.Ибрагимов мынау. Жансақтау қабылдау бөлімінде осындай дәрігерлер жұмыс істейді. Бұлардың жұмысқа жарамдылығы туралы проф потологтан анықтамалары бар ма? С.Сұлтанова қолыңнан келгенін істе. Мен миллиондап ақша беріп жабамын деген. Бұл жемқорлық емегенде не? Бүгінгі күнде Кенже Құрбанайдың соты жүріп жатыр мына суретте С Сұлтанованың қорғаушысын жетектеп қорғанып жүр.
Жамбыл ауданы орталық аурухана басшыларына қоластында жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғап, жалған ақпарат бергендері үшін шара қолданып қызметінен босатуыңызды сұранамыз.
Арыз беруші Аса ауылының тұрғындары:
Кошманова Р
Нүрпейсова З
Көшекова Қ
Орынтаева А



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: