Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: Аксуат Ровд - Жумажанов Рауан (Төрт) | #21040

Жалоба / отзыв
Аксуат Ровд
Жумажанов Рауан (Төрт)

Құрметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал лейтенанты Саденов Ержан Сапарбекұлы Сізге біз Абай облысы Ақсуат ауданы тұрғындары өздеріңіз тағайындаған Ақсуат аудандық полиция бөлімінің жаңа басшысы полиция подполковнигі Жумажанов Рауан Аукеновичтың (Тори) лақап атымен Қазақстанға танымал басшының ақылға қонымсыз, көңілге толымсыз іс әрекеттерін назарыңызға ұсынғымыз келеді.
Ол кісі өзін Ақсуат ауданының қожайынындай сезініп біз сияқты кәсіпкерлерге жұмыс істеткізбей, өзінің қол астындағы қызметкерлерін бізге айдап салып, нақты айтқанда шаруа қожалықтарымыздың техникаларын тоқтаттырып, дүкендерімізге тексерістер жүргізіп, тағы да басқа құйтырқы әрекеттер жасап , өзіне біздің жұмыс істемуізді талап етіп келе жатқаны Қазақстан Республикасының заңдары Ақсуат ауданына қатысы жоқ, тек қана ол кісінің жеке басына жұмыс істетудің бір құралы ретінде пайдаланып отырғандығы жанымызға батып отыр.
Жалпы жоғарыда аталған бастық сымақ өзінің Ішкі істер органдарында қызмет ету жылдарында бір өзінің айлық табысымен 2 этаж үй, ауданда жеңілдікпен салынған аз қамтылған отбасыларға берілген үйден 4 үйді алып алуы, 3 этаж дүкен салуы, өзіне тиесілі ЖШС «Ақсуат» автомектебі, 3 шаруа қожалық, бірнеше автокөліктерді алуы ешқандайда жоғары математикасыз және алгебраның көмегінсіз таза жолмен жетті деп ойлаудың өзі кім-кімның болмасын да көңіліне күмән ұялататыны сөзсіз. Нақтырақ айтатын болсақ бұл кісі өзінің қолы ұзын екенінің таныстарының көп екеніне арқаланып, осы уақытқа дейін ішімдікке тойып алып бірнеше мәрте жол көлік оқиғасын жасап өздеріне өтірік тіркетіп таза болып шығып отырғандығы, және де Ақсуат ауданы Құмкөл ауылына қарасты орманды толығымен отатып ағаштарын шаруа қожалығына қада ретінде тасып алып, тіркелген қылмыстық істіде басқа бір ауылдың азаматының мойнына іліп, өзінің сүттен ақ, судан таза болып шығып отырғандығына таңымымыз бар. Осындай орманды жай бір қарапайым азаматтың отауы және де ауылда жоқ техникаларды алып келіп істеуге азаматтығымен рухы жетті дегенге сенгіміз келмейді.
Сонда осындай орманын отаған, халқын тонаған, аудан тұрғындарына оқытылмаған жүргізуші куәлігін сатқан адамға ауданның ішкі тәртібін сеніп тапсырғандарыңыз Қасқарға қойды тапсырғандықтарыңызба?
Бұл уақытқа дейін ойына келгенін істеседе Жә жә жарар ауылдың баласы ғой, азаматы ғой деп қарап келдік. Арағын қояр ақылы кірер деп бірақ тіпті үсті үстіне үдетіп аудан тұрғындарына өзінің жеке меншік шаруа қожалығындағы малдары сияқты қарауын қояр емес.
Құрметті ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы осы шағымымызды толық қанды қарап, аталған іс-әрекеттер расталмады, атына еш нәрсе тіркелмеген деп «бармақ басты көз қысты қарамай», қолыңызда бар барлық күштерді пайдалана отырып осы азаматтың ақ қарасын шешіп беруіңізді сұраймыз. Осы істің ақ қарасын шешіп, нақты оң бағасын беретініңізге біз аудан тұрғындары толық сенімдіміз.
Осы жолы біз аудан тұрғындары не болсада бұл азамат туралы істің шет жағасын, жай жапсарын ғана өзіңіздің назарыңызға ұсынып отырмыз.
Егер осы іске нақты бір нүктесін Сіздер қоя алмасаңыздар біз аудан тұрғындары ол кісінің былық шылықтары туралы нақты дерек пен дәйектерді ұсына отырып келесі шағымымызды ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының атына жолдайтынымызды ескертеміз.
Бізге жоғалтатын еш нәрседе қалмады, Біздің ауданда халық ашынды, халық ашулы !!!
Құрметпен Абай облысы Ақсуат ауданының тұрғындары.

Дата публикации:

Обидчик: Аксуат Ровд

Страна: Казахстан   Область: Восточно-Казахстанская область   Город: Аксуат
Адрес: Кабеков 20

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс