Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: Маханова Жумаш - Обращение | #21069

Жалоба / отзыв
Маханова Жумаш
Обращение

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал лейтенанты Саденов Ержан Сапарбекұлына
Құрметті Ержан Сапарбекұлы!
Біз, төменде Абай облысы, Ақсуат ауданының бір топ еңбек және ішкі істер органының ардагерлері Сізге арнайы хат жолдап отырмыз.
Сіз ауданымызда жемісті қызмет атқардыңыз, оны Ақсуат халқы біледі және Сізді мақтан етеді.
Сіз Ақсуат елінің ежелден береке мен бірлігі жарасқан, үлкенді сыйлайтын, сөз қадірін ұғатын ел екенін жақсы білесіз.
Алайда, әлеуметтік желілерде жарияланған, жерлесіміз, аудандық полиция бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі Рауан Жұмажанов туралы жарияланған бейнебаяндар бізді бей-жай қалдырмады.
Жумажанов Рауан Әукенұлын ұзақ жылдар ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған, жұмысына адал, іскер азамат екенін жерлестері біледі.Ал, біз ішкі істер органының ардагерлері Рауан Жумажановпен ұзақ жыл бірге қызмет атқарған кезде оның білікті басшы, адамгершілігі мол азамат екенн білеміз.
Рауан Жұмажановтың жары Мәулім Жұмажанова ауданымыздағы белгілі кәсіпкер. Көптеген игі шараларға атсалысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық жасап жүрген жан. Оны Ақсуат тұрғындары біледі.
Бірақ домалақ хат иелері жарының жасаған игі істерін азаматына теліп, жазғандары көңілімізге қаяу түсті. Егер жазғандары шындық болса, өз домалақ хабарларында аттарын неге атап көрсетпейді? Бұл домалақ хат иелерінің көреалмаушылықтарынан туған хат екенін көрсетеді.
Аталған адамгершілікке жатпайтын келеңсіз істің ынтымағы жарасқан, салт-дастүрін берік ұстайтын елдің арасына іріткі салу деп бағалаймыз. “Өсер елдің баласы, бірін-бірі батыр дейтін” елдің балаларының бірін-бірі қаралауы, сыртынан жала-жабуы- болашақ үшін үлкен қатер. Осындай домалақ хаттар талай кінәсіз жандардың жазықсыз жапа шегуіне әкелгені жасырын емес. Бұл жағдай аудан ардагерлерін қатты алаңдатуда. Осыларды ескере келе, Рауан Әукенұлы Жұмажановқа жабылған жалаға шынайы, әділ баға беруіңізді сұраймыз.

Жалоба-отзыв: Маханова Жумаш - Обращение.  Фото №1 
Дата публикации:

Обидчик: Маханова Жумаш

Страна: Казахстан   Область: Нур-Султан   Город: Астана

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс