Жоғарыда аталған мекеме Абай қаласында, Переулок Заводская 10 көшесінде орналасқан. Біздің жан айқайымызды естісін деген мақсатта жазып отырмыз. Барлық сотталғандар тамақ ішетін жерде өріп жүрген тышқандар. Нанның арасында жүгіріп жүрген тышқандар. Ішінде жұмыс жасайтын қызметкерлер ол жерден тамақ ішпейді. Сонда олар адам екен, сотталғандар адам санатына жатпағандық па деген сұрақ?
КДС бөлек әңгіме: қыстай іші көгеріп, төбесінен су ағып жатты. Алыс жерлерден сотталған азаматтар мен азаматшалардың туғандары келіп, екі күн қастарында болады. Оның ішінде кейбір кездері кішкентай бала болады. Сонда дегім келгені, сол адамдардың өмірі, денсаулығы ойыншық болғаны ма? Ішіне жөндеу жұмысына ақша бөлінбей ме? Не болмаса бөлінген ақша қайда кетті?деген сұрақ.
Тамыр-танысы бар сотталғандарға, орысша айтқанда, "зеленый свет" — қолдарында телефон. Осы жерде бәріне ортақ заң қайда? Санчастьқа барсаң, ол жерде өмір бақи дәрі жоқ. Ай сайын демейін, жылына бөлінетін дәрі-дәрмек қайда?
Осы хатты басшылыққа алып, ең әуелі СЭС қызметкерлері тексеру жүргізсе. Жалпы жоғарыдан тексеру неге болмайды, әлде "қарға қарғаның көзін шұқымайды" деген бар ма? СЭС-пен тексерілсін деп талап етеміз. Әйтпегенде президенттің сайтына шығамыз!
0 комментариев