Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: Министерство здравоохранения РК - Алғыс хат! | #5813

Жалоба / отзыв
Министерство здравоохранения РК
Алғыс хат!

Сәлеметсіз бе, Тамара Қасымқызы! Жеңіс мерекесі құтты болсын! Адам өмірін арашалайтын ақ халатты абзал жандардың еңбегіне деген ерекше ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Жақында өзім аса құрмет тұтатын ұстазым өте ауыр халде ауруханаға түскен еді. Өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқан ұстазымды Алматы қаласы жедел жәрдем ауруханасының/БСНП/ жоғары дәрежелі хируругі, бөлім меңгерушісі Якубов Асқарбек Мушкалевич аман алып қалды. Егер ол кісінің жеңіл қолымен жасалынбаған ота болмаса аман қалуы екі талай еді. Қазір зейнеткер, еліміздің ұлағатты ұстазы, менің ұстазым үшін сіңірген еңбегіне дән ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Осындай қарапайым азамат талай адамның өмірін сақтап қалып жатқанына куә болдым. Елімізде ақ халатты жандар көп, бірақ осылай өз қызметін адал атқарып, қарапайым халықтың алғысына бөленіп жүрген азамат жайында алғысымызды білдіре отырып, осындай дәрігерлер көп болса екен деп тілейміз. Алдағы уақытта ел алғысына бөленіп жүрген азаматтың еңбегі тек ел алдын да ғана емес, министрлік жақтан да еленсе екен деп тілейміз. Ол кісі Медицина саласының ебек сіңірген деген атаққа лайық жан. осыны ескерсеңіздер екен. Өз ісінің майталманы Асқарбек Мушкалевичтің әрбір жасаған отаңыз адам өмірі үшін тек сәттілік әкелсін, еңбегіңіз жана берсін, ел алғысына бөленіп, аман жүре беріңіз деп тілейміз. Осындай мамандар үшін Сізге Тамара Қасымқызы ризашылығымызды білдіреміз. Рахмет Сізге!

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс