Мен, Темірғалиев Мирамғали Айтжанұлы Еркінқала ауылының тұрғынымын. 2000 жылы 4 гектар жер алып, содан бері қала халқын көк-өніспен қамтамасыз етуге өз үлесімді қосып келемін. 2013-2014 жылдары жерімді демалтып, 2015 жылға капельный орашениемен салғым келген болатын. Елбасымыздың 2020 бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығын қолдау үшін берілетін жеңілдетілген несие алмақшы болып, осы жылдың ақпан айынан бастап құжаттарымды жинақтаған болатынмын. Сонымен қатар жерімді жырттырып, көк-өніс тұқымдарын егуге дайындап қойған едім. Керекті құжаттарымның барлығын жинақтап, "КАЗ-АГРО-ФИНАНС" -қа тапсырдым. Алайда менің құжаттарымды қабылдағанымен, жеңілдік ақша беруден бас тартып отыр. Осы уақытқа дейін уақытымды зая кетіріп, әуре-сарсаңға салды. Сұраған құжаттарының барлығын тапсырған болатынмын. Бұл менің жұмысымды алға жылжытуыма үлкен кедергі келтірді. Егін шаруашылығын алдағы уақытта дамытып, кәсібімді одан әрі кеңейтуге жұмыстанған болатынмын. Бірақ үкіметтен бөлінген қаражаттан ешбір көмек ала алмағаным қынжылтады. Өйткені, Елбасымыздың өзі ауыл шаруашылығын қолдау керек деп үнемі үндеу тастайды. Ендігі уақытта сізден осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын және осындай кедергілерден шығуға көмегіңізді көрсетсеңіз нұр үстіне нұр болар еді.
1 комментарий