Жалобы и отзывы » Карьера и работа » Жалоба / отзыв: Талғар политехникалық колледжінің басшысы Ж.Т. Кебекбаевтың - Ж.Т. Кебекбаевтың қорлығы | #12567

Жалоба / отзыв
Талғар политехникалық колледжінің басшысы Ж.Т. Кебекбаевтың
Ж.Т. Кебекбаевтың қорлығы

Біз талғар политехникалық колледжінің ұстаздары басшымыз Ж.Т. Кебекбаевтың іс-әрекеттерінің қорлығы өтіп Сізге осы хатты мәжбүрліктен жазып отырмыз. Алты жылдан бері басқарумен кележатқан басшымыз колледжді өзінің жекеменшік колледжіне айналдыруда. Оның басты мақсаты кәсіби білімді жандандыру емес, тек осы колледжді пайдалану арқылы жеке бас пайдасының материалдық жағдайын жасау. Бұл кісі басшылыққа келгелі ойлағаны ақша. әлі күнгі студенттер мен ұстаздардан ақша жинау үрдісі тоқтатылар емес. Ақша жинамай келіспеген ұстаздар қудалауға ұшырайды. Өйткені колледжге тұрмыс жағдайы төмен оқушылар келеді күнделікті жол қаражатын әрең тауып. Оған дәлелдер:
1. Колледж тынысы газеті ешқандай заңмен тіркелмей лицензия алынбай колледжден шығарылады бағасы 300 теңгеден алсаңда-алмасаңда әр оқушыдан және ұстаздардан ақшасын газет редакторы жинап басшыға тапсырады. Ол газет 2 айда бір рет шығарылып отырады.
2. Көктем болса алма ағашының көшетіне деп 800 теңгеден тағы сол студенттермен ұстаздардан жиналады, осы уақытқа дейін колледж ауласына емес бүтін 3 гектар жерге алма көшеті отырғызылатын уақыт болды.
3. Жылда бітіруші түлектерден әр оқушыдан колледжге сыйлық деп тағы ақша жинау, биыл ол ақша 4000 теңгеге көтеріліпті сол ақша үшін басшымыз ұстаздармен «Колледжге сыйлықты өзім сатып әкелем» деп тағы жанжалдасады.
4. Автокөлік жөндеуші слесарь лабараториясын қымбат жабдықтармен қамтамасыз етіп жабдықтады, сондағы мақсаты лабараторияны СТО жасап жалға беріп қойды. Оқушылар өндірістік сабақта лабараторияның маңына да жоламайды тек аула сыпырып, арық қазып қара жұмыстармен өткізеді. Лабаратория мақсатты түрде пайдаланылмай отыр. Оны заңсыз жалға беріп жеке бас пайдасына шешіп отыр. Колледждің айналасына, талғар қаласының үлкен көшелеріне СТО қызмет көрсетеді деген жарнама жазулар ілінуде.
5. Колледж ішінде автомектепке лицензия алынбаған бірақ колледждің кейбір студенттерін мәжбүрлеп жазып ақылы түрде оқытып жатыр аты ғана, іс жүзінде барлығымыз көріп отырмыз әшейін көзбояушылық мүлдем сабақ жүрмейді.
6. Кадр бөлімінде жұмысқа келмей жалақы алатындар Омарбеков Е-зав.лабаратория, Ахметжанов Ш-күзетші, директордың баласы Жұмағалиев А-экспедитор құжаттары тіркелген жалақысы кімге баратыны белгілі. Олардың жұмысқа келмейтінін барлық ұжым көріп отыр.
Колледж тынысы газетінің артқы бетін оқысаңыз бізде көрсетілетін ақылы қызметтер тізімі жазылған, бірақ оның барлығы колледждің бухгалтерлік есеп-қисап бөлімінде кіріс-шығыс дәлелдеме құжаттарымен расталмайды. Ол дегеніміз айдан анық жеке бір адамның қалтасына түсіп отыр. Осы күнге дейін мұғалімдерге оқушылар тіккен постельдерді алуды мәжбүрлеп, одан құтылдықпа десек тағы бір бәлесі дайын тұрады. Басшының ашкөздігі соншалық күнделікті асханада сатылатын пирожкидің ақшасын аспаздардан санап алып отырады екен. Ж.Т.Кибекбаев келгелі колледжге материалдық базаны көтеру және жақсарту мақсатында үкімет тарапынан қаражат жақсы бөлінді, бірақта сол қаражаттар мақсатты түрде орнымен жұмсалған жоқ, оған бәріміз куәміз, ішің ашиды. Биылғы наурыз айының 15-нен бастап колледжге от жағуды мүлдем тоқтатты. Тас бетон ғимараттың ішінде тістеріміз сақылдап бір айдың жүзі болды сабақ 45 минуттан өтуде. Не себепті жылу жүйесі тоқтатылғандығын сұрасақ жағар май жоқ, пеш бұзылып қалды деген әртүрлі сылтаулар айталды, құдай біледі жағармай үнемделіп сатылып жетер жеріне жетіп болған шығар. 2016-17 оқу жылына студенттерді қабылдау кезіндегі жаз айындағы теледидарға шыққан былықты білесіз ол рас. Жылда абитуриенттерді қабылдау тек ақшамен шешіледі. Қабылдау бөлімінде тағы басшымыздың өзі жүреді. Келер жаңа оқу жылында осы дәстүр қайталанады басы қасында өз адамдары жүреді. Сенбесеңіздер 1 курс студенттерінің ата-аналарын шақыртып сұраққа алсаңыз кімге қанша бергенін ашып айтып береді. Колледж ұжымымен 2 жыл болды ұжымдық келісімшартқа отырған жоқ келісімшартсыз жұмыс істеудеміз. Жылда жаңадан келген мамандар сағат алу үшін басшыға жеке кіріп белгіленеді де, артынан қалың конверт сыйлағандарын және оны ұялмай алды деп сөз етіп отырады. Конверт бергендер жақсы нагрузка сағат алады, бермегендерге барға қанағат жасаңдар деп жыл соңына дейін қудалауда жүреді. Ең сорақысы директор жұмыс орнында спирттік ішімдікпен жанжал жасаған ұстаздарды уақытша жұмыстан шығарып қайта қабылдауды әдетке айналдырды. 2014-2015 оқу жылында қазан айында арақ ішіп жұмыс орнында жанжал жасаған Абсеитов Б, Исаев Қ, Құндызбаев Қ үшеуін жұмыстан шығарып, артынша он күннен кейін Б.Абсеитовты қайта жұмысқа алған. Сол сорақылық тағы қайталанып 2017 жылдың 7 наурыз күні денешынықтыру мұғалімі Қ.Рысбаевты жұмыс орнында спирттік ішімдікпен жан-жал шығарғаны үшін жұмыстан шығарып, қайтадан 10 сәуір күні жұмысқа қабылдады. Қ.Рысбаев колледждің бас есепшісі М.Малғараеваның күйеуі, бас есепші қалың конверт сыйлаған ғой, ол бізде қалыпты жағдай қайталана береді түк болмағандай басшы да мұғалім де жұмыста жүр. Кәсіптік білімге еңбектері сіңген ардагер зейнетке шыққан ұстаздар шындықты айтамыз деп басшыға жақпай жұмыстан кеткен олар Р.Тазабекова, Т.Умбетжанов, С.Дуншебаев, Оразалиев Қ олардың орнына жас маман алудың орнына сырттан келген зейнеткерлер Т.Бейсембин, А.Нұрқайдаровты жұмысқа алуда. Колледжде төрт жыл қатарынан зейнеткерлікке шықса да жұмыс істеп келе жатқан зейнеткерлер жеткілікті. Ештене бермеген зейнеткер Оразалиев Құйдайберген сияқты зейнеткерсің деп жұмыстан қуылады. Осы кезде басшымыз өзін және өзімен қоса оншақты зейнеткерлер жүргенін ұмытып қалады. Ұжымды сыйлаудан қалған, әр жиналыс бізде мұғалімдерді қорқытумен өтеді, Ж.Т.Кебекбаев өзінің қызметін асыра пайдаланып менің бұйрығым талқылауға жатпайды. маған қарсы шыққандарға бұл колледжде орын жоқ, менде жұмыс сұрап келген адамдардан алдымда 60 резюме жатыр, кеткен адам орнына замен табылады деп қоқан лоқы көрсетеді. Мен колледжді көтердім деп кеудесін соғады, өзін телдидарға түсіртіп жалған сөйлейді. Көтерген түгі жоқ қираған колледжді одан әрі қиратып қызметіне рахаттануда. Кейбір мамандықтар бойынша материалдық база жоқ, жетіспейді. Сыпайы педагогикалық этикамен сөйлеуді ұмытқалы қашан. Мұғалімді еңбегіне қарап бағалауды білмейді, өсек-аяң, сөз жинап, бәле іздеп отырады өсек сөзбен бағалайды. Ондай ұрыс керісті әсіресе әйел мұғалімдермен айтысып-тартысып қудалағанды жаны сүйеді. Ұялмай тұтас ұжым алдында мен әлі осы колледжды бес жыл басқаратын болам дейді. Ол кісі келгелі кейбір мұғалімдер на нервной почве заработали болезнь. Кәсіби білім беру сыртта қалып тек параның нағыз ордасы болды.
Құрметті Минстр шара қолдануыңызды өтінеміз. Аты жөнімізді ашып жазсақ қудалаудың құрбаны болудан қорқамыз. Ешқандай мұғалім өзінің адал нанын тауып отырған жұмысынан айырылғысы келмейді. Бізді де түсініңіз.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс