Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: МЕДИЦИНСКИЙ ЦЕНТР РГП ГМУ Г. СЕМЕЙ (ОБЛ. БОЛЬНИЦА) - Порфирия - менің балама шығарылған үкім бе? | #4681

Жалоба / отзыв
МЕДИЦИНСКИЙ ЦЕНТР РГП ГМУ Г. СЕМЕЙ (ОБЛ. БОЛЬНИЦА)
Порфирия - менің балама шығарылған үкім бе?

Менин кызым Исаин Махаббат 21 жаста, осы жылдын тамыз айында Семей каласынын №2 перзентханасында босанган болатын. Махаббатка баланын теріс келіп тұруына байланысты кесарева сечение (баланы операциямен кесіп алу) жасалды. Босанганнан кейін қызым жұбайымен Аксуат ауданынын Қызыл-Кесік ауылында турып жатты. Сол кезден бастап кызымнын денсаулыгы курт томендеп, белинин катты ауыратыннына шағымданып журді. Бірақ жергілікті ауылдын дәрігерлері тиісті көмек көрсете алмағандықтан Махаббатты 3 ай да болмаған баласымен қараша айынын 07-нен бастап Семей қаласына дәрігерлік тексеруден өткізу үшін алып келдім. Дуйсенбі, 10 қараша күні Махаббат кешке жакын катты ауырып мазасызданып ыстығы көтерілгеннен кейін жедел-жәрдем шақырдық. Жедел-жәрдем 1 сағат уақыт өткеннен кейін бірақ келді. Белі мен арқасынын, кеуде тұсынын қатты ауыратынын айттық. Тіпті өз аяғынан жүре алмай қалды. Махаббатты гинекологиялық тексеруден өткізгеннен кейін Семей қалалық "Почечный центрға" алып келді. Анализдарын тексергеннен кейін буйректе қабыну бар деп дәрі-дәрмекке назначение жазып беріп "бүйрек ауырғаннан бұлай жүре алмай қалуы мумкін емес" деп уйге қайтарып жіберді. Ертеңінде тағы осы жағдай қайталанып қызым адам шыдамайтын қатты аурудан жанын қоярға жер таба алмай айғайлап жылай берді. Тағы жедел-жәрдем шақырдық, ыстығы да көтеріліп кетті.Жедел-жәрдем шақырдық.Тағы почечный центрға апарды. Тағы анализдарын алып, Махаббатты ауруханаға жатқызатын болды. Біз дәрігерлерге Махаббаттын жүрегінін айнып құсып тұрғанына және кіші дәретінін бірнеше күннен бері әдеттегідей емес қып-қызыл түсті болып тұрғанына назар аударуларын өтіндік. Олар бүйректін қабынуынан болар деп қоя салды. Ауруханаға түскеннен кейін қатты ауруға шағымданған сайын қызыма ауруды тыныштандыратын дәрілерді бастырмалатып сала берді. Бирнеше күн өтсе де қатты ауру тиылмады. 15 қараша сенбі күні уйқыға жатар алдында Махаббатқа тағы да ауруын тыныштандыратын укол жасады. Сағат түнгі 12-лер шамасында қызымнын демалысы қиындап бірінші рет судорожный приступ болды, қан қысымы 140-қа дейін көтеріліп кетті. Сол күннен бастап Махаббатты жан сақтау бөліміне жатқызды. Сол жерде арқасына томография да жасалды, бірақ ешқандай өзгерістің жоқ екенін, бәрінін дұрыс екенін айтты. Жан сақтау бөлімінде де жатып қайта-қайта судорожный приступ бола бергеннен кейін тағы да томографияға (МРТ) жіберді. МРТ-нын қортындысында Махаббаттын бірнеше омыртқасында сынық бар екені анықталды. Компрессионный перелом позвоночника (патологический перелом) деген қортындыға келді. Себебін табу үшін лейкоз бен парад гормонга анализ алды. Екеуінін де қортындысы жақсы болып шықты. Бірақ омыртқалардағы сынық не себептен болды? Махаббатты "почечный центрдын" жан сақтау бөлімінен обл.больницанын нейрохирургиясынын жан сақтау бөліміне ауыстырды. Осыдан кейін тексере келе Махаббаттқа острая перемежающаяся порфирия деген диагноз қойылды. Махаббат ауруханаға түскеннен кейін 11-ші күн дегенде диагнозы анықталды-ау әйтеуір. Бірақ диагнозы анықталғанмен Махаббаттын жағдайы жақсармады. Байғұс қызым содан бері осы уакытка дейін есін жимады. Өздігінен демала алмайды, тыныс алуы қиын, тек аппаратпен тыныс алады. Дәрігерлер жағдайы өте ауыр дегеннен басқа ештене айта алмай отыр. Порфирия деген диагноз менін қызыма шығарылған үкім болғаны ма? Бұндай диагнозбен ауыратын адамдар сирек кездеседі екен, ауру адамнын орталық жүйке жүйесі мен миын, тыныс алу жолдарын зақымдайды. Бұл ауруға шалдыққан адам кез келген уакытта катты ауырып калуы мүмкін екен. Дәрігерлер ауруды дер кезінде анықтап тиісті емін дер кезінде қолданған жағдайда қызымнын жағдайы соншалықты төмендемес еді. Қайта қайта болған "судорожный приступтардан" омыртқалары да сынбас еді. Диагнозын анықтағанша жиі-жиі жасаған ауруды тыныштандыратын уколдарынын барлығы дерлік қызымнын дертін одан сайын қоздырып жіберіпті (диклофенак, анальгетиктер, противосудорожные т.б... Біздің заманымызда осындай порфирия деген ауру сирек кездескені үшін менің қызым өмірімен қоштасуы керек пе екен? Порфириямен ауырған адам міндетті түрде өлуі керек пе әлде? Әлде дәрігерлер Бронхит, ОРВИ, ОРЗ-дан баска ауруларды дөп басып анықтай алмайтын жағдайға жеткен бе? Неге? Дәрігерлердің ауруға деген бейқам жайбарақат қарым-қатынасынан адамдар өле беруі керек пе сонда? Қазыр Махаббаттын жағдайы өте төмен. Тиісті ем қолданып жатырмыз дегенмен жағдайы жақсармады. Қызымнын осындай ауыр халде жатқаны дәрігерлердің білімсіздігі мен салғырттығынын кесірінен деп білемін. Қазірде тәжірибелі дәрігерлер өте аз, көбінін медициналық білімі таяз. Менің осы хатымдағы жан айқайыма назар салып қарастырып тиісті шарасын қолданасыздар деген үмітемін.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс