Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Поликлиники » Жалоба / отзыв: Медициналық қызмет көрсету сапасы | #4325

Жалоба / отзыв
Медициналық қызмет көрсету сапасы

Сәлеметсіз бе, құрметті Салидат Зекенқызы! Менің сіңілім Мухтарова Жанат Есимжановна Астана қаласында Сауран көшесі 12/1 үй 418 пәтер мекенжайы бойынша 2010 жылы 14 мамырда тіркелген. Жанаттың ЖСН: 026006431. 2014 жылдың 4 қыркүйегінде Астана қаласының №4 емханасының Гепатологиялық орталығына (дәрігер Оразбаева А.Б) кезекті қан тапсыруға қажетті рұқсат қағазын алуға барғанда: сіз біздің мәлімет қорымызда жоқсыз. Сіз Алматы облысының бір ауылының мәлімет қорында тұрсыз. Біз сізге қызмет көрсетпейміз - деп жауап беріп, осы мәселені өзіңіз шешкеннен кейін келерсіз - деп қоя берген. Жанат Есимжановна Алматы облысында ешқашан болып көрген жоқ. Сонда ол туралы мәлімет Алматы облысының бір ауылының мәлімет қорында қалай пайда болды? Осы мәселемен мекенжай бойынша бізге медициналық қызмет көрсететін "Шипагер" медициналық ұйымының тіркеу бөліміне бүгін 6 қыркүйекте барғанда да дұрыс жауап ала алмаған. Сонда бұл сұраққа жауапты кім береді және берілген мәселе қалай шешіледі?

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс