Жалобы и отзывы » Безопасность » Жалоба / отзыв: ДЧС Актобе - Жалобы на руководство ДЧС Актюбинской области | #21149

Жалоба / отзыв
ДЧС Актобе
Жалобы на руководство ДЧС Актюбинской области

Құрметті ТЖМ министрі Шыңғыс Арынов мырза!
Сізге Ақтөбе облысының ТЖД басшы құрамына тиісті шара қолдануыңызды сұраймыз! Әсіресе ТЖД бастығының орынбасары полковник Жанабергенов Айбат Сергеевич мырзаға! “ӨСжәнеАҚЖҚ” РММ жеке құрамы 1 ай шамасында күн сайын жұмыста тұрғын секторларды аралап профилактикалық жұмыстар атқарып бастады. Негізі бұндай жұмыстарды жылыту маусымында өткізілетін еді, енді күнде күнде шығып жүрміз. Жеке құрам шаршады тиісті 3 күн демалыста демалдырмайды. Алдында су тасқыны деп үй көрмей жқмыста болдық енді су тасқыны басылғалы тұрғын секторды қосып қойды ендігі маусым айында суға түсу маусымы басталады соғанда адамдарды суға түсуге болмайтын жерлерден таңнан кешке дейін қуып жүреміз. Егерде сол жерлердің бірінде адам суға батып кетсе кезекшілікте кім болды соны жазалап сөгіс жариялайды! Тұрғын үй секторны аралаудағы мәселе де солай өрт шықса тұрғын секторда оғанда солай сөгіс береді! Қазіргі кезде жеке құрамның тең жартысы Атырау қаласында су тасқынымег күресуде. Күнделікті жауынгерлік қызметте адам өте аз үлкен өрттер болған кезде НАГРУЗКА ТҮСЕДІ ТИІСТІ 3 күнімізде демалғымыз келеді! Ал полковник Жанабергенов болса меня это не волнует деп жүр. Жеке құрамды адам есебіне санамайды. Төзіміміз таусылды! Бізді қолдайтын қорғайтын басшы жоқ, болса да қызметтік лауазымын асыра сілте пайдаланып бачып тастайды! Біздің ең басты міндетіміз ӨРТ СӨНДІРУ! Үй аралау шомылатын жерлерде күзету емес! Арамызда суға түсе алмайтын адамдар да көп олар суға кетсе кім жауапты? Жеке құрамға бәрдеңе болсы ТЖД басшылары бастарын алып қашады қауіпсіздік ережелерін сақтамады деп өздерін жазалайды! Сосын айта кетеін жәйт мейрам күндері күшейтілген режимге жеке құрам ауыстырылады, сол кезде демалып жатқан жеке құрамды ОПЕР ГРУППА ДЕП бөлімге байлап қояды сағат таңғы 08:00 ден 21:00 ге дейін. 21 :00 ден кейін бірдеңе болса шақыртып алады! ӨЗІҢІЗ БІЛЕСІЗ ТАМАҚ ЖАҒЫ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН! Қазіргі кезде азық түлік қымбат айлығымыздың тең жартысы тамағымызға кетеді. Оны ешбір басшы құрам ойламайды! Ақшалай премия болса ТЖД басшылары қызметкерлері бірінші болып алып алады да жеке құрамға жетпей қалады! Кабинетте отырып түк бітірмей алады ал біз болсақ қыста сол департаменттің қарын тазалаймыз одан қалды субботник ауласын тазалаймыз. Дкпартамент қызметкерлері ештеме жасамайды! ҚҰРМЕТТІ МИНИСТР МЫРЗА ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ПРОБЛЕМАЛАДЫ ШЕШІП БЕРУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ! Құрметпен Ақтөбе өаласы “ӨС және АҚЖҚ” РММ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ!

Дата публикации:

Обидчик: ДЧС Актобе

Страна: Казахстан   Область: Актюбинская область   Город: Актобе

Категория: Безопасность

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс