Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: Ақтөбе ТЖД - Департамент бастығы Оразалинге | #21304

Жалоба / отзыв
Ақтөбе ТЖД
Департамент бастығы Оразалинге

ҚР ТЖМ министрі Ш. Әріновқа
Министр мырза, Ақтөбе облысына қандай басшы тағайындалды? Келген сәттен бастап тек тексеріспен айналысуда! Бөлімдерде шаң қарап, кір іздеуде. Қазіргі уақытта барлық өрт сөндіру бөлімдері бастықтың тексерісінен кейін ғимаратты жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Күнделікті кезекшілікке келіп тек жөндеу жұмыстарын атқарып жатырмыз. Барлық жөндеу материалдарына жеке құрам болып өз қалтамыздан ақша шығарып жатырмыз. Су тасқынына қатысқан үшін 200.000 тг берді, алайда тек жеке құрамның 40% алған болар, сол ақшаны жинап бөлімге материалдар алып жатырқ. Жауынгерлік дайындық атымен алды, разнорабочийлар сияқты таңнан кешке дейін көз ашпайтын хоз.работа болып кетті. Одан бөлек ТЖД басшылығы бөлімдерді жетісіне екі рет тексеріп кетеді, қандай жұмыс атқарылып жатырғаны туралы. Қырғын тапсырмалар беріп кетеді, ананы істеу, ананы сырлау қажет деп, бірақ дым қаражат бөлінбейді. Қыркүйек айында министр келеді, соны дұрыстап қарсы алу керек деп көзбояушылық жасап жатырмыз. Бұл сұмдық қашанғы бітеді? Негі осылай жаңа басшылық келсе хоз.работа істеп кете береміз? Кезекшіліктен шығып водоемға, обход жилого сектораға барамыз өз демалыстарымызда. Сосын бөлімге қайта жинайды, кеше бастық келіп кетті тексеріспен, хоз.работа үлгермей жатыр көмектесіндер деп. Неге жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінбейді екен, неге біз өз ақшамыздан жасаймыз? Оразалин мырза соны біледіғой, бөлімдер өз ақшасына жасап жатқанын, сондада тексерістермен қайта қайта келеді. Министр мырза өрт сөндірушілердін жан айқайын естуінізді өтінеміз!!!

Дата публикации:

Обидчик: Ақтөбе ТЖД

Страна: Казахстан   Область: Актюбинская область   Город: Ақтөбе

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс