Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Чем занимается Акимат??? | #3954

Жалоба / отзыв
Чем занимается Акимат???

Қайырлы күн! Біз Астана қаласының іргесіндегі "Лесная поляна" тұрғын алқабында тұрамыз. Тұрып жатқанымызға екі жылдай болды. Негізгі мәселеміз "су мәселесі". Соңғы кездері судың берілмеуі жиілеп барады, негізгі себебі белгісіз. "Қосшы суға" хабарлассақ, оларға электр энергиясының берілуі тоқтатылыпты, электр энергиясына қарыздары бар екен. Мәселемізді "ШЕШКІЗУ" үшін, арқа сүйеп, мемлекеттік мекеме, елдің тағдырын "ОЙЛАЙТЫН" жергілікті әкімдікке хабарластық. Алған жауабымыз аймағымызда ауыз су "жетпейді" екен. Анығын айтсақ судың қоры таусылыпты. Мәселені "ӘКІМІМІЗ" енді қолға алыпты. Су мәселесі "ЕНДІ қолға алынып" (СУ МӘСЕЛЕСІ БІЗДЕ БҰРЫННАН БЕРІ), жаңадан жобалар қарастырылып, келесі жылдың жоспарына енгізіліпті. Айтайын дегенім, Әкімшіліктегі мамандар, әкіміміз бұрыннан бері қайда қарап отыр? келесі жылға қалдырғандары несі? Су жетпейтін болса, жаңадан үйлер салуға неге рұқсат береді? күннен күнге көшіп келушілер саны артуда... су қажеттілігі артуда... түсінгеніміз суға - сумен каматмасыз ететін мекеме жауапты, жылуға - жылумен қамтамасыз ететін мекеме, электроэнегрияға тағы басқа мекеме жауапты... СОНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМДІКТІҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАНДАЙ??? таңертең барып, кешке келіп, айлығын алып, "келесі жылдың жоспарында" деп жүре беру ма?

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс