Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Другое » Жалоба / отзыв: Аксуат - Жумажанов (тори) | #21179

Жалоба / отзыв
Аксуат
Жумажанов (тори)

Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мырзаға !!!
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генарал лейтенанты Сәденов Ержан Сапарбекұлына !!!
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры
Жұмағали Асхат Жұмағалиұлына !!!
Біз Ақсуат ауданы тұрғындары Сіздерден аты шулы басшы Ақсуат АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Жумажанов Рауан Әуекеновичті
Абай облысы ПД
Өзіндік қәуіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің анықтаған фактісі , яғни 04.03.2024 жылы сағат 19:00 шамасында
Р.Жумажановтың өзінің қызмет орнында алкоголь ішіп отырған жерінен ұстағандығы, алайда осы қызметкердің өзіне лайықты тиісті жазасын алмай тайраңдап жүргендігі , Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан деген ұғымдарға қарама қайшылық екенін нақ байқап отырмыз.
Сонда аудандағы беделді басшының өзі осындай іс-әрекеттер жасап, ойына келгенін істеп жүргенде, біз қалған ол кісінің қол астындағы қызметкерлерінен не қайыр? Не үміт күтеміз?
Осы кісіге сонда Абай облысы ПД басшылығының , Ішкі істер министрлігінің , күш қауһары жетпегенгіма?
Әлде бұл кісінің ақшасының кез келген органды да, кез келген басшыны да сатып алуға жеткендігіма?
Бұны қалай түсінуге болады?
Жалпы осындай Халқын тонаған, орманын отаған, опасыз қызметкердің алдағы Президенттің бақылау аттестациянан қалай сүрінбей өтпектігіне қайран қаламыз …
Атап айтатын болсақ бұл кісі 2012 жылы ШҚО ПД тапсырған аттестацияда өз орнына физикалық дайыдығын тексеруде өзінің досын кіргізіп жүгіртіп басқа да нормативтерді тапсыртқандығы, ал тестты сатып алғандығын өзінің әріптестерінің аузынан естіген болатынбыз,
Әлде осы жолғы аттестацияда орнына басқа адамға тапсыртып, бума-бума ақшасымен шешіп өте бермек па?
Жалпы бұл кісінің аудан көлемінде жүргізушілерді жүргізуші куәлігенен айырып айына отметка алып жүргізіп осы істі бизнесқа айландарғандығы , өзінің ішімдікке тойып алып үнемі жол көлік оқиғасын жасап қаққан немесе соққан адамдарына ақша беріп шешіп жүре беретіні , жұмыста айналасына туған туысын жинап алуы, аудан көлемінде ойнатылатын үлкен үлкен тендерлерді подставной лицолардың атымен ұтып алып жасауы,
Автошколасынан қымсынбай жүргізугі куәлігін сатқандығы немесе жүргізуші куәлігін оқыту кезінде оқыту алаңы арнайы автокөлігі болмаса да, оқыды деген сертификатты әйелінің атына тіркелген Автомектебінен сатуы бұл кісінің жалпы “Заң” , “Әділдік”, “Халық” деген ұғымдарға түкіргендігі бар екенін байқаймыз !!!
Жалпы осы кісіні ақтап алуларыңызды сұрап, жақтап хат жазған бір қатар аудан тұрғындары бар …
Егер аталған азаматтардың айтылғандары шын болса, ақиқат болса, осы азаматтармен азаматшалар Р.Жумажановпен бірге және өздерімен Абай облысы ПД өкілін қатыстырумен аудан тұрғындарымен
ашық жиналыс өткізіп халық алдында нақты дерекпен дәйекке сүйеніп
Салық органы қызметкерлерімен бірге Р.Жумажановтың
Сүттен-ақ
Судан-таза
екенін дәлелдеп берулеріңізді сұраймыз.
Және халықтың ашық ой пікірін тыңдаңыздар Миллионер басшы жайында.
Құрметті басшыларымыз,
Ел қалаулыра,
Сіздерден сұрарамыз аталған азаматты өз жөніне
лайықты орнына жіберулеріңізді сұраймыз!!!
Оған сіздердің күштеріңізде,
Кәуһарларыңызда жетеді !!!
Бұл өмірдің сынағынан сүрінбей халықты алдап өткенменен,
Алдағы өмірде бұл кісінің ол варианттары өтпейтінін бәріміз біліп тұрмыз !!!

Дата публикации:

Обидчик: Аксуат

Страна: Казахстан

Категория: Здоровье и медицина / Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс